1. XIII ғасырдың екiншi он жылдығындағы Моңғол империясының үстемдiк
саясаты Орталық және Кiндiк Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен
мемлекеттерiнiң тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол соғыс жорықтары
Еуразия аймағына орналасқан халықтар мен тайпалардың арасында қалыптасқан
дәстүрлi қарым-қатынасы мен өзара байланысын бұзды және этникалық-саяси,
шаруашылық-мәдени дамуына ауқымды, радикалды өзгерiстер әкелдi.
XII-XIII ғасырлар межесiндегi моңғол тайпалары әлеуметтiк-экономикалық даму
нәтижесiндегi қоғамдық құрылысы екi топтан тұрған нояндар және араттар қатардағы
халық. XIII ғасырдың басындағы бiрнеше тайпааралық ұрыстарда жеңiске жеткен
Темучин Моңғол феодалдық мемлекетiнiң негiзiн қалаған. 1206 жылдың көктемiнде
Онон өзенiнiң сағасында өткен құрылтайда өзiн жақтаушы моңғол билеушi топтарының
қолдауымен салтанатты жағдайда Шыңғыс хан деген атаумен ол моңғолдардың
әмiршiсi болып жарияланды.
Көшпелi билеушi топтардың мүддесiн қанағаттандыру мақсатында Шыңғысхан
нояндар табын iшкi өзара қақтығыстардан гөрi әскери күш пен соғыс олжасына
кенелудiң анағұрлым кең мүмкiндiктерi бар екенiн және де жаулап алғаннан кейiн
егiншiлiкпен айналысатын көршi бай, әрi мәдениеттi елдердi қанау мүмкiндiгiмен
дәмелендiрiп жаулап алу жолына түстi.
Шыңғыс-хан әскери ұйымдастыру принципiн мемлекеттiк құрылыстың негiзi
етiп алды. Елдiң бүкiл жерi мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және
орталық (гол) атты үш әскери-әкiмшiлiк аймаққа бөлiнiп, әрбiр аймақта он мың адамнан
тұратын бiрнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегiнде “мыңдық”, “жүздiк”,
“ондықтан” тұрды. ¤те қатал тәртiбi мен мұқият құрылымы бар әскерлердi басында
моңғолдардың билеушi тобының өкiлдерi-нойондар, бағадурлар, мергендер, сечендер
басқарды. Ғылыми деректер бойынша, бүкiл моңғол жерi Шыңғысханның туыстарымен
оны қолдаушылардың билiгiне таратылып берiлген 95 мың иелікке жiктелдi. Шыңғыс-
33
ханның әскербасыларының көпшiлiгi көшпелi ақсүйектерден жасақталған ханның 10
мыңдық күзет гвардиясынан (кәшик) iрiктелiп шықты. Сондай әскери-әкiмшiлiк жүйе
моңғолдардың соғыс жорықтарында шешушi және маңызды рөл атқарды.
1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және
Сiбiрдiң оңтүстiгiндегi басқа да “орман халықтарын” бағындырған. 1207-1209 жылдары
Шыңғыс хан әскерлерi тұтқиылдан шабуыл жасап, танғұттық Сися мемлекетiн күйреттi.
Шыңғыстың қақарынан сескенген Шығыс Түркiстан өңiрлерiндегi ұйғырлар
моңғолдарға өз еркiмен тiзе бүктi. Олардың ел басшысы Баршық өзiн Шыңғыс ханның
боданы деп таныды. 1211 жылы басталған Солтүстiк Қытайдағы соғыс жорықтарының
төртiншi жылында моңғолдар сол кездегi Цзинь мемлекетiнiң астанасы Чжундуды
(Пекиндi) басып алды. Ал, осы ғасырдың 20-шы жылдарының аяғында Цзинь
империясы Хуанхэ өзенiнiң солтүстiк жағындағы бүкiл иелiгiнен iс жүзiнде айрылған
болатын.
1218-1219 жж. моңғолдар көршi елдердiң көптеген халықтарын өздерiне бодан
еткеннен кейiн моңғолдардың ендiгi мақсаты Қазақстан мен Орта Азия мен Иран, Таяу
Шығыс пен Кавказдың арғы жағын, Шығыс Еуропаны жаулап алу болады. Шыңғысхан
моңғолдардың бүкіл әскери күшімен жігерін алдағы жорықтарға дайындалуға және оны
іске асыруға жұмсады.
2. Моңғолдардың бұл бағыттағы соғыс жорығы казiргi Қазақстанның Шығысы
мен Жетiсудан басталды, жергiлiктi халық қарсылық көрсеткенмен жақсы қаруланған
саны мол әскер шабылуына төтеп бере алмады.1219 жылдың қыркүйегiнде моңғолдар
80 мыңдай әскерi бар Отырар қаласын қоршауға алады. Отырар қорғанысы Қазақстан
мен Орта Азияның халық бұқарасының моңғол басқыншылығына қарсы жүргiзген ерлiк
күресiнiң айқын көрiнiсi болды. Қамал бұзатын техника, соның iшiнде жанып кететiн
күбiшектер, ататын машиналармен жабдықталған Шыңғыс хан армиясы бұл қаланы
жарты жыл бойы ала алмады. Зерттеушiлер анықтағандай қаланың тiзе бүгуi
опасыздықтың кесiрiнен болған. Әскер басыларының бiрi-Қараджа түн жамыла қала
қақпасының біреуін ашып, моңғолдардың қалаға кiруiне жағдай жасайды. Моңғол
әскерлерi осы сәттi дереу пайдаланып, қала халқын қырғынға ұшыратып мүлкiн талауға
түсiредi. Сөйтiп, Отырар қамалын жермен жексен етiп, Шағатай мен Үгедей бастаған
жасақтары бұл кезде Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болған Шыңғыс ханға
келiп қосылды.
Сыр бойындағы халықтарда басқыншыларға ерлiкпен қарсы тұрды, соның
iшiнде Сығанақ тұрғындарының ерлiгi ерекше. Бұл қала жақсы бекiнген, халқы көп, iрi
сауда орны болатын. Жошы бастаған моңғолдар қаланы ұрыссыз берiлудi талап еткен
Хасан қожа деген көпестi қалаға жiбередi. Бұған көнбеген қала тұрғындары Хасан
қожаны өлтiредi. Күшi басым жаумен 7 күн бойы шайқасқан қаhарман қала ақыры тiзе
бүгуге мәжбүр болады. Содан кейiн қала ішiндегі соғыс жетi күнге созылып
моңғолдардың жеңiсiмен аяқталады. Көп ұзамай Үзгент және Баршылықкент қалалары
да алынды. 1220 жылы 4 көкекте моңғол әскерлерi Жент қаласын бағындырды. Жошы
жiберген әскердiң басқа бiр шоғыры Шехрекенттi (Янзикенттi) басып алды.
Жетiсуды және Қазақстанның ірі қалаларын жаулағаннан кейiн Шыңғысхан
Мауераннахрдағы бүкiл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетiн бағындыруға
бет алды. Ол үшiн моңғолдар қоластындағы елдерден жиналған жасақтармен бiрге
жалпы саны 120-150 мыңға жуық жауынгерлерден құралған қалың қол ұйымдастырды.
1221 жылдың көктемiнде моңғолдар Орта Азияны жаулап алғаннан кейiн соғыс
сапарын Иран, Ауғанстан мен Солтүстiк Үндiстан өңiрiне қарай бағыттайды. Жебе және
Субедей әскерлерi Калка өзенiнiң бойындағы аландар мен қыпшақтардың және
славяндардың оңтүстiк аймақтарын жұтатқан соң, Қазақстан жерiн көктей өтiп, 1224 ж.
Ертiстегi Шыңғысхан ордасына қайтып келедi.
Сонымен, 1219-1221 жылдардағы жойқын шапқыншылықтардың нәтижесiнде
Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енiп, үш ұлысқа
бөлiндi. Яғни, Ертiстен Орал тауларына дейiнгi, онан әрi батысқа қарай “моңғол атының
тұяғы жететiн жерге дейiнгi”, оңтүстiкке қарай Каспий мен Арал теңiзiне дейiнгi жерлер
үлкен ұлы Жошының билiгiне тидi. Сонымен қатар, Жошы ұлысына Орта Азиядағы
иелiктерiнен - Амударияның төменгi ағысы (Солтүстiк Хорезм) мен Сырдария бойы
кiрдi. Ордасы Ертiс алқабында орналасты.
34
Шыңғыс ханның екiншi баласы Шағатайдың үлесiне Мауераннахр, Жетiсу және
Қашқар өлкесi кiрдi. Оның ордасы Iле алқабында болды.
Үшiншi баласы Үгедейге Батыс Монголия мен Тарбагатай жерi қарады. Оның
ордасы казiргi Шәуешек қаласының маңында болды (Семей облысы Мақаншы
ауданының Қытаймен шекаралас жерiнде). Ал, Шыңғыс ханның негiзгi жұрты
қарашаңырақ Монголияны кенжесi Төлей иемдендi.
Шыңғыс хан тiрi кезiнде бөлiнiп берiлген жерлер ұлдары үшiн тек қана пайда
көзi болды, бiрақ империя басшысына бағыныштылығы сақталды. Шыңғыс хан дүние
салғаннан кейiн жағдай күрт өзгердi, Ұлан-байтақ даланы алып жатқан әрбiр ұлыстарға
орталықтанған мемлекеттiк билiктi сақтап қалу мүмкiн болмады. Ұлыс қарауында
елеулi әскери күшi бар Шыңғыс хан ұрпақтарының өз әулеттерiн толығымен дербес етiп
алуына және үлесiндегi ұлыстарды тәуелсiз иелiктерге айналдыруға итермеледi. Ұлыс
басшыларының қолына бiртiндеп бүкiл билiк дерлiк ауысқан соң империя бiрнеше
дербес мемлекетке ыдырады.
Ендi осы аталмыш ұлыстарда саяси, әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың
қалыптасуы мен оның нәтижелерiне тоқтайық. 1227 жылы Жошы дүние салғаннан соң
оның орнын тарихтағы белгiлi тұлға Бату-Батый басады. Ол моңғолдардың жаугершiлiк
саясатын жандандырып, кәзiргi Ресей өңiрiндегi славяндарды талқандайды. Польша,
Венгрия, Чехия т.б. елдердi талан-таражға салған. Жетi жыл iшiнде (1236-1242 жж.)
моңғол империясының көлемiн ұлғайтқан Батый хан Едiлдiң батысынан Дунайдың
төменгi жағына дейiнгi жерлердi алып жатқан (Қырым, Солтүстiк Кавказ, Батыс қыпшақ
даласы-половшылар) Алтын Орда деп аталған мемлекеттiң негiзiн салды. Оның
астанасы Сарай-Бату (казiргi Атырау-Астрахань маңында) болды. Кейiнiрек астанасы
Сарай-Беркеге (Едiл бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшiрiлдi. Оған Жошы
ұлысының өңiрi - Шығыс Дештi-Қыпшақ яғни Қазақстанның Обь пен Ертiстiң жоғарғы
жағынан Едiл мен Әмударияның төменгi бойларына дейiнгi жерi, Хорезм мен Батыс
Сiбiрдің бiр бөлегi, сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кiрген. Батый жаулап
алған орыстың жерлерi Алтын Ордаға саяси және экономикалық жағынан тәуелдiлiкке
түстi. Сөйтiп, олар Алтын Ордаға кiрiптар екенiн мойындап “кiнәздiк құруға жарлық”
алып, алым-салық төлейдi, бiрақ салыстырма түрдегi дербестiгiн сақтайды.
Алтын Орданы бiртұтас мемлекет ретiнде басқаратын тақ иелерi болмады.
Негiзiнен Жошы ұлысы оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырап, түрлi басқару
жүйесi қалыптасты. Олардың iшiнде Қазақстан зерттеушiлерi XIII ғасырдың ортасында
Батыйдiң iнiсi Орда-Ежен құрған Ақ Орда (шығыс деректемелерiнде осылай аталған)
атты дербес мемлекетiнiң саяси тарихына аса көңiл бөлуде. Бұл елдi билеушiлерiмен тек
Батый немесе оның мирасқорлары ғана емес, сондай-ақ бүкiл империяның жоғары
хандары да санасып отырған. Рас, кейде Алтын Орданың хандары Ақ Орда да таққа
отырғандарға ел билеуге жарлықтар берiп отырған, бiрақ, мәселе осымен тынып,
мемлекет iстерiне нақты араласу болмаған. Егерде Алтын Орданың хандары оңтүстiк-
батыс өңiрiндегi елдердiң билеушiлерiмен үнемi қарама-қайшы қатынаста болса, Ақ
Орданың хандары XIII-XIV ғасырлардың межесiнде дипломатиялық байланыстар
орнықтырып, елшiлермен алмасып отырған.
Жоғарыда келтiрiлген ұлыстың батыс жағында Шайбан ұлысы жатты. Шығыс
деректемелерiнде оның құрылуы туралы былай жазылған:”...Шыңғыс ханның немересi
Жошы ханның баласы Шайбани хан жетi жылдық жорықта астар, орыстар, черкестер
және бұлғарлар елдерiн жаулап алған кезде ыждаhаттырық көрсетiп, ағасы Бату ханнан
сыйлық ретiнде төрт омақ алды”. Ал, “Зубдат әл-асар” деген деректемеде осы
“омақтардың” аттары келтiрiлген, олар: қосшы, найман, бұйрақ және қарлұқ тайпалары
болса керек. Шайбанилықтар жазда Орал бөктерiндегi, Тобыл, Жайық, Ырғыз
өзендерiнiң аралығындағы кең-байтақ жерлерде, ал, қыс мезгiлiнде Арал жағалуындағы
тегiстiктерде, Шу, Сарысу өзендерi мен Сырдарияның төменгi ағысында көшiп жүрген.
XIII-XIV ғғ. Алтын Орданың хандары Орыс, Иран, Азербайжан және Оңтүстiк
Каспий өңiрiндегi жерлердi иемдену үшiн ондап саналатын соғыс жорықтарын
ұйымдастырған. Меңгу-Темiр тұсында (1266-1280) Алтын Орда Ұлы Моңғол
империясының орталығынан бiржолата оқшауланып, тұңғыш рет өз атынан теңге құя
бастады.
35
3. Шыңғыс ханның алақұйын жорығынан кейiн, Алтын Орданың тұсындағы иiсi
түркi тектес халықтардың тарих сахнасына, моңғолдың түрiктенген Барлас тайпасының
өкiлi Тарағай бектiң баласы Темiр шықты. Сол кездегi Алтын Орда, Моғолстан,
Шағатай ұлысы, Ирандағы Хұлағу әулетiнiң тарихы билiк үшiн өзара қырқыстар мен
сатқындыққа толы болды. ¤зiнiң әскери қызметiн бiр шоғыр (отряд) ғана аттылардың
басшысы болып бастаған Темiр осынау қанқасап таққа таласқан ортасында шыңдалып
жасынан өте батылдығымен, жаужүректiлiгiмен көзге түстi. Билiкке осындай жеке-дара
ерекше қасиеттерiнiң арқасында қол жеткiздi. Туған жездесi Балқы мен Самарқанның
әмiршiсi Хусейндi 1370 жылы түрлi айла-шарғы арқылы қолға түсiрiп, дарға асып
өлтiрдi. Нәтижесiнде бүкiл Мауереннахрдың билеушiсiне айналды. Осыдан кейiнгi 35
жыл бойында (1370-1405) басқан iзiнен қан шұбырып жүрiп, аттың тұяғы жетер жердiң
бәрiне билiгiн жүргiзбекшi болды. Қарсылық көрсеткен елдiң жауынгерлерiн 2 мыңнан
4 мыңға дейiн топтап, тiрiдей көму жазасын соғыс тарихында алғаш рет Темiр қолданды
Ұлы Темiр ұлысы қанды жорықтардың нәтижесiнде Орта Азия мен Иранға
дейiнгi алып аймаққа қанат жайғанымен, түптеп келгенде, түркi тектес халықтардың
тарихи тағдырына зор кеселiн тигiздi. Ол түркi халықтарынан әскер жасақтай отырып,
өздерiмен өздерiн өзара қырқыстырды. Ол әйгiлi Үргенiшке бес рет шабуыл жасап,
ақыры жер мен жексен еттi; Хорезмдi шапты, Түркменстанды басып алды, Алтын
Орданың құлауына себепшi болды, бүкiл Дештi Қыпшақты, Жетiсу бойын талай рет
қанға бөктiрдi, Қазақстанның оңтүстiгiндегi Отырар, Сайрам, Сауран, Ясы (Түркiстан)
қалаларын күшпен алды, Едiл бойындағы Сарай Берке, Астрахань сияқты қалаларын
қиратты, Түрiк сұлтаны Баязидтi Анкара түбiнде күйрете жеңдi, Әзiрбайжанды аяусыз
қырғынға ұшыратты, Ақ Орданың ханы Тоқтамыстың түбiне жеттi... Қысқасы, Үндiнi,
Иран мен Иракты тонап қайтатын жорықтарынан басқасының бәрi түркi әлемiне қарсы
бағытталды. Түйiндiсiнде, түркi тектес халықтар өркениетiнiң тарихи дамуына орасан
нұқсан келiп, оның зардабы ғасырларға созылды.
Ақсақ Темiрдiң тұсында Орта Азияның санаулы қалаларында құрылыс
жұмыстары, қолөнер кәсiптерi өркендедi. Иран, Ирак, Үндi сияқты елдерден сүзiп
әкелген қыруар байлық пен сол елдерден қойдай айдап әкелiнген құрылысшыларға
Самарқандағы Бибi ханым мешiтiн, Шах-и Зинда және Гөр әмiр кешенiн, Түркiстандағы
Ахмет Йассауи мазарын салдырды. Переннiң ұсталарына әсем мүлiктер соқтырды.
Түптеп келгенде, мұның бәрi де Ақсақ Темiрдiң өз даңқын арттыру мақсатында
жасалған жұмыстар едi.
Темiрдiң қол астындағы ел ислам дiнiн ұстанды. Ұйғыр мен араб жазуын
тұтынды. Жазу тiлi көбiнесе шағатайша, парсыша болды.
Темiр ұлысының iшкi құрылымы өктем күшке сүйенген жеке-жеке әмiрлiктерге
бөлiндi. Олардың әрқайсысының басында тархан дәрежесiн алған жер иеленушiлер
отырып, бiр мезгiлде он мың жауынгер шығарып беруге мiндеттендi. ¤з әмiрлiгiндегi
билiктiң тiзгiнiн өз қолына алған тархандар Темiрдiң тiрi кезiнде-ақ бiр орталыққа
бағынуға құлықсыз едi. Темiрдiң көзi жұмылысымен әскердiң күшiмен құрылған
империя ыдырап, жеке-жеке әулеттерге, хандықтарға бөлiнiп кеттi.
Алтын Орданың мемлекеттiк құрылымы тұтас алғанда Шыңғыс хан енгiзген
дәстүрлi үлгiнiң iзiмен жүрдi. Жалпы алғанда Ұлы моңғол империясының орналасқан
өңiрi хандық құрушы Шыңғыс әулетi өкiлдерiнiң меншiктi жерi болатын. Аса маңызды
мемлекеттiк мәселелердi шешу үшiн ақсүйектердiң құрылтай- жиналысы шақырылатын
болған. Әскердi, басқа елшiлiк қарым-қатынасты реттеу iсiн беклер, бек басқарған.
Атқарушы өкiмет- дуанды уәзiр биледi. Қалалар мен бағынышты ұлыстардың басына
даруғалар мен басқақтар тағайындалған, олардың мiндетi негізінен алым-салық
жинаумен көрiндi. Аса маңызды қызметтердi хан отбасының мүшелерi иелендi. Iрi-iрi
нояндар, бектер, әмiрлер, баhадүрлер әскербасы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы деген
қызметтердi атқарды.
Шыңғыс ұрпағынан мемлекеттiң ең жоғарғы әмiршiсi Ұлы хан сайланды. Ол
өзiнiң жоғарғы өкiмет билiгiнiң бiрден-бiр ресми айдары (атрибуты) болған “қаған”
(“қаған”, “хақан”) деген атаққа ие болды. Ұлы ханның мемлекет басшысы ретiндегi
құқылары бүкiл әскери билiктi, заң шығару органдарын және әкiмшiлiк басқару жүйесiн
қамтыды. Империяның бастапқы ондаған жылдарында жоғары үкiмет билiгiнiң нығаюы
мен дамудың көрсеткiшi есебiнде ақша көзi-теңге құйылған. Түрлi ұлыстардың
36
қалаларында, оның iшiнде Орта Азияның iрi елдi мекендерiнде де шығарылған теңгелер,
әдеттегiше, оларда ұлы ханның есiмi немесе таңбасының ойылып айқын жазылуы едәуiр
сирек кездесетiн. Алтын Ордаға келген шет жерлiк елшiлердi мiндеттi түрде
Қарақорымға жiберiп отырғанына қарағанда, елшілермен тек қана ұлы хан келiссөздер
жүргiзе алған.
Осы моңғол империясының саяси өмiрiнде Шыңғыс әулетiнiң және көшпелi
моңғол ақсүйектерiнiң жалпы империялық жиналысы - құрылтай (хурилтай, хурилта)
ерекше маңызды болды. Ол ресми түрде өкiмет билiгiнiң жоғары орны ретiнде еларалық
және iшкi саясат мәселелерiн шешiп отырған. Құрылтай iс жүзiнде Шыңғыс әулетiнiң,
әскер басыларының, азаматтық әкiмшiлiк қайраткерлерiнiң, ханның және оған жақын
адамдардың күнi бұрын қабылдаған шешiмдерiн құлақтандыру мен орындалуын
қамтамасыз етуге арналған жиналысы болды. Дегенмен, құрылтай империя
билеушiсiнiң iс-қимылын шектемедi. Ұлыстық деңгейде өтетiн құрылтайларда
мемлекетте тиесiлi орын алған. Ондағы мiндеттердiң бiрi өзара қырқыстарға жол бермеу
болды (1269 жылғы Талас құрылтайы, 1309 жылғы құрылтай). Алайда Шыңғыс
тұқымдары арасындағы толассыз қақтығыстарды тоқтату мүмкiн емес едi, әрбiр
ханзаданың қарекетi iс жүзiнде құрылтайдың шешiмiмен емес, оның соғыс қуатымен
анықталып отырды.
XIII ғасырда Моңғол империясын басқару үшiн ортақ талаптарға сай
ыңғайластырылған заңдар мен ережелердiң топтамасы Шыңғыс-ханның “Ұлы ясасы”
дүниеге келдi. Яса (ясак, моңғолша-дзасак) қаулы немесе заң деген мағнаны бередi. Яса
түпнұсқада сақталмаған, тек мазмұны қысқаша үзiндiлер-баяндаулар түрiнде ғана бiзге
жеткен. Яса заңдар жинағы Шыңғыс хан әулетiнiң тектiлiк беделiн бекiттi, ұзақ уақыт
бойы сақталған бұл дәстүрдi бұзғандар бiлiк /“бiлiм”/ деген түрiк сөзiмен аталған
Шыңғыс ханның нақыл сөздерiне сәйкес қатаң жазаланатын болған.
Алайда, құқылық дәстүрi ежелден қалыптасқан Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының өмiрiнде “Яса” аса маңызды өзгерiстер енгiзе алмады, бар болғаны
көшпелi мәдениеттiң талаптарын реттеуге ғана мүмкiндiк алды. Моңғолдардың “Яса”
заңдары мен жергiлiктi халықтардың дәстүрлi құқықтары арасындағы өзара сабақтастық
деңгейi айта қаларлықтай болмады. Әсiресе, Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiк-
шығыс
өңiрлерiндегi
әлеуметтiк-экономикалық
ерекшелiктер
“Ясада”
жете
реттестiрiлмеген. Оның жекелеген қағидалары мұсылманның дiни құқына және
жергiлiктi тұрғындардың әдет-ғұрпына мүлдем қайшы келдi. Осының әсерiнен халық
шаруашылығының дамуына кеселдiгiн тигiзген iрi-iрi қақтығыстар болып тұрды. Уақыт
өте келе моңғолдар жаулаған елдердiң өркениетiмен бiте қайнасып, “Ясаның”
қағидаларын түпкiлiктi сақтау жойыла бастады.
Моңғолдар қоластындағы елдерде арнайы тағайындалған уәкiлдер мен әкiмдер -
даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарған, ал қазақ өңiрiнде моңғолдар
басқарудың дәстүрлi жүйесiн өзгерткен жоқ. Жергiлiктi басқару қызмет орындарының
көпшiлiгiнде бұрынғы билеушiлер өз мiндеттерiн сақтап қалды, бiрақ олардың iс-
әрекетiн моңғол билеушiлерi қадағалап отырған. ¤з артықшылықтары мен үстемдiгiн
сақтап қалу үшiн жергiлiктi шонжарлар жаңа билеушiлерге бар ынтасымен қызмет
еткен. Екi жақтың билеушiлерi /бiр-бiрiне тәуелдi/ арасындағы ымыраластық барған
сайын күшейе түстi. Моңғолдар жергiлiктi тектi шонжарлармен туысқандасып, сiңiсiп
кеттi. Келе-келе моңғол шонжарлары жергiлiктi тiлдерде сөйлей бастады. Шыңғыс
ханның ұрпақтары төрелер немесе сұлтандар деп аталып, ақсүйек өкiлдерi ретiнде
бұқара халықтан айырықшаланды. Ақсүйектердiң артықшылықтары “Ясада”
белгiленген едi.
“Яса” шарттары бойынша билеушi және меншiк иелерiнiң артықшылықтары
белгiлендi. Ол бойынша жергiлiктi халық соғыс жорықтарына қатысу үшiн әр бiр он
үйден (түтiннен) бiр жауынгер шығаруға мiндеттi болған. Хан әулетiне сыбаға есебiнде
күрделi алымдар мен мiндеттемелер түсiп отырды. Көшпелi мал өсiрушiлер құшыр деп
аталатын салық төлеуге тиiстi едi, оның мәнiсi жүз бас малдан бiр бас мал беру.
Егiншiлерден де астықтай салық алынды-әрбiр он тугар егiстен қазына пайдасына бiр
тугардың өнiмi, кей бiр жерлерде харадж (жер салығы) алынды. Зерттеушiлер
моңғолдар енгiзген салықтардың кемiнде 20 түрi болғанын атап көрсетедi. Салық жинау
құқы сатып алынатын болды. Салық жинау қызметi аса маңызды рөл атқарды, оны
37
сатып алуға болатын едi. Сондықтан болар, салық жинаушылар өз пайдасына жымқыру
мақсатында мөлшерден тыс алымдарды енгiзумен халықты аяусыз қанап отырды.
Көпестер баж салығын төледi. Салық жинаушылар қарамағына арнаулы әскерлер тобы
бөлiнген.
Орта Азия мен Оңтүстiк Қазақстандағы бұрыннан дамыған қоғамдық
қатынастарға моңғолдар уделдiк шартты түрде басқа өзгерiс-жаңалықтар енгiзген жоқ.
Уақыт өте келе моңғол билеушiлерi қарамағындағы елдердi жыртқыштыққа негiзделген
зорлық-зомбылықпен ұстап тұру мүмкiн еместiгiне көзi жеттi. Сондықтан, бағынышты
халықтардың талаптарын ескерiп, жер өңдеу түрлерiне және иемдену жолдарына аса
мән бердi. Олардың iшiнде бiртiндеп сойырғалға ауысқан икта институты, вакф
(мұсылман дiн басыларының жерлерi), мильк (жер иемденудiң жеке меншiк түрi) т.б.
маңызға ие бола бастады.
Тәуелдiлiк қамытын киген халықтарға Шыңғысхан ұрпақтарының еншiсiндей,
әрдайым оларға ауыр салықтар мен мiндеткерлiктер жүктелiп отырды. Әскери
мiндеткерлiк өте ауыр болды. Жоғарыда аталған ұйымдастырудың ондық жүйесiне
сәйкес, халық моңғол әскерлерi үшiн жауынгерлер беруге мiндеттелiндi. Оған қоса
әскери қару-жарақпен қамтамасыз ету, т.б. жүктемелер халықтың басым көпшiлiгiн
өндiрiстен қол үздiрiп, шаруашылығын күйзелттi. Отырықшы халық та әскери борышын
өтеуге тиiс болды (бұлар да он түтiннен бiр жауынгер беруге тиiс болды), бұл
жауынгерлер жаяу әскердi құрап, оларды моңғолдар қамалдарды қоршау үшiн
пайдаланады.
Хан сарайы мен өз әмiршiлерiнiң пайдасына көшпелi малшылар құшыр салығын
төледi. Бұл салық Мөңке хан тұсында енгiзiлдi. Күйзелген халықты ашындырмаудың
амалын қарастырудан туындаған құшыр салығы - 100 бас малдан 1 бас мөлшерiнде
алынды. Дегенмен, бұндай ымыраластық жеңiлдiктер iс жүзiнде орындалмады. Кейiн
құшыр барлық тұрғындардан жан басынан (еркектерден) алынатын салыққа айналды.
Отырықшы халық сондай-ақ жер салығында (харадж) төлеп тұрды. Сонымен қатар,
әскердi астықпен, малмен және т.б. керек-жарақтармен жабдықтауға бағытталған алым-
тағар “төтенше салық” (аввриз) секiлдi көптеген салықтар белгiлендi.
Ямдар (почта станцияларын) қызметi немесе почта мiндеткерлiгi үшiн тұрғын
жай беру де бұқараға есепсiз шығын әкелдi. Бұл мiндеттi көшпелiлерде,
отырықшыларда атқарып отырды. Халық ерекше жарлық бойынша жол жүрiп бара
жатқан моңғолдардың елшiсiне, шенеуніктерге, көпестерге көлiк, жайланатын үй, азық-
түлiк беруге мiндеттi болды. Халыққа сондай-ақ сол жерде тұрған моңғолдың әскери
жасақтарын киiммен, азық-түлiкпен жабдықтау мiндетi де жүктелдi. Қиянаттар бұл
мiндеткерлiктердi ауырлата түстi. Моңғолдар ямдарға арнап ат-көлiк, жем, азық-түлiк
берудiң белгiленген мөлшерлерiмен қанағаттанбай, сонымен бiрге осының барлығын,
әсiресе жылқыны шектен тыс зорлықпен алып тұрды. “Күштеу мен қорқытып тартып
алу барған сайын күшейiп, егiншiлiкпен шұғылданатындардың, әсiресе белгiленген
алымдар мен мiндеткерлiктердiң көптiгiнен (зардап шеккендердiң) алған астығының өзi
белгiленген алымдардың жартысын да өтеуге жетпейтiн болды”-деп атап көрсеткен
Рашид ад-дин.
Бесіншi дәрiс.
Достарыңызбен бөлісу: |