Қазақстан тарихы


XVI - XVII ғғ.  ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ



Pdf көрінісі
бет9/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
Қазақстан тарихы

XVI - XVII ғғ.  ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ,  
  ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ. 
 
Ж о с п а р ы. 
 
 
1. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының геосаяси жағдайы. Жетi Жарғы. 
 
2. Қазақ-жоңғар ұрыстары және оның салдары.  
 
3. Қазақ-орыс қатынастары ерекшелігі. 
 
Семинар жоспары: 
 
1.  
Қазақ жерлерінің  Ресей құрамына енуінің негізгі  шарттары. 
2.  
Кiшi  Жүз  (1731  ж.)  және  Орта  Жүз  (1734  ж.)  қазақтарының  Ресей  құрамына  енуi: 
әдiстерi мен кезеңдерi. 


 
38 
3.  
Абылай ханның өмірі  мен саяси-әскери қызметі. 
4.  
Жоңғар хандығының күйреуi және Қазақстандағы саяси-әлеуметтiк ахуал. 
 
Реферат тақырыптары
 
1.  
XVIII ғ. қазақ-қытай қатынастары жәйі. 
2.  
Абылай хан: мемлекет қайраткерi, әскери қолбасшы және дипломат. 
3.  
Кiшi  және Орта Жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына енуi. 
4.  
Қазақ халқының жоңғар жаугершіл саясатына қарсы күресi. 
5.  
Орыс-қазақ қатынастарының дамуы және патша үкiметi жүргізген отаршыл саясаты. 
6.  
Қазақстандағы XVII ғ. саяси-әлеуметтiк ахуал. 
 
¤зiндiк жұмыс сұрақтары: 
 
1.  
XVII ғ.Қазақ хандығының сыртқы саясатының негiзгi бағыттары. 
2.  
Тәуекел, Жәңгiр және Тәуке хандардың билiк құрған жылдары. 
3.  
Қазақ хандығының Ресеймен дипломатиялық қатынастары қай жылы басталды? 
4.  
XVII ғ. екiншi  жартысындағы жоңғарлар шабуылының күшеюу себебi неде? 
5.  
Қазақстан мен Орта Азия хандықтары ара-қатынастары ерекшелігі. 
6.  
Жоңғар мемлекетi әлсіреуiнiң  негiзгi  себептерi. 
7.  
Жоңғар шапқыншылығына  қарсы азаттық күресте аңыз болған батырлар. 
8.  
Әбiлхайыр және Абылай хандар қай жылдары билiк құрды? 
9.  
Кiшi  Жүз бен Орта Жүз хандықтары қай жылдары Ресейге тәуелді болды? 
10. 
“Тархан“ атағының мазмұны. Алғаш рет бұл атақ кімге берілген? 
 
Ә д е б и е т т е р: 
 
1.  
Қазақ КСР тарихы, 5-томдық, 3-томы. -Алма-Ата, 1982. 
2.  
Қазақ КСР тарихы, 2-томдық 1-том. -Алма-Ата, 1949. 
3.  
Қазақтың көне тарихы.- Алма-Ата, 1993. 
4.  
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 
5.  
Абдоллаев Н.А. Қазақстан әлемдік тарихтың аясында. 1-2 кітап. Ақтөбе, «Лазер». 
1999. 
6.  
Абдоллаев Н.А. Қазақстан тарихы /дәрістер/. Ақтөбе, «Лазер». 2002. 
7.  
Қазақ КСР. Энциклопедиялық анықтама.-Алма-Ата, 1980. 
8.  
Қойшығара Салғараұлы. Хандар кестесi.-Алма-Ата., 1992. 
9.  
Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы “Жалын”, 1994. 
10. 
Алан  Боджер.  Қазақ  халқын  орысқа  бодан  еткен  хан  Әбiлхайыр  туралы  ағылшын 
тарихшысының пайымы.- “Ақиқат“, 1992,N4. 
11. 
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв.- Алма-Ата., 1991. 
12. 
Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв. Алма-Ата., 1971. 
13. 
Казахско-русские отношения в XVIII-X1X вв.- Алма-Ата, 1964. 
14. 
Валиханов Ч.Ч. Исторические предания о батырах XVIII века. Собр.соч., т.1 - Алма.-
Ата., 1984. 
15. 
Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России.-М., 1957. 
16. 
Бартольд В.В. Тюрки. Двенадцать лекций  по истории  турецких народов Средней 
Азии. Алматы ТОО “Жалын”, 1998. 
17. 
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. -Алма-Ата., 
1992. 
 
 
1.  XVI  ғасырда  Қазақ  хандығы  дамуы  шырқау  шегiне,  ең  жоғарғы  межесіне 
Қасым  хан  (1512-1521  жж.) тұсында жеттi. Қасым хан қазақ жерлерін көлемі жағынан 
ұлғайтып,  бір  ортаға  бағындыру үшін өткiр соғыс тәсiлдерi мен шебер дипломатиялық 
саясат жүргiзу нәтижесінде өз билiгiн нығайтты. Шебер билеуші Қасым хан қоластына 
жиналған ел-жұрттың саны аса ұлғайды. Батыста Ноғай Ордасынан бiрнеше рулар мен 
тайпалар  көшiп  келдi.  Хандықтың  батыс  шекарасы  Жайық  өзенi  алқабына  дейiн,  ал, 
оңтүстiктегi  жерлерi  Сайрам  уәлаятынан  Сырдарияға  дейiн  кеңейдi.  Солтүстiк  пен 


 
39 
солтүстiк-шығыста  Қазақ  хандығының  шекарасы  Ұлытау  мен  Балқаш  көлiнiң  арғы 
жағындағы  кең-байтақ  даланы  алып  жатты.  Моңғол  шапқыншылығынан  кейiнгi 
Қазақстанда бiр миллионнан аса қазақтар (дерлiк ру-тайпалар кiредi) алғаш рет дербес 
мемлекетке бiрiктi. Қазақ хандығы Ресей, Қырым мемлекеттерiмен байланыс орнатып, 
тiптi  Еуропа елдерiне де танымал болған. 
 
Қазақ  хандығымен  еларалық  қатынас  орнатқан  алғашқы  мемлекеттердiң  бiрi 
1505-1533 жылдар шамасында Мәскеу жерлерi болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз 
алдына дербес халық ретiнде Батыс Еуропаға мәлiм болды, Мәскеумен байланысынан 
қорыққан Баба Сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у берiп өлтiрдi. 
 
Ақназардың  мұрагерi  Шығай  (1580-1582)  ханның  баласы  Тәуекел  (1586-1598) 
елжандылық  саясаткерлiк  қырынан  қазақ  тарихында  ерекше  орын  алды.  Ел  мүддесi 
үшiн  Орта  Азияның  сауда  орталықтарына  шығу  жолында  қадамдар  жасады.  Ресей 
мемлекетiне  қарым-қатынас  орнату  туралы ұсынысты алдымен  бастағанда – Тәуекел 
хан.  Бұрынырақ  Бұқарамен  жасалған  шартты  бұзған  ол  1583  жылы  Сырдария 
бойындағы  шаhарларды  басып  алып,  Ташкент,  Андижан,  Акси,  Самарқанд  т.б.  сол 
сияқты  қалаларды  қазақ  хандығына  қаратты.  Қазақ  хандығының  iргесiн  нығайтуда 
өзiндiк  үлесi  бар  Тәуекел  хан  Бұхар  қаласын  қоршау  кезiнде  ауыр  жараланып  қайтыс 
болады. 
 
Одан  соң  хандық  билiкке  ел  аузында:”  Есiм  ханның  ескi  жолы”  деген  рухани 
iзгiлiкпен белгiлi Есiм сұлтан (1598-1628) келдi. Сыр бойындағы қалалар мен Ташкенттi 
бағындырғаннан кейiн Есiм хан Бұқарамен бiтiм шарт жасасып, осы өңiрдегi бiр жарым 
ғасыр  бойы  тұтанған  соғыс-дауын  бiраз  бәсеңсiттi.  Қазақ  хандығының  беделі  өсті, 
көршілерімен  арадағы қарым-қатынас нығайады. 
 
XVI  ғасырда  Қазақ  хандығы  солтүстiктегi  Сiбiр  хандығымен  (ордасы  Түмен) 
шектестi.  1563  жылы  Шайбани  хандығы  мен  Тайбұғы  әулетi  арасындағы  ұзаққа 
созылған  тайталастың  нәтижесiнде  Сiбiр  хандығы  Шайбани  әулетi  Көшiм  ханның 
қолына  көшедi.  Қарамағына  жаңадан  енген  өңiрлердегi  халқының  этникалық  жағынан 
құрамы  ала-ғұла  бiрнеше  тiлдес  түрлi  тайпалардың  жиынтығын  құрады.  Халқының 
негiзгi  тұрақты  өңiрi  Батыс  Сiбiрдiң  орманды  далалық  бөлегi,  Есiл,  Тобыл  және  Тұра 
өзендерiнiң  орта  ағысы,  сондай-ақ  Ертiс  пен  Обь  өзендерiнiң  алқаптары.  Осы  жерлер 
ғылымда  “Сiбiр  жерi”,  мекендеген    халқы  жалпылама  “Сiбiр  тайпалары”  немесе 
“Сiбiрлiктер”  деп  аталу дәсүрге айналды. Бұл өңiрдiң тұрғындары ерте заманнан Орта 
Азия,  Қазақстанмен  керуен  жолдары  арқылы сауда қарым-қатынасын жасасқан. Орта 
Азиядан қазақ даласы арқылы жiбек, мақта және жүн мата, елтiрi, кептiрiлген жемiстер 
тиелген керуендер қайтарда Сiбiрдiң бағалы аң терiлерiн және т.б. тиеп қайтқан. 
 
1552  жылы  Ресей  Қазан  қаласын  жаулап  алғаннан  кейiн,  Сiбiр  хандығымен 
тiкелей көршi болып шықты. Сол жылы Жармақтың (Ермак) Сiбiрге жорығы басталды. 
Жорық  барысында  Көшiм  хан  жеңiлiске  ұшырағанымен,  Жармақтың  жеңiсi  баянды 
болмады. Ол 1584 жылы тамызда қаза тапты. Күш алып келе жатқан Ресей мемлекетiнiң 
алдында  Сiбiрдi  неғұрлым  тез  игеру  және  Шығыс  шекараларының  қауiпсiздiгiн  жан-
жақты  қамтамасыз  ету  мiндетi  тұрды.  Оның  алғы  шарттары  ретiнде  шығысқа  қарай 
шаруаларын қоныс аудартты, әскери бекiнiстердi салуды қолға ала бастады. Сөйте тұра, 
моңғол-татар  шапқыншылығынан,  одан  қалды өздерiн дүр сiлкiндiрген Алтын Ордадан 
қалған сесi бар Қазақ мемлекетiне сескене көз тiктi.  
 
Бұл  кезде  Қазақ  хандығында  қарама-қайшылыққа  толы  саяси  оқиғалар  жүрiп 
жатты.  Есiм  хан  Бұхарамен  бiтiм  жасасқанымен,  Сырдария  бойындағы  қалаларды 
түпкiлiктi  сақтап  қалу  үшiн  бiрталай  саяси  және  әскери  iстердi  тындыру  қажет  едi. 
Дегенмен, оғанда едәуiр қиыншылықтар туындады. Жекелеген қазақ сұлтандары Орта 
Азия  халықтарына  аракiдiк  шапқыншылықтар  жасап,  ел  арасындағы  қайшылықты 
ушықтыра  түстi.  Есiмханның оларды толықтай тiзгiндеуге мүмкiншiлiгi болмай жатты. 
Бұлардың  iшiнен  деректемелер,  әсiресе  Тұрсын-Мұхаммед  сұлтанды  айрықша 
ерекшелейдi.  Мәселен,  Есiм  Түркiстанда  билiк  жүргiзiп  тұрған  кезде  ол  Ташкентте 
отырып өзiн хан деп жариялады, онда өз ақшасын соқтырып, халықтан алым алған, жер 
салығын жинаған. 
 
Хандықтың 
шығыс 
және 
солтүстiк-шығыс 
шептерiнде 
ойраттар 
басқыншылығын тойтарудан қолы босамаған Есiм хан бiраз уақыт бойы Тұрсын ханның 
кереғар әрекеттерiне көнуге мәжбүр болды. Сөйтiп, тiптi онымен Андижанда Имамкули 


 
40 
ханнан  жер  алып,  сол  тұстан  өз  елiне  қауiп  төндiрген  қазақтың  бүлiкшiл  сұлтаны 
Абылайға  қарсы  бiрiгiп  бiрнеше  жорықтар  ұйымдастырды.  Тұрсын  хан  Андижан 
билеушiсi  Имамкули  ханның  Ташкенттi  қайтарып  алу  әрекеттерiне  жол  бермеу  үшін 
1621 жылы онымен уақытша бiтiм жасауға тура келдi. Бұл кезде Есiмхан Жоңғар жерiне 
жойқын  қайтарма-кек  алу  жорығын  ұйымдастырды.  1624  жылы  бiрiккен  қазақ 
хандарының қолы бүлiкшi  сұлтан паналаған  Андижанға басып кiрдi. 
 
Мұның  өзi  ойраттарға  және  Бұхар  ханына  қарсы  соғыстардан  ғана  емес, 
сонымен бiрге, олардың Шығыс Түркiстандағы билеушi топтардың өзара қырқыстарына 
араласу  кезiнде  анық  байқалды.  Есiм  хан  Жаркенттегi  орталық  үкiметтiң  қарсыласы 
Турфан  қаласының  билеушiсiмен  одақтастық  қатынастар  жасап  отырды,  ал  Тұрсын-
Мұхаммед  Жаркент  әмiршiсiнiң  жақтасы  болды.  Бәсекелестiкпен  iшкi  және  сыртқы 
саяси бағыттары түрлiше болған екi ханның екеуi де ноғайлармен, қырғыздармен және 
қарақалпақтармен  достық  байланыста  болды.  1627  жылы  екi  ханның  арасындағы 
дұшпандық Тұрсын-Мұхаммедтiң Есiм ханның қолынан қаза табуымен аяқталды. Есiм 
хан болса өзiнiң  бақталасынан кейiн көп жасаған жоқ. 
 
Есiм  ханнан  кейiн  Қазақ  хандығының  саяси  жағдайы  тiптi  нашарлай  түстi.  Ел 
iшiндегi билеушi топтар арасындағы өзара талас-тартыстық кесiрiнен сыртқы жауға да 
төтеп бере алмаған кездерде кездестi. Жоңғарлар Жетiсудың бiр бөлегiн уақытша басып 
алып,  бұл  өңiрде  көшiп  жүрген  қазақтар  мен  қырғыздарды  бағындырды.  Ташкенттi 
қайтарған  Бұқар  әмiршiлдiгi  қазақтарға  қанша  қоқан-лоқы  көрсеткенмен,  Қазақ  ханы 
Жәңгiр  оны  жоңғарлардың  ортақ  қауiптi  жау  екенiне  көзiн  жеткiзiп,  бiрiгiп  соғысуға 
көндiредi.  Жәңгiр  өз  өмiрiнiң  денiн жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен 
өткiзiп,  оларға қарсы жорықта жүрiп қаза тапты. 
 
Бұдан  бұрынғы  хандармен  салыстыра  қарағанда,  Тәуке  хан  (Әз-Тәуке)  (1680-
1718  жж.)  билiкке  бейбiт  күнде  келiп,  жерi  байтақ,  халқы  мол,  iргелi  ұлыстың  тiзгiнiн 
алды.  Бiрлiгi  берiк,  берекесi  зор,  кеудесi  жоғары  алаш  қауымының  дәстүрлi  тағын 
жаңғыртты. Ұлттық дәстүрi бой көтерген, қалыптасқан заң жүйесi бар, айбарлы жұртқа 
айналды.  
 
Тәуке  хан  өз  билiгiн  қоғамдағы  билердiң  көмегiне  арқа  сүйеумен  нығайтуға 
тырысты.  Билердiң  мүмкiндiгiне  нық  сенiм  артқан Тәуке орталықтандырылған билiкке 
қыңыр  қарайтын,  ханға  да  дес  бергiсi  келмейтiн  байырғы  ақсүйектер  тобына  карсы 
күрес  жүргiздi.  Қара  қылды  қақ  жарған,  әдiлдiлiгiмен  әйгiлi  болған  азулы  билер  хан 
төңiрегiнде  iрiктелiп,  мемлекеттiң  iшкi  және  сыртқы  саяси  iстерiне  белсене  араласты. 
Хан  кеңесiнде  маңызды  мәселелердi  талқылауда  шешушi  рөл  атқарды.  Әсiресе, 
хандықтың  соттық  iстерiн  жүргiзу  тетiгi  билер  қолында  болды.  Елдiң  iшкi  өмiрiн 
реформалауға  бетбұрыс  жасаған  Тәуке  хан  сыртқы  саясатты  да  барынша 
тиянақтылықпен  жүргiзуге  ден  қойған.  Шамамен  1687-1688  жылдары  стратегиялық 
маңызы зор Ташкент қаласы жөнiнде Бұқар ханы Субханкулимен келiссөздер жүргiзедi, 
тiптi  қаланы алуға әрекеттенген. Сырдария бойында Тәукенiң хандық өкiметi нығайды. 
Бұл жөнiнде Ресей елшiлерi өз мәлiметтерiнде талай рет хабарлаған.  
 
Тәуке  ханның  заманында  қазақтардың  әдеттегi  құқық  нормалары  бiр  жүйеге 
келтiрiлiп,  толықтырылды.  “Жетi  жарғы”  заң  жинақтары  тарихта  қалған.  Мұның  өзi  
сөзбе-сөз алғанда “жетi ереже” мағұлматын беретiнi белгiлi. Бұл тарихи құжатта қазақ 
қоғамындағы  жинақталған  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  ежелгi  заманнан 
келе  жатқан  негiзгi  принциптерi  мен  құқықтық  нормалары  баяндалған.  Ғылыми 
әдебиетте  бұл  юрисдикциялық  құжат  “Тәуке  ханның  ережесi”  немесе  “Тәуке  ханның 
заңдары”  деп  аталады.  “Ереженiң”  авторы  кiм  екенi  жөнiнде  деректемелер  де 
мағлұматтар жоқтың қасы. Тарихи аңыз-әңгiмелерге сенсек, оның жинақталуына Тәуке 
хан мұрындық болған көрiнедi. Ол Күлтөбеде үш жүздiң атақты билерiнiң басын қосып, 
“Қасым  ханның  қасқа  жолы”  мен  ”Есiмханның  ескi  жолынан”  жеткен  ескi  әдет 
ғұрыптарды қызу талқыға салуының нәтижесiнде “Жетi жарғы” дүниеге келген. 
 
’’Жетi  жарғының’’  түп-тамыры  туралы  ғылымда  бiрқалыпты  тұжырым  жоқ. 
Зерттеушiлердiң 
көпшiлiгi 
оның 
негiздерiн 
Шыңғыс 
ханның 
“Ясасымен” 
байланыстырады,  ендi  бiреулерi  Ясаға  мүлдем  қатысы  жоқ  деген  пiкiрдi  қуаттайды. 
Жетi жарғыға әкiмшiлiк, қылмысты iстер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ, дiни 
көзқарастар  туралы  ережелер  енгiзiлген,  яғни  онда  көшпелi  қазақ  қоғамындағы 
ғасырлар бойы қалыптасқан қатынас ережелерiнiң жиынтығы қамтылған. 


 
41 
 
Бiздiң  заманымызға  дейiн  жеткен  нұсқасынан  “Жетi  жарғы”  қағидаларының 
жалпы  сипаты  мен  бағыты қоғамдағы билеушi таптың артылықшылықтары мен саяси 
үстемдiгiн,  иемденушiлердiң  меншiгiн,  отбасындағы  патриархалдық  тәртiптердi 
қорғаумен  және  шариғат  заңдарын  насихаттаудан көрiнедi. Қоғамдық құқықты бұзған 
әрбiр  азамат  қатаң  жазаға  ұшырайтыны  баса  көрсетiлген.  Жетi  Жарғыны 
қалыптастыруға  үш  жүздiң  барлық  өкiлдерi  қатысуына  қарап,  ондағы  құқықтық 
нормалар  жиынтығы  бүкiл  Қазақ  хандығы  иелiгiнің  шеңберінде  жүзеге асырылған деп 
қорытынды жасауға болады.     
 
2.  Қазақ  халқының  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күресi  тарихтағы  аса 
қайғылы,  ауыр  да  қасыреттi  кезең.  ¤зiнiң  бостандығы  мен  тәуелсiздiгi  жолындағы 
күресте  қазақ  халқы  елiн,  жерiн  жоңғар-қалмақтарының  тепкiсiнен,  ауыр  езгiсiнен 
сақтап  қалды.  Қаралып  отырған  кезеңде  қазақ  жерiнде  бiртұтас  бiр иелiкке бағынған, 
басқару  жүйесi  орталықтанған iрi мемлекеттiң жоқтығы әрдайым сезiлiп тұрды. Мұны 
қазақ жерiне ертеден көз алартып келе жатқан елдердiң билеушiлерi пайдаланып қалуға 
тырысты.  Оңтүстiк-батыстан  Жайық  казактарының  қолдап-қолпаштауымен  Едiл 
өзенiнiң  бойындағы  башқұрттар,  қалмақтар  Кiшi  жүздiң  халқына  тынымсыз  шабуыл 
жасады. Қазақ жерiне солтүстiктен Сiбiр казактары килiктi. Орта Азиядағы Бұқар мен 
Хиуа хандықтары да қарап қалған жоқ, әлсiн-әлсiн жорықтар ұйымдастырды. Олардың 
бәрiне  де  қазақ  жасақтары  табандылықпен  тойтарыс  берiп  отырды.  Бұл  қауiптердiң 
бәрiнен де ең қатерлiсi этностың жойылып  кету қаупiн төндiрген  жау жоңғарлар болды.  
 
Күншығыста  жатқан  бұл  елдiң  қазақ  жерiне  шабуылы  бұрыннан    да  болып 
тұратын.  Мыңғырған  мал  үшiн  жайылымдық  жерге,  суға  талас,  қақтығыстар  екi  ел 
арасында  жиi  болатын.  Әсiресе,  XVIII  ғасырдың  20-шы жылдарында басталған соғыс 
өртi  екi  елге  де  оңай  тимедi.  Бұрын-соңды  болып  көрмеген  отты  қару  қолданылған, 
тарихта өшпес орны бар, маңызы зор жойқын соғыс болды. Жоңғарлар негiзiнен моңғол 
тайпаларынан  құралған,  кейiн  ойраттардың  бұл  одағы  “қалмақ”  деген  атаумен  1399-
1408 жылдарда тарих сахнасына шықты. Жалпы, “жоңғар” атауы қайдан пайда болды? 
Шыңғыс  әскерi  құрылымдық  жағынан  екi  қанатқа  бөлiнгенi  белгiлi.  Соның  сол  жақ 
қанаты ойрат тайпаларының жасақтарынан құралып, олар “жоңғарлар” деп аталған. XVI 
ғасырда жоңғарлардың кейбiр тайпалары қазақ хандығының қоластына қарады, тәуелдi 
болды.  Бұл  тұста  ойраттар  Торғауыт,  Дорбыт,  Қошоуыт,  Шорыс  атты  төрт  тайпа 
бiрлестiгiнен  тұрды.  Осы  бiрлестiктердiң  басын  қосатын  ойрат-жоңғар  одағының  ең 
жоғарғы  билеушiсi  қоңтайшы  деп  аталды.  Оның  қол  астында  тайша,  ноян,  жайсаңдар 
секiлдi  әскери  шонжарлардың,  будда  дiнiнiң  жоғары  лауазымына  ие  болған  айрықша 
тобы болды. Қоғамдағы үстем тапты құраған олар “араттар” деп аталатын шаруалардың 
қалың  тобын  қанап  келген.  Араттардың  өзi  “албаттылар”,  ”шабинарлар”  болып  екiге 
бөлiндi.  Олардың  алдыңғысы  тайша,  ноян,  жайсаңдарға  тәуелдi  болса да, екiншiсi дiни 
билеушi-шонжарларға  бағынышты  едi.  Шаруаларды  кiрiптар  етiп,  өрiс-қоныс, 
жайылымдық  жерлердi  билеп-төстеп  үстемдiк  жүргiзушi  ойрат  билеушiлерi  көршiлес 
қазақтың  елi  мен  жерiне  көз  алартумен  келген.  Қазақтардың  iшiнде  олардан  алғашқы 
жаушылдық  дәмiн  татқан  керейлер  болды.  Жоңғарлар  1430  жылы  керейлердi 
ойрандаған Есiк көлi маңындағы үйсiндермен қырғыздардың қонысын басып алып, 1447 
жылы Сыр бойындағы Әбiлқайыр ханның  әскерлерiн талқандады. 
 
Есiм хан тұсында, яғни XVI ғасырдың бас кезiнде, ежелгi араздық, ескi кек қайта 
тұтанады,  екi  жүз  жылдық  ойрат-қазақ    соғысының  жаңа  кезеңi  басталады.  Ежелгi 
қоныстарынан  тықсырылған,  өрiсi  тарылған  ойрат  тайпалары  бiрiгiп,  аз  уақыт  бiрлiкке 
жетедi де, 1604 жылы тамызда түп көтерiлiп, Қазақ Ордасына қарсы жорыққа аттанады. 
Бұл  соғыс  қалмақтар  үшiн  үлкен  жеңiлiспен  аяқталады.  Сол  замандағы  Ресей 
құжаттарында:  “Қазақ  Ордасы  қалмақтарды  күйрете  жеңдi,  ұлысын  ойрандап, қатын-
баласын  олжалады,  өздерiн  қырып-жойып,  жұртынан  бостырды”-деген  мағұлмат 
сақталған.  
 
Тобынан  жырылған  торғауыттар  және  дүрбiттердiң  бiр  бөлегi  Батыс  Сiбiрге 
бойлай  енедi.  1607  жылы орыс шекара өкiметiне елшi салып, өздерiн Қазақ Ордасынан 
және  халха-моңғол  ханынан  қорғауды  өтiнедi.  Осы  өңiрде  көшiп-қонуға  рұқсат  берсе, 
Ресей  бодандығын  қабылдайтынын  мәлiмдейдi.  Есiм  хан  халха-моңғолдың  Алтын-
ханымен келiсiмге келiп,  ойрат ұлысын екi жақты қыспаққа алады. 


 
42 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет