Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет34/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Байланысты:
Қазақстан тарихы

 
1. Соғыстың басталуы және жауға қарсы тойтарысты ұйымдастыру. Бүкiл Батыс 
Еуропаны жаулап алған фашистiк Германия 1941 жылы 22 маусымда елең-алаңда екi ел 
арасындағы шабуыл жасаспау туралы 1941 ж. 23 қыркүйектегі шартты бұзып, Кеңестер 
Одағының  батыс  шекарасынан  әскери  шабуылын  бастады.  Cоғыс қимылдары Баренц 
теңiзiнен  Қара  теңiзге  дейiнгi  аралықтағы  жерлерде  өрiстедi.  Cол  күнi  Кеңес  үкiметi 
басқыншыларға  қарсы  күреске  көтерiлiп,  социалистiк  Отанды  қорғауға  Үндеу  тастап 
ол:”  Бiздiң  iсiмiз  әдiл.  Жау  талқандалады.  Бiз  жеңiп  шығамыз”,-  деген  сөздермен 
аяқталды. 
 
Негiзгi  тарихи  құжаттарда  басқыншылардың  билеушi  топтарының  мақсаты 
Атлантикадан  Сiбiрге  дейiн  славян  және  түрiк-моңғол  тұқымдас  “жабайылардан” 
тазартылған  герман  аймақтық-этностық  тұтастығын  құрудың  шешушi  кезеңi  және 
әлемдi  жаулап  алудың  алғышарты  деп  санады.  Ағылшын  елi  мен  АҚШ-ты  тiзе 
бүктiргенге  дейiн  және  “тұтастыққа”  немiстердi  қоныстандырғанға  дейiн  өзiн-өзi 
басқаратын Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру белгiлендi. 
1941  ж.  аяғында  -  1942  ж.  басында  “қауырт”  соғыстың мүмкiн еместiгiне көзi жеткен 
герман  билеушiлерi  ендi  Кеңес  республикларының  бiрлiгiн  әлсiретудiң  жолын 
iздестiрдi.  Мiне  осы  кезде  Едiл-Жайық  және  Гросс-Түркiстан  буржуазиялық-ұлт 
мемлекеттерiн,  сондай-ақ  Қарағанды,  Новосiбiр  және  Кузнецк  “индустриялық 
облыстарын” құру жоспарын iске асыруға күш сала бастады. 


 
158 
 
Қазақстан Ұлы Отан соғысына бiртұтас елдiң құрамдас бөлiгi ретiнде қатысып, 
оның барлық ауыртпалығын, қайғысы мен қуанышын бүкiл Кеңес елiнiң халықтарымен 
бiрге  көтердi.  Соғыс  қарсаңында  Қазақстанның  стратегиялық  маңызы  мол  табиғи 
қорлары мен сапқа тұратындай адамдары болды. Бүкiл елмен бірге Қазақстан да азаттық 
соғысқа бiр кiсiдей жұмыла көтерiлдi. Майданға өз ерiктерiмен баратындықтары туралы 
әскери  комиссариаттарға  мыңдаған  арыздар  түсiп  жатты.  Жастар,  аға  буын  өкiлдерi 
қолдарына қару алып, майданға аттанып жатты.  
 
6,2 млн. қазақстандықтардың (1939 ж. санақ бойынша) соғыс жылдары 1,2 млн. 
cоғысушы әскерлер сапына тұрды. Майданға және қорғаныс өнеркәсiбiне әрбiр төртiншi 
қазақстандықтармен  қатар    соғыс  кезiнде  бiздiң  елiмiзге  зорлап  көшiрiлген  адамдар 
жiберiлдi.  Мобилизациялаудың  мұндай  жоғарғы  деңгейi  негiзiнен  экономиканың 
аграрлық  сипаты,  халықтың  арасында  шаруалардың  үлес  салмағының  басымдылығы 
және  ауыр  өндiрiстiң  қорғаныс  саласына  жұмысшы  күшiн,  ауыл  шаруашылығында 
механизаторларды  брондау  iсiнiң  кеш  енгiзiлуi  себеп  болды.  Cоғыстың  алғашқы 
күндерiнде-ақ  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстiк  Қазақстан,  Қырғызстан  жiгiттерiнен  316 
атқыштар дивизиясы құрылып, оның қолбасшылығына азамат соғысынан мол тәжiрибе 
алған  генерал  М.В.Панфилов  тағайындалды.  Cоғыстың  бастапқы  үш  айының  iшiнде 
238, 310,  314, 387, 391 дивизиясы құрылды.      
 
Қазақстандықтар  12  атқыштар  және  төрт  атты  әскер  дивизияларын,  жетi 
атқыштар  бригадасын,  әскер  түрлерiнiң  50-дей  жеке  полктерi  мен  батальондарын 
жасақтады. Cоғыс жылдары Қазақстандағы 27 әскери оқу орындарында 16 мың офицер 
кадрлары және армия мен флот үшiн мыңдаған резерв даярланды. 1941-1945 жж. әскери 
оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандықтар жiберiлдi. 
 
Республиканың  экономикасы  әскери  жұмыс  кестесiне  көшiрiлдi.  Бейбiт 
мақсаттарға бөлiнетiн қаржы мейiлiнше қысқартылды, көптеген кәсiпорындар қорғаныс 
өнiмдерiн  шығара  бастады,  жұмысшы  күшi,  шикiзат,  техникалық  құралдар  мен 
жабдықтар майданға қажеттi қару-жарақ т.б. өнiмдердi шығаруға бейiмделдi. 
 
Қазақстанға  майдан  шебiнен  тұрғындар,  өндiрiс  кәсiпорындары  және  мәдени 
байлықтар  қоры  көшiрiлiп,  оларды  жергiлiктi  жерде  орналастыруда  елеулi  қиындықтар 
болды.  Батыс  аудандардың  530  мыңнан  астам  тұрғыны,  970  мыңдай  жер  аударылған 
немiстер,  поляктар  Қазақстанның  түпкiр-түпкiрiне  орналастырылды.  Сондықтан, 
соғысқа  дейiнгi  болған  тұрғын  үй  проблемасын  шешу  бұл  кезде  тiптi  қиындап  кеттi. 
Мысалы,  1940  ж.  қалаларда  әрбiр  адамға  5,1  шаршы метр тұрғын орыннан келсе, бұл 
көрсеткiш соғыс жылдары 4,3 шаршы метр болды, ал Қарағанды қаласында 2,2 шаршы 
метрден ғана келдi. 
 
2
Қазақстандықтар  соғыстың  алғашқы  күндерiнен  бастап  өздерiнiң 
ерлiктерiмен,  отансүйгiштiктерiмен  танылып  жанқиярлық  ұрыс жүргiздi. Даңқты Брест 
қамалын қорғаушылардың қатарында, мыңдаған қазақстандықтар арасында Ғ.Жұматов, 
Ш.Шолтыров,  Қ..Иманқұлов,  З.  Маджанов,  Е.А.Качань  жаумен  жан  аямай шайқасып, 
ерлiк  көрсеткен.  Қазақстандықтар  жау  әскерлерiмен  Лиепая,  Перемышль,  Мурманск, 
Одесса,  Севастополь,  Сталинград  түбiндегi,  Украина,  Белоруссия,  Кавказ  т.б. 
майдандарда жанқиярлықпен соғысты.  
 
Соғыстың  бастапқы  кезiнде  фашистiк  Германияның  экономикалық  күш-қуаты, 
әскер  саны,  қару-жарақ  т.б.  көрсеткiштер  бойынша  Кеңес  елiнен  басым болды. Оның 
бiрнеше  себебi  болды.  Бiрiншiден,  Германия  ғылым  мен  техниканың  соңғы 
жетiстiктерiне  сай  қаруланған,  Еуропаның  басып  алған  елдерiнiң  бүкiл  экономикалық-
әскери  қуатын  пайдаланған  және  соғыс  жүргiзуден  бiршама  тәжiрибесi  болды. 
Екiншiден,  тұтқиылдан  жасалған  шабуылға  Кеңес  әскерлерi  дереу  әзiр  болмады. 
Үшiншiден,  Кеңес  әскерiн  қайта  құру,  қаруландыру  толық  ақталмаған  және  ол  тиiстi 
дәрежеде  өтiп  үлгермеген.  Әскерлердiң  қару-жарағы  ескiрген,  тиiмсiз,  техникамен 
жабдықтау  жағынан  да  Герман  әскерiнен  кейiн  қалған  болып  шықты.  Төртiншiден, 
1939-1940  жылдардағы  армия  басшылары  арасындағы  қуғын-сүргiн  кезiнде  Қызыл 
Армияның белгiлi  қолбасшылары, орта буындағы офицерлерi ұсталып, атылды.       
 
Қазақстандықтардың  жауынгерлiк  даңқы  әсiресе  Мәскеу  түбiндегi  шайқаста 
айқын  көрiндi.  Мұнда  майор  Бауыржан  Момышұлы  басқарған  316  дивизия 
құрамындағы  1073  ұлан  атқыштар  полкi  жау  шабуылына  дивизияның  басқа 
бөлiмдерiмен  бiрге  ерлiкпен  тойтарыс  бердi.  (Б.Момышұлы  1990  жылы  Кеңес 


 
159 
Одағының  Батыры  атағына  ие  болды).  Қысқа  мерзiм  iшiнде  бұл  дивизияның 
жауынгерлерi жаудың бiр танк, екi жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316-шы дивизия 
ерлiгi  мен қаhармандығы үшiн 1941 жылы 17 қарашада оған 8-шы ұлан атағы берiлдi. 
 
Ұлы  Отан  соғысындағы  бетбұрыс  болған  Сталинград  түбiндегi  шайқаста  да 
бiздiң  жерлестерiмiз  өздерiнiң  отан сүйгiштiгiн көрсете бiлдi. Қазақстанда қалыптасқан 
38-шi  атқыштар  дивизиясы  Сталинград  түбiндегi  шайқастың  негiзгi  ауыртпалығын 
көтерген 64-шi армияның (қолбасшысы М.С.Шумилов) құрамында болды. Бұл шайқаста 
гитлершiлердiң  өте  ауыр  соққыға  ұшырауы  екiншi  дүние  жүзiлiк  соғыстың  бүкiл 
барысына  шешушi  ықпал  жасады.  Елiмiзде  құралған  әскери  құрамалар  Курск  иiнiнде, 
Днепр,  Ленинград,  Шығыс  Еуропа  елдерi,  Берлин  үшiн  шайқастарға  да  қатысып 
жанқиярлықпен  соғысты.  
 
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа да белсене қатысты: Украинада-1500, 
Ленинград  облысында-220,  Белоруссияның  әр  түрлi  аудандарында  әрекет  еткен  65 
партизандық  бригадалар  мен  шоғырларда  1500-ден  астам  жерлестерiмiз  болған. 
Партизандық  қозғалысқа  ерлiкпен  қатысқан  Ғ.Ахмедьяров,  Ғ.Омаров  В.Шарудов, 
Қ.Қайсенов, ¤.Шәрiпов, Ж.Саин т.б. есiмдерi ел құрметiне ие болды. 
 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  көрсетiлген  ерлiктерi  үшiн  мыңдаған 
қазақстандықтар  Кеңес  Одағының  жоғары  белгiлерiмен  марапатталды.  497 
қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, ал олардың 97-i қазақ ұлдары 
болатын.  Батырлар  қатарында  қазақтың  қос  аруы  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк 
Маметованы ерекше атап кеткен жөн. Ұшқыштар Т.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, 
С.Д.Луганский бұл атаққа екi мәртеден ие болған. 
 
Қазақстандықтар  Екiншi  дүниежүзiлiк соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы тiрегi 
Жапонияны,  оның  миллион  санды  Квантун  армиясын  талқандауға  қатысты.  Бұл 
майданда  да  қазақстандықтар  ерлiгiмен,  жанқиярлық  батылдығымен,  ал  бiршамасы 
құрбан болып елiмiзге жеңiстi алып бердi. Жалпы бұл соғыстағы жеңiс Кеңес Одағына 
қымбатқа  түстi.  Елдiң 30 миллионға жуық адамы қаза болды, оның iшiнде 400 мыңнан 
астамы қазақстандықтар едi. Осы соғыстан алған сабақтар мен қорытындылар ешқашан 
ұмытылмауы  керек.  Соғыстардың  iшiндегi  ең  ауыры  және  осы  Ұлы  жеңiсi  адамзат 
баласының кейiнгi  дамуына ықпалын тигiзiп  келедi. 
 
Экономиканы  соғыс мүддесiне бейiмдеу және оның нәтижелерi.   Ұлы 
Отан 
соғысындағы  жеңiстiң негiзi әрине майданның сұранысын уақытында және қажеттiлiгiн 
өтеп  отырған  тылға,  соның  iшiнде  Қазақстан  сияқты  аграрлы-индустриалды  аймаққа 
байланысты  болды.  Соғыстың  бiрiншi  күнiнен  бастап  елiмiздiң  экономикасын  соғыс 
мүддесiне бейiмдеп қайта құру мiндетi ашық және анық қойылды. Берiк тыл жасау және 
бүкiл  республиканың  экономикасын  соғыс  қажетiне  ыңғайлап  қайта  құру  ең  маңызды 
мiндет  болды.  КСРО-ның  еуропалық  бөлiгiндегi  өнеркәсiп  кәсiпорындарын  жаппай 
шығыс  аудандарға  көшiруге  байланысты  1941  жылдан  бастап  елiмiздегi  ауыр  және 
жеңiл өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығындағы ұжымдардың маңызы шексiз өстi. Соғыс 
жылдарында  түстi  металлургия,  көмiр  және  мұнай  өнеркәсiп  саласының,  сирек 
кездесетiн  металдар  шығаратын  зауыттардың  өнiм  шығару  мүмкiндiктерiн  арттыруға 
тура  келдi.  Ол  үшiн  қысқа  мерзiм  iшiнде  аталған  салалардың  жұмысы  соғысқа 
бейiмделiп қайта құрылды. 
 
1941  жылғы  16  тамызда  БОКП  (б)  Орталық  Комитетi  мен  КСРО  Халық 
Комиссарлары  Кеңесi  Поволжье,  Орал,  Батыс  Сiбiр,  Қазақстан  және  Орта  Азия 
аудандары  үшiн  1941  жылдың  IV  тоқсанына  және  1942  жылға  арналған  әскери-
шаруашылық  жоспарын  бекiтiп,  жүзеге  асыру  туралы  директивалық  мiндеттер 
қабылдады.  Оқ-дәрiлер,  түрлi  соғыс  техникасын  және  әскери  жабдықтар  өндiрудi  тез 
ұлғайтумен  бiрге  жаңа  әскери-шаруашылық  жоспары  металлургия,  көмiр  және  ауыр 
индустрияның  басқа  да  шешушi  салаларының  көлемiн  ұлғайту,  стратегиялық  шикiзат 
өндiрiсiн  ерекше дамыту мiндетiн қойды.  
 
Қысқа  мерзiм  iшiнде  елiмiздiң  экономика  салаларының  барлық  буындарын 
соғысқа  бейiмдеп  қайта  құру  бағытында  билеушi  партия  басшылығы  мен  үкiмет 
орындары нақтылы саяси-ұйымдастырушылық шаралар қабылдады. Барлық жерлерде, 
барлық  салада  қызметкерлердiң  еңбек  демалыстары  тоқтатылып,  жұмыс  күндерiнiң 
уақыты  ұзартылды.  Халықты  азық-түлiк  және  өнеркәсiп  тауарларымен  мөлшерлеп 
жабдықтау  тәртiбi  енгiзiлдi.  Танктер,  ұшақтар, артиллерия қондырғыларын және басқа 


 
160 
қару-жарақ  түрлерiн  жасаудың  ұлғайтылуы,  түстi  және  сирек  металдар  шығаруды 
барынша  арттыруды  мейлiнше  талап  еттi.  Балқаш  мырыш,  Шымкент  қорғасын 
зауыттары, кендi Алтайдың өнеркәсiп торабы, қорғаныс өнеркәсiбiнiң мұқтажына арнап 
түстi металдар өндiру қарқынын арттырды. Республикада брондық және сапалы болат 
шығару  үшiн  аса  қажеттi  молибден,  марганец,  вольфрам,  никель  және  басқа  соғыс 
құралдарына  керек  металдар  өндiру  игерiлдi.  1941  жылдың  қарашасының  бас  кезiнде 
елiмiзде алғашқы Балқаш молибденi шығарылды. 
 
Соғыстың  қиын-қыстау  жылдарында  шикiзаттың,  отынның,  мемлекеттiк 
қаржылардың  барлық  қорлары  қатаң  есепке  алынды.  Тауар  түрлерiн  халықтың  түрлi 
топтары  бойынша  бiр  орталықтан  жабдықтау  және  бөлу  жүйесi  енгiзiлдi.  Азық-түлiк 
қорларын  халыққа  толық  және  үнемдеп  беру  мақсатымен  айрықша  қажеттiлiгiне 
байланысты бақылау-есеп және карточка бюролары құрылды, өнеркәсiп тауарларына да 
карточкалар енгiзiлдi. 
 
Елiмiздiң ауыл шаруашылығы да соғысқа бейiмделiп қайта құрылды. Әркiм жан 
аямай жұмыс iстеуге мiндеттi болды. Соғыстың бастапқы кезеңiнде 60 жастан асқан бiр 
қолхозшыға бейбiт 1940 жылдың кезеңiндегi орта есеппен бiр айдағы тиесiлi 5,5 жұмыс 
күнiнiң  орнына  10  жұмыс  күнi,  ал  бiр  жас  жеткiншекке  9,4  жұмыс  күнi  келдi.  Ауыл 
шаруашылығына  арнап  әйелдердiң механизатор кадрларын даярлайтын қысқа мерзiмдi 
курстар мен мектептер желiсiнде 1941 жылдың қыркүйегiнде 53,3 мың адам оқыды. 
 
1941  жылдың  орта  шенiнде Қазақстанға эвакуацияланған (батыстан көшiрiлген) 
халықтың  алғашқы  легi  үстi-үстiне  келе  бастады,  ал  осы  жылдың  аяғында  олардың 
жалпы саны 386,5 мың адамға жеттi, олардың үштен бiрi балалар едi. Орасан көп және 
жедел  қарқынмен  халықтың  көшiп  келуi  оларды  орналастыруға  байланысты  белгiлi 
қиыншылықтар  туғызды.  Жергiлiктi  билеушi  партия  және  Кеңес  орындары 
эвакуацияланған  халықты  Қазақстанның  облыстары  мен  аудандары  бойынша 
қоныстандырды,  оларды  азық-түлiк  өнiмдерiмен  және  ең  қажеттi  бұйымдармен 
жабдықтауға бақылау орнатты. 
 
Республикаға  жүздеген  мың  адамның  келуi  экономика  салаларындағы  еңбек 
қорының  жетiспеушiлiгiн  бiршама  толтырды.  Егер  1943  жылы  жұмысшылар  мен 
қызметшiлер  саны  1940  жығымен  салыстырғанда  елiмiз  бойынша  тұтас  алғанда  38 
процентке  кемiген  болса,  Қазақ  КСР-iнде  эвакуация  есебiмен  келгендер  есебiнен  ол 7 
процентке артты. 
 
КСРО Ғылым Академиясының салалық институттары, Украин КСР-iнiң бiрқатар 
ғылыми  мекемелерi  және  Кеңестер  елiнiң  бiрқатар  оқу  орындары  да  Қазақстанға 
орналастырылды.  1941-1944  жылдары  академиктер  В.И.  Вернадский,  Н.Д.Зелинский, 
С.Г.  Струмилин  т.б.  Қазақстанда  еңбек  еттi.  Олар  қорғаныстық  маңызы  бар 
проблемаларды зерттеудi бiр сәт тоқтатпай, өздерiнiң iзденiс жұмыстары арқылы жауды 
жеңу iсiне көмектесу үшiн барлық интеллектуалдық күшiн аямай жұмсады. 
 
Республикаға  майдан  шебiнен  1941-1942  жылдары  142  кәсiпорын  көшiрiлiп 
әкелiндi.  Алматының  бiр  өзiнде  ғана  34  зауыттың,  фабрика  мен  цехтың  жабдықтары 
орналастырылды.  Олардың  iшiнде  Луганск  паровоз  жасау  зауытының  бiр  бөлегi 
(АЗТМ),  Карачар  механикалық  зауыты,  Харьков  вагон  жөндеу  зауыты  және  басқа 
кәсiпорындар  бар  едi.  Воронеж  машина  жасау  зауытының  жабдықтары  Шымкентке, 
ферросплав  зауытының  жабдықтары  Запорожьеден  Ақтөбеге,  Луганск  машина  жасау 
мен  Подольск  цемент  зауыттарының  жабдықтары  Қарағандыға  және  т.б.  жерлерге 
орналастырылды. 
 
Қазақстанға  26  жеңiл  және  14  тоқыма  өнеркәсiп  ұжымдарының  жабдықтары 
келдi. Қостанайға Херсон аяқкиiм фабрикасы, Петропавлға Харьков, Семейге Осташков 
былғары  зауыттары  орналастырылды.  Бiрқатар  жеңiл  өнеркәсiп  орындары  басқа 
қалаларға  тұрақтады.  Эвакуцияланған  үш  фабрика  негiзiнде  (Киев,  Азов және Артем) 
Семей аяқкиiм фабрикасы құрылды. 
 
Cоғыс  болып  жатқан  жерден  халықтарды  көшiрумен  қатар,  бүлгiншiлiкке 
ұшыраған  аудандардың  ауыл  шаруашылығының  материалдық  ресурстарын  да  өзге 
аймақтарға дереу алып кетуге мәжбүр еттi. Кеңес Армиясының бөлiмдерi амалсыздан 
кейiн  шегiнген  кезде  ауыл  шаруашылық  жабдықтарын,  малды  елдiң  iшiне  қарай 
жылжытты.  Малдың  басым  көпшiлiгi  Батыс  Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарына 
қарай айдалды. 1941 жылы республиканың Батыс облыстарына Украинаның Запорожье, 


 
161 
Полтава,  Кировоград,  Одесса,  Николаев  және  басқа  өңiрлерден  елiмiздiң  Батыс 
аймақтарына 76,6 мың iрi қара, 50,6 қой және 5902 жылқы айдап әкелiндi. 1942 жылдың 
аяғына дейiн Қазақстанға барлық түлiктен 552,7 мың мал эвакуацияланды. 
 
Cоғыс  жағдайы  ғылым  мен  мәдениеттiң  дамуына  елеулi  елеулі  кедергілер 
келтірсе  де  Қазақстан  үшiн  бұл жылдардың өзiне тән ерекшелiгi болды. Тiптi олардың 
кейбiр  салалары  мен  бағыттары  шапшаң  қарқынмен  дамыды.  Билеушi  партия  мен 
үкiмет  тарапынан  ғылыми  мекемелер  құруға,  сондай-ақ  оларға  кадрлар  қатарын 
толықтыруға үнемi көңiл бөлiнiп  отырды. 
  Елге  түскен  соғыс  ауыртпалығын  түсiну,  жинақылық,  қатал  тәртiп  пен  зор 
ұйымдастыру-саяси шаралар арқасында Қазақстан соғыс арсеналының бiрiне айналды. 
Қарағанды  шахтерлерi  төрт  жыл  iшiнде  34  млн.  тонна  көмiр  шығарды.  Бұл  көмір 
бассейннiң бүкiл тарихында шығарғанынан 3 млн. тонна артық едi. Орал-Жем мұнайлы 
ауданының  кәсiпорындары  сұйық  отын  шығаруды  39  процентке  арттырды,  электр 
қуатын  өндiру  екi  есе  өстi.Республика  мыс  (35%),  қорғасын  (85%)  өндiрудегi  жетекшi 
орынын  сақтап  қалды.  Осымен  бiрге  зерттелген  кенiштердiң  қоры  негiзiнде  металдар 
шығару, байыту, балқыту кәсiпорындары  - Шығыс Қоңырат молибден, Жездi марганец, 
Дөң  хромит  кенiштерi,  Ақшатау  молибден-вльфрам,Текелi  полиметалл  комбинаттары 
және  т.б.  салынды.  Республика  молибденнiң  одақтық  көлемiнiң  60%,  металл 
висмутының  65%,  полиметалл  шикiзаттарының  79%  бердi.  Бұл  нәтижеге  жетуге 
жұмысшылар мен мамандар. Б.Аймуханов, Б . Cмағұлов, В. Дементюк, А.Казаков, Д.А. 
Косых,  Д.А.Қонаев,  М.А.Лукьянов,  А.Сафин,  А.М.  Сиразутдинова,  Г.Хайдин  және 
олардың шәкiрттерi үлес қосты. 
1941-1945  жж.  барлығы  460  зауыт,  фабрика,  кенiш,  шахта  және  жеке  өндiрiстер 
салынды. Жалпы алғанда республикада өнеркәсiп өндiрiсi соғыс жылдарында 37% өстi, 
бұл соғыс алдындағы төрт жылдағы өсiмнен 2% жоғары. 
Республиканың ауыл шаруашылығы соғыстың жеңiспен аяқталуына қомақты үлес 
қосты, бұл салада жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек еттi. Әскер қатарына 
шақырылған ерлердiң орнын негiзiнен әйелдер мен жеткiншектер басты. Олар соғыстың 
аяғына қарай көптеген қолхоздарда жұмыс iстеп жүргендердiң 70-80 процентiн  құрады.  
Тiптi құрғақшылық болған 1943 жылдың өзiнде Ақтөбе облысы Ойыл ауданының 
звено жетекшiсi Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнiм алып, дүниежүзiлiк рекорд 
жасады.  Қызылорда  облысы  “Авангард”  колхозының  звено  жетекшiсi  Ы.Жақаев 
күрiштiң  гектарынан  172  ц.  өнiм  алып, дәл сондай табысқа жеттi. Қаскелең ауданы III 
интернационал  колхозының  звено  жетекшiсi  М.Мухамедиева  қызылшаның  гектарынан 
600  ц.  өнiм  алды,  ал  Атырау  облысы  Қызылқоға  ауданының  “Ақ  киiз”  қолхозының 
бөгет  құрылысшысы  Абзал  Сарбасова  күнделiктi  тапсырмасын  үш-төрт  есе  асырып 
орындаған. 
Соғыс  жағдайында  қажеттi  ең  аз  күш  пен  қаржы  жұмсау  арқылы  денсаулық 
сақтау, халыққа бiлiм беру және мәдениет пен ғылым мекемелерiнiң жүйесi сақталынып 
дамыды. Жаралылар мен ауруларды уақытында қатарға қосумен қатар, сүзек және басқа 
жұқпалы  аурулардың  шығуына  және  таралуына  жол  берiлмедi.  Бұрынғы  соғыстарда 
мұндай шығындар соғыс майданында мерт болғандардан көп болғаны мәлiм. 
Бiлiм саласының жағдайы да қатал бақылауда және нақтылы қамқорлықта болды. 
Мектептер жүйесi аса көп өзгерген жоқ, ал оқушылар саны тек қана ауылдық жерлерде 
азайды,  118  техникумнан  92-сi  сақталды,  бiрақ  оқушылар  саны  389  адамға  артты. 
Cоғысқа дейiнгi 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуi қосылды, оларда оқитындардың 
саны  бiр  жарым  есе  өстi.  Мәдениет  мекемелерiнiң  75%-ке жуығы сақталып қалды, ал 
қалғандарында өндiрiстiк орындар мен емдеу госпиталдарға берiлдi. Кiтапханалар саны 
екi есе қысқарып, ондағы кiтап қоры үштiң бiрiндей  мөлшерде азайды. 
Республикада  театрлардың  саны  бұрынғы  күйiнде  қалды,  олардың  жұмысында, 
сол  сияқты  жоғары  оқу  орындарының  қызметiнде  жергiлiктi  шығармашылық  күштер 
мен  эвакуацияланған  Ресей  және  Украина  өнер  қайраткерлерiнiң  ынтмақтастығы 
арқасында  тамаша  жетiстiктерге  қол  жеткiзiлдi.  Әсiресе  кино  өнерiнде  елеулi 
жаңалықтар  болды.  Алматыға  Мәскеу  және  Ленинград  киностудияларының  келуiне 
байланысты Алматы деректi фильмдер студиясы қайта құрылды. Майдан мен тылдың 
батырлары  туралы  Ж.  Жабаев,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Д.Снегин,  И.Шухов  сияқты 


 
162 
көрнектi  жазушылармен  бiрге  Б.Бұлқышев,  Қ.Жармағамбетов,  Ж.Молдағалиев,  С. 
Мәуленов, С.Сейiтов т.б. жас шығармашылық өкiлдерiнiң еңбектерi дүние көрдi. 
Осы  жылдары  Қазақстанның  ғылымы  ерекше  дамып,  болашақ  жетiстiктерге 
даңғыл  жол  ашылды.  Соғыстың  екiншi  жылында  ғалымдар  халық  шаруашылығына 
маңызды  150  тақырып  бойынша  ұсыныстар  мен тұжырымдар бердi. Әсiресе геология 
саласында ауқымды жаңалықтар болды. Пайдалы қазбалардың 500-дей кенiшi ашылып, 
150  кенiш  зерттелiп,  олардың  бiразы  өндiрiске  қосылды.  Соғыс  жылдарында 
республикада  12  ғылыми  институт  және  олардың  филиалдары  ашылып,  ғылыми 
қызметкерлердiң  саны  шамамен алты есе өстi. Мұның бәрi КСРО ҒА қазақ филиалын 
Қазақ  КСР  ҒА-сы  етiп    қайта  құру  үшiн  алғышарт  жасады,  ол  1946  жылдың 
маусымында аяқталды. Оның тұңғыш  президентi белгiлi геолог, академик Қ.И.Сатпаев 
болды.  Ол  Жезқазғанның  қойнауын  зерттеп  сол  арқылы  пайдалы  кендердi  iздеудегi 
алдын-ала болжаудың концепциясын  жасаған болатын. 
Ғылымның  дамуында  республикалардың  ынымақтастығы  елеулi  рөл  атқарды. 
Қазақстанда Мәскеудiң, Ленинградтың, Киевтiң және КСРО-ның басқа қалаларының 20-
дан  астам  ғылыми  мекемелерiнiң  ұжымдары  мен  академиктер  И.П.Вернадский, 
В.А.Обручев,  А.М.Панкратова,  А.А. Скочинский және басқа зерттеулерi дүние жүзiне 
мәлiм ғалымдар жұмыс iстедi. 
Жапонияның  тiзе  бүгуiмен  Кеңес  Одағының  Ұлы  Отан  соғысы  және  екiншi 
дүниежүзiлiк  соғыс  аяқталды.  Сөйтiп,  адамзат  фашистiк-милитаристiк  диктатураның 
дүние жүзiне үстемдiк жүргiзу қаупiнен аман қалды. 
3.  Ел  тарихында  1946-1950  жж.  КСРО  халықтарының  бейбiт  құрылысқа  көшiп 
халық  шаруашылық  салаларын  қалпына  келтiру  кезеңi  болып  жазылған.  Экономиканы 
бейбiтiшiлiк  жағдайға  бейiмдеп  қайта  құру, еңбекшiлердiң қоғамдық-саяси белсендiлiгi 
жағдайында  жүргiзiлдi.  1945  жылдың  қазанында  Алматыда  республиканың  25 
жылдығына  арналған  Қазақстан  Жоғарғы  Кеңесiнiң  мерекелiк  сессиясы  болып,  оған 
туысқан республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, еңбек озаттары, 
ғылым  мен  мәдениет  қайраткерлерi  қатысты.  Осы  мерекеге  орай  5304  адам  түрлi 
мемлекеттiк құрметтi белгiлермен марапатталды. 
1946  жылы  18  наурызда  қабылданған  төртiншi  бесжылдыққа  арналған  жоспар 
бойынша  соғыстан  зардап  шеккен  аймақтарды  қалпына  келтiру,  өнеркәсiп  пен  ауыл 
шаруашылығын  соғыстан  бұрынғы  бағыты  бойынша  iске  қосу,  өнiм  өндiру  қарқыны 
мен  көлемiн  ұлғайтып  едәуiр  асып  түсу  мiндетi  белгiлендi.  Осы  құжат  бойынша 
Қазақстан экономикасын одан әрi дамытуға ерекше стратегиялық мән берiлдi. Мысалы, 
жоспарда  халық  шаруашылығын  соғыстан  кейiн  құруды  1946  жылдың  аяғына  қарай 
аяқтау қажет деп көрсетiлдi. 
1948  жылы  республикада  ауылдар  мен  селоларды  жаппай  электрлендiру 
жұмыстары  басталды.  Сөйтiп, төртiншi бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 
совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрлендi. Селолық электр станцияларының 
қуаты  1945  жылмен  салыстырғанда  2,8  есе  артты. Республикада төртiншi бесжылдық 
кезеңiнде егiс көлемi бiр миллион гектардан асып, дақылдардың шығымдылығы артты. 
1950 жылы астықтың жалпы түсiмi 1940 жылғы көрсеткiштен 89 процентке асып түстi. 
Iрi қара малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өстi. Малдың саны, соның ішінде 
iрi  қара 27 пайыз, қой мен ешкi 70 пайыз, жылқы 71 пайызға көбейдi. 
Халық  шаруашылығын  қалпына  келтiру  жылдарында  елде  жарық  көрген 
шығармалардың  басым  көпшiлiгi  Ұлы  Отан  соғысы  оқиғаларын  сипаттады. 
Ғ.Мүсiреповтың  “Қазақ  солдаты”,  Ә.  Нұрпейiсовтың  “Курляндиясы”  сияқты 
шығармаларда  қазақстандық  жауынгерлердiң  жоғары  адамгершiлiк  қасиетi,  жеңiс 
жолындағы  күресте  көрсеткен  ерлiгi  бейнелендi.  Осы  жылдарда  М. Әуезовтың “Абай 
жолы”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” сияқты көптеген шығармалары жарық көрдi. 
“Абай”  қойылымы  үшiн  Қазақ  академиялық  драма  театрының  ұжымы  КСРО 
Мемлекеттiк сыйлығын алды. 
Музыка  мәдениетi  өрлеу  жолында  болды.  М.  Төлебаевтың  “Бiржан-Сара”,  А. 
Жұбанов пен Л. Хамидидiң “ Абай”, Е. Брусиловскийдiң “Дударай”, Қ. Қожамияровтың 
ұйғыр  тiлiндегi  “Назгум”  опералары сол жылдарда алғаш рет қойылды. “Бiржан-Сара” 
операсына КСРО Мемлекеттiк сыйлығы берiлдi.  


 
163 
1946  жылы  республикада  ғылым  академиясы  құрылып,  оның  президентi  болып 
көрнектi  ғалым,  академик  Қ.И.  Сәтбаев  сайланды.  Осы  жылдарда  Қарағанды  және 
Семей  медицина,  ¤скемен  педгогикалық,  Семей  малдәрiгерлiк-зоотехникалық, 
Қарағанды  кен  институттары  ашылды.  Cонымен  бiрге  Гурьев  (Атырау),  Қарағанды, 
Қостанай,  Петропавл,  Шымкент  мұғалiмдер  институттары  педагогикалық  жоғары  оқу 
орны болып қайта құрылды. 
Жалпыға  бiрдей  жетiжылдық  бiлiм  беру  туралы Заң одан әрi жетiлдiрiлдi. 50-шы 
жылдардың басында Қазақстанда жалпы бiлiм беретiн 9 мыңдай мектеп, 125 техникум 
мен  арнаулы оқу орындарында 1,5 млн. жастар оқыды. Осы жылдары оқу орындарына 
ғимарат  салу,  олардың  оқу-материалдық  базасын  толықтыру,  мәдениет мекемелерiнің 
жұмыстарын жетілдіру iсiне көп көңiл  бөлiндi. 
1945  жылы  КСРО  Қарулы  Күштерi  демобилизациялау  нәтижесiнде  республика 
өндiрiс  салаларын  188,2  мың. адам толықтырып, олар еңбекке  кiрiстi. ¤неркәсiпте сегiз 
сағаттық  жұмыс  күнi  қайта  енгiзiлдi.  Соғыс  кезiнде  енгiзiлген  тәртiп бойынша жұмыс 
уақытынан тыс мезгiлде еңбек етуге тиым салынды. Жұмысшы, қызметкерлерге ақылы 
демалыс  берiлетiн  болды.  ¤неркәсiп  саласын  дамытудың  соғыстан  кейiнгi 
бағдарламасына  сәйкес болат прокатын, цемент, қара  және түстi металлургия, тау-кен 
өнеркәсiбi  үшiн  құрал-жабдық  шығару  шаралары  белгiлендi.  Қара  және  түстi 
металлургия  дамып,  мұнайлы  кәсiпорындар  iске  қосылды.  Мұнай  шығару  соғысқа 
дейiнгi  деңгейден  52  процент,  электр  энергиясын  өндiру  2,3  есе  өстi.  Құрылыс 
материалдарын  өндiру  артты,  цемент  өндiрiсi  пайда  болды.  Темiржолда  тепловоздар 
енгiзiле бастады, автомобиль тас жолдарының жүйесi ұзарды, әуе, өзен-су қатынастары 
дамыды.    
1946-1950  жылдарда  Қазақстанның  әлеуметтiк  топтар  құрамында  елеулi 
өзгерiстер  болды.  Тұңғыш  рет  қоғамдағы  жұмысшы  кадрлар  саны  634  мыңға  жетiп, 
саны  және  өндiргiш  саладағы  рөлi  жағынан  алға шықты. ¤неркәсiп жұмысшыларының 
елеулi  бөлiгi  машина  жасау,  металл  өңдеу,  отын,  тамақ  және  жеңiл  өнеркәсiбiнде, 
Қарағанды мен ¤скемен iрi кәсiпорындарында,  темiр жол және Гурьев-Маңғыстау мұнай 
құбырларында iстедi. Елдегi жұмысшылардың құрамында көп ұлттық сипат алу процесi 
тереңдедi.  Соғыстан  кейiнгi  бесжылдықтың  тапсырмалары  бiрталай  көрсеткiштерден 
мерзiмiнен бұрын орындалды. 
Мемлекеттiк  әлеуметтiк-мәдени  шараларға  жұмсалатын  қаржы  жылдан-жылға 
өсiп  отырды.  Республиканың  мемлекеттiк  бюджетi  бойынша  осы  мақсаттарға 
жұмсалған  шығын  соғыс  жылдарынан  екі  еседен  астам  өстi. 1947 жылы желтоқсанда 
ақша  реформасының  жүргiзiлуi  мен  карточка  жүйесiнiң,  азық-түлiк  және  өнеркәсiп 
тауарларын  тұтынуды  шектеудің  жойылуы  халықтың  тұрмыс  дәрежесiнiң  артуында 
маңызды рөл атқарды. 
Осы  кезде  нанның,  ұнның,  макаронның  және  жарманың  бағасы  10-12  процентке 
арзандатылды.  Азық-түлiк  және  өнеркәсiп  тауарларына  комерциялық  баға  жойылып, 
неғұрлым  төмен  бiрыңғай  мемлекеттiк  баға  енгiзiлдi.  Әсiресе  1950    жылы  бағаның 
төмендетiлуi  айтарлықтай  болды:  астық  өнiмдерi  мен  ұнның  бағасы  21-30  процентке 
дейiн,  етке  және  ет  өнiмдерiне  20-25  процентке  дейiн  төмендетiлдi.  Еңбекшiлердiң 
жалақысы  өсiп  олардың  тұрмыс  жағдайлары  бiршама  жақсарды.  Мемлекеттiк  және 
кооперативтiк кәсiпорындар  мен ұйымдардың тұрғын үй салуға күрделi қаржы жұмсауы 
1946-1950  жылдарда  4,1  есе өстi. Қабылданған түрлi шараларға қарамастан тұрғын үй 
мәселесi  және  басқа  халықтың  күнделiктi  өмiрiмен  тығыз  байланысты  проблемалар 
Кеңес мемлекетiнiң бүкiл тарихында шешiлмей қала бердi. 
 
Бесжылдықта  республикада  стационарлық  аурухана,  емхана  және  санаторий-
профилакторий  мекемелерiнiң  жүйесi  едәуiр  кеңейiп,  оларда  жылына  1,4  млн.  адам 
емделiп-сауығынуына  мүмкiндiк  алды.  Дәрiгерлер  саны  1950  жылы  6,4  мыңға  жеттi. 
1940  жылы  әрбiр  он  мың адамға 4,3 дәрiгерден келсе, 1950 жылы 9,5 дәрiгерден келдi. 
Балалар мекемелерi, бала бақшалары мен яслилер жоспарлы түрде салына бастады. 
  Cонымен,  Кеңес  халқымен  бiрге  қазақстандықтардың  қаhармандық  еңбегi 
негiзiнде  халықтың  материалдық  жағдайы  төртiншi  бесжылдықтың  аяғына  қарай 
соғысқа дейiнгi жылдарға қарағанда әлдеқайда биiкке көтерiлдi. 
 
Он бесінші  дәрiс. 


 
164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет