А) септеулік шылаулар.Септеулік шылаулар ҿздері қатысты
сҿздердің белгілі бір септік жалғауда тұруын керек
етеді.Қазақстанның кейбір солтүстік жҽне шығыс облыстарында
дейін, шейін шылауларымен қатар шекейін, шекті варианттары
да қолданылады. Мысалы; Екеуміз ауылға шекейін бірге
барайық.(Павлодар).Шығыс Қазақстан жҽне батыс аймақтарының
бірқатарында бұл шылаудың шекті түрі де кездеседі. Мысалы:
Ол кісі сағат екіге шекті келемін деп еді.(Орын., Ад.). Осыған
шекті мен оны білмеппін(Сем., Абай). Бұл шылау М.Ҽуезовтің
шығармаларында да кездеседі.Оған шекті мына екеуі осы арадан
тапжылмайды (М. Ҽуезов). Солтүстік шығыс облыстарында
ҽдеби тілдегі тҥгіл шылауымен қатар тҧрғай, тҧрғой шылауы да
қолданылады. Мысалы: Байтал тұрғай бас қайғы деген бар емес
пе. (Тау.,Қош.,). Күшті қол ағаш тұрғай темірді де сындармай ма,
Есеке-ау!(Ж.Тілеков) Сыйықты, сияқты, секілді, тәрізді: Мен
сыйықты қарттар толып жатыр ғой (Шығ., Қаз., Зайсан).
Сыйқатты, сияқты: Егін жанындағы ҿзекте сиыр сыйқатты бір
нҽрсе қарайып кҿрінеді(Қарағ., Шет). Керегінде, туралы, жӛнінде: Монғолия керегінде Оспан Құдабаев жақсы біледі (Тау.,
Қош.,).