173
Тың игеру әлеуметтiк жағынан бiрсыпыра жаңа құбылыстарды туғызды. Ол
Қазақстанда кең көлемдегi әлеуметтiк және өндiрiстiк құрылымдар жасауда, бұл өңiрде
жаңа iрi елдi мекендердiң пайда болуына, бұрын болмаған әлеуметтiк-мәдени және
этностар араласқан аймақтар қалыптасуында орасан зор рөл атқарды. Тың игеру
барысында миграциялық (көшiп келу) құбылыстар да кең орын алды. Көшiп келгендер
есебiнен бұл аймақтардың халқының саны 1,7 есе өстi. Бұл өңiрлерге Ресейден,
Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан көшiп келгендер басым болды. Солтүстiк
Қазақстанда халықтың тығыздығы бiр шаршы шақырымға екi есе өстi, мұның өзi сол
кезде оң құбылыс деп саналғанмен, кейін еліміздің демографиялық ахуалына да әсер
етті . Көптеген жағдайда патриоттық /ұран желісіндегі/ көшi-қон республикада
жергiлiктi этностың үлес санының 30 процентке дейiн төмендеуiне алып келдi. Осының
салдарынан қазақ халқының: менталитетiне, мәдениетiне, тiлiне, оның этностық
болашағына керi әсер ететiн басқа құбылыстар етек алды.
Жалпы алғанда, 1950-1970 жылдары ауыл шаруашылыында бiраз игiлiкті iстер
тындырылды. Елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық тарихында 60-шы жылдардың екiншi
жартысы ерекше iз қалдырды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өсiмi 28 процент
құрады, ал колхоздар мен совхоздардағы еңбек өнiмдiлiгi, алдыңғы бесжылдықпен
салыстырғанда, 1,8 есе өстi. Бiрақ ауыл шаруашылығында басталған реформа аяқталмай
қалды. Оның басты себебi қолданылған шаралардың тиiмдiлiгi ойдағыдай болмай,
саладан көзделген тиiмдiлiк және нақтылы өciм алынбады.
Аса өткiр сын тұрғысынан қарасақ та ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихында 60-
70 жылдар өзіндік орыны бар кезең. Осы кезде республикада ұлттық табыс 63 процент,
ол жан басына шаққанда 48 процент, айлық еңбек ақының орташа мөлшерi 25
процентке артты. Төменгi және орта мөлшердегi ақы төленетiн қызметкерлердiң
жалақысы өсiрiлдi. Колхозшылардың табыстары көбейдi. Кәсiпорындарда бес күндiк
жұмыс аптасы енгiзiлуiнiң зор әлеуметтiк маңызы болды. Ол жұмысшылар мен
қызметкерлердiң еңбек жағдайларын жеңiлдеттi, олардың мамандығы мен бiлiмiн
жетiлдiруге көп мүмкiндiктер жасады, еңбектi неғұрлым тиiмдi ұйымдастыруға
жәрдемдестi. Бiрақ 60-шы жылдардың басында мәдениеттiң дамуында қарама-
қайшылықтар пайда болды. Мәдениет саласындағы ұланғайыр жасалған жұмыстар мен
жетістіктер әкімшіл-әміршіл идеологияның талабы және бағдарламасына сәйкестірілген
әдістік жолдармен жүргізілді.
Қазақстан билеушi органдары мен буындарының жұмысында да елеулi
кемшiлiктер орын ала бастады. ¤ркөкiректiк, менсiнбеушiлiк, басшылардың қатардағы
еңбек адамдарының құқтарын аяққа басушылығы, орынды сын-ұсыныстарға мән
бермеушiлiк, басқарушылық қызметке тағайындауда жершiлдiк пен ағайын туысқандық
сияқты жат көрiнiстердiң етек алуы қоғамда сенімсіздік пен сыбайластық
психологиясын туғызды. Сөйтіп, Қазақстанда да тоқырау және тежеу құбылыстарына
кең жол ашылды.
Он алтыншы дәрiс.
Достарыңызбен бөлісу: