Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
Қазақстан тарихы

бiрiншiден, осы кезеңдегi Қазақ хандығы мен бiрiккен ойрат-халха арасындағы 
шешушi  соғыс  -  кейбiр  әдеби  шығармалар  мен  тарихи  еңбектерде  айтылғандай  тек 
Батұр  қоңтажы тарапынан ұйымдастырылған  тұтқиылдан басталған соғыс ғана емес, 
екi жақтан мұқият дайындық, стратегиялық ұрыс тактикалары тиянақты ойластырылған, 
сөйтiп,  барлық  қуатын  жұмсаған,  әлденеше  айға  созылған  кең  көлемдi  қан  майдан 
болатын; 
  
 
екiншiден, қалмақтың елу мың әскерiн қазақтар бар болғаны алты жүз жасақпен 
жеңдi  деген  түсiнiк  ешқандай  теориялық  және  практикалық  тұжырымдарға  мүлдем 
сәйкес  келмейтiн    қисынсыз  ертегi.  Нақтылы  тарихи  құжаттар  дәлелдегендей,  шын 
мәнiнде  Жәңгiр  сұлтанды  жеңiске  жеткiзген  әскерiнiң  алты  жүз  адамын  құраған 
сауытбұзар екпiндi тобы мен сол замандағы құдыреттi қару-қорғасын оқты мылтықпен 
қаруланған бiр бөлiгiнiң  жетiстiгi; 
 
үшiншiден,  Батұр  қоңтажының  он  мыңнан  аса  таңдаулы  шерiгiнен  айрылып, 
бұрын  көрмеген  отқарудың  дүмпуiнен  есеңкiреген  шағында  қарсы  жаққа  (қазақтарға) 
көмекке  20  мың  әскердей  қосымша  күштiң  келуi  жарты  жылға  созылған  жойқын 
соғыстың  шешушi  факторы  емес,  бар  болғаны  түйiндеушi  оқиғасы  едi.  ’’Сол  әскердi 
көрген  соң  қоңтажы  керi  шегiнiптi’‘  -  деп  жазады  соғыс  жайын  қалмақтардың  өз 
аузынан естiген орыс елшiсi Г. Ильин; 
 
төртiншiден,  ескерiлуi  қажет,  қазақ  тарихындағы  көп  пiкiрталас  туғызған 
мәселе - қалмақтармен осы соғыстағы соңғы шайқастың қай жерде болғандығы. Тарих 
ғылымының  бұрынғы  тұжырымдары  бойынша  соғыс-ежелгi  заманнан  берi  халықтар 
керуенi өткен қанды ауыз-Жоңғар қақпасында болды деп шамалайтын. Соңғы жылдары 
елiмiздiң  тарихшылары  Көкжотадағы  Орбұлақ  деген  жердi  атап  жүр. ‘’Ал деректерге 
жүгiнсек,  соғыс  қырғыз  жерiнде  өткерiлгенiн  көремiз.’’-  деп  қорытындылайды 
М.Мағауин өзiнiң  еңбегiнде. 
 
Осы  халық  басына  қасырет  туған  заманда  аты  әйгiлi  орыс  патшасы  I  Петр 
әлемнің әр бағытындағы елдерімен экономикалық және саяси байланыс орнату саясатын 
өрбітеді.  Бұл  тұрғыда  Ресей  билеушілері  Қазақстан  және  Орта  Азия  аймағын  қосып 
алып  үлкен  империя құруды көздеген. Осы мақсатта қазақ жерiне бiрнеше экспедиция 
жiберiледi.  Солардың  бiрi  1718  жылы  Семей  қамалының,  сондай-ақ,  1720  жылы  И.М. 
Лихарев  экспедициясы  Үлбi  өзенiнiң Ертiске құятын жерiнде ¤скемен бекiнiсiнiң негiзiн 
салды.  Осы  жылдан  бастап  орыс  өкiметi  Орта  Азия  және  Қазақстан  билеушiлерiмен 
елшiлiк арқылы байланыс жасап тұрды. Дегенмен, Қара теңiзбен Балтық теңiзi арқылы 
Еуропаға  терезе  ашқан  орыс  патшасы  ендi  Азияны  жаулап  алудың  төте  жолын  қазақ 
даласынан көредi.  


 
47 
 
  Алтыншы дәрiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет