А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


  –  жаттығу.  Мақалды  жалғастырып  жазыңыздар



Pdf көрінісі
бет108/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   200
Байланысты:
Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

 
7  –  жаттығу.  Мақалды  жалғастырып  жазыңыздар, 
диалект сӛздерді табыңыздар. 
1.  Су патшасы – мұрап, ... 
2.  Үйдің сҽні сандық болар, ... 
3.  Жаман адамға мал бітсе, ... 
4.  Құмсыз жер болмас, ... 
 
8  –  жаттығу.  Ӛздеріңіз  білетін  поэзиялық  шығармалардан 
диалекті сӛз кездесетін бірнеше мысал келтіріңіздер. 
 
Студенттің ӛзіндік жҧмысы: 
 
1) Махамбет ӛлеңдерінен диалектілерді теріп жазу 
 
2) 
Әбдіжамал 
Нҥрпейісов 
пен 
Әбу 
Сәрсенбаев 
шығармаларындағы  Арал,  Каспий  балықшыларының  тілін 
салыстырыңыздар.  


112 
 
10-модуль  
Танымдық блок 
Сӛйленістердегі сӛз тудырушы жҧрнақтар 
Қазақ 
говорларындағы 
диалектілік 
ерекшеліктердің 
бірқатары  туынды  сҿздермен  байланысты.  Диалектілік  туынды 
сҿздердің  жасалуына  ҽдеби  тілдегі  барлық  жұрнақтар  қатыса 
бермейді.  Туынды  сҿздер  тек  кейбір  жұрнақтар  арқылы 
жасалады. Жұрнақ жалғанған түбір екі сипатта болуы мүмкін: 1) 
ҽдеби  тілде  ҿз  алдына  қолданылатын  түбірге  жұрнақ  жалғану 
арқылы  жасалған  туынды  сҿздер  бар.  Мысалы,  аман,  сын,  жар 
сияқты  сҿздерден  түрлі  жұрнақтар  жалғану  арқылы  амандау 
(түгелдеу),  сындау  (сынау),  жарлау  (жариялау)  сияқты  тек 
говорлар  аясында  ғана  қолданылатын  сҿздер  жасалған;  2)  ҽдеби 
тілде  ҿз алдына  қолданылмайтын, тек  говорларда қолданылатын 
сҿздерге  жұрнақ  жалғану  арқылы  жасалған  туынды  сҿздер. 
Мысалы,  шандоз  (керемет  ҽдемі),  шану  (сену)  сҿздерінен 
шандоздық  (ҽдемілік),  шанымдық  (сенімділік)  сияқты  туынды 
сҿздер жасалған.  
Бұл  топтағы  сҿздердің  түбірлері  ҽдеби  тілде  де,  говорларда  да 
жұрнақсыз  жеке-дара  қолданылмауы  мүмкін.  О  баста  жеке 
мағынада  қолданылған  сҿз  кейін  түбір  күйінде  қолданылмай,  тек 
қосымшалы күйінде ғана сақталып қалған. Мысалы, дар-дай, тҥрпі-
дей, алпамса-дай сҿздері де ҽдеби тілде қосымшасымен сақталған. 
Сҿз тудыру саласындағы қазіргі зерттеу еңбектерде айтылып 
жүрген  ғылыми-теориялық  тұжырымдар  жалпы  алғанда  түркі 
халықтарының  ҽдеби  тілдері  мен  бүкілхалықтық  сипаты  бар  тіл 
фактілеріне  негізделгендігін  айта  кету  керек.  Жергілікті  халық 
тіліндегі  сҿз  тудыру  жүйесі  түркологияда  ҽлі  арнайы  зерттеу 
обьектісі  болған  жоқ.  Мҽселен,  қазақ  тіліндегі  ғылыми 
зерттеулерде  жергілікті  халық  тілінің,  говорлардың  кейбір 
жекелеген фактілері ғана сҿз болды. Осындай жҽйтті басқа түркі 
тіл білімдерінен де байқаймыз.  
Жергілікті халық тілінің материалдарына қарағанда оның сҿз 
тудыру  жүйесінде  ҽбден  қалыптасқан  ҿзіндік  ерекшеліктері  бар 
екенін  байқау  қиын  емес.  Оны  зерттеу  жалпыұлттық  тіл 
кҿлеміндегі сҿз тудыру жүйесін таныта білуде біздің түсінігімізді 
ҽлдеқайда  кеңейтеді.  Қазақ  тілі  говорларында  сҿз  тудырудың 
лексика-семантикалық, синтаксистік тҽсілдерін былай қойғанның 


113 
 
ҿзінде,  жұрнақтардың  құрамында,  олардың  сҿз  тудыру  ретінде 
бірқатар ерекшелік бар. 
Қазақ  тілі  говорларының  материалдарына  кҿз  салсақ, 
бірсыпыра жұрнақтардың ҽдеби тілде кездеспейтінін байқаймыз. 
Мұндай  жұрнақтардың  зат  есімнен  зат  есім  тудыратын  –  ди 
(тҧзди  –  тоғыз  құмалақ  ойынындағы  тұздық  мағынасында), 
етістік  түбірге  қосылып,  одан  есім  сҿздер  тудыратын  –пай,  -
пайлы,  -дәр,  (тоспай  –  балық  аулайтын  құрал,  шанышпайлы  – 
ауруға  қарсы  егу  (шаншу)  ісі,  тҥртпей  –  сиыр  малының  ауруы, 
тырыспай  –  оба  ауруы,  міндәр  –  су  жиегінде  қайыққа  мінетін 
орын  (Арал  говоры  материалдарынан)  т.б.  жатқызуға  болады. 
Осы  типтес  жүрнақтардың  пайда  болу  тарихы,  говорларда  сҿз 
тудыру  қабілетіне  қарай  ҿнімді,  ҿнімсіздігі  ҿз  алдына  жеке 
мҽселе. 
Говорларда  сҿз  тудырушы  жұрнақтардың  үлкен  бір  тобы 
жеке  морфема  ретінде  жалпыхалықтық  тілде  де,  ұлттық  ҽдеби 
тілде де бұрыннан белгілі. Бірақ олардың сҿз тудыруында елеулі 
айырмашылықтар бар. Мҽселен, ҽдеби тілдегі –сыз, -сіз, -лы, -лі, -
шылық, -шілік жұрнақтары тіліміздегі басқа да жұрнақтар сияқты 
кез келген сҿзге жалғана бермейтіндігі, сҿздердің белгілі тобына 
ғана  жалғанып  сҿз  тудыратыны  белгілі  жайт.  Олар  ҽдеби  тіл 
жүйесінде  сҿз  тудыру  қабілеті  нормаланған  жұрнақтар.  Ал 
тіліміздің  говорларында  осы  жұрнақтардың  сҿз  тудыруы  ҽдеби 
нормаға сай келе бермейді. Мысалы, солардың қосылуы арқылы 
жасалған  татасыз  (қайғысыз),  наятсыз  (мейірімсіз),  ниқаятсыз 
(ҿлшемсіз,  есепсіз),  пісентті  (жинақы),  шақатты  (ҽлді), 
ышықты 
(теңізде 
балықтың 
кҿп 
жері), 
абатшылық 
(тарышылық), қауданшылық (кек, дұшпандық) т.б. сҿздер қазіргі 
ҽдеби  тілде  қолданылмайды.  Келтірілген  жұрнақтар  ҿздерінің 
ҽдеби  тілдегі  мағынасын  сақтай  отырып,  ҽдеби  тілде 
қолданылмайтын жергілікті сҿздерден сҿз тудырып тұр. 
Қазақ  тілі  говорларындағы  жұрнақтардың  сҿз  тудыру 
қызметінде  кҿңіл  аударарлық  тағы  бір  ерекшелік  бар.  Мысалы, 
Маңғыстау говорында қолданылатын шақырық (шақыру), жапқы 
(жабық), отырмақ (сауық кеш, жиын), айырмақ (айырмашылық), 
алғы (аласы), ҥреген (үргіш), тентексоқ (тентек), еркесоқ (ерке), 
Арал  говорларында  айтылатын  жаяушы  (жаяу  жолаушы), 
аманғы  (ежелгі),  кемшіл  (кем),  наркеш  (нар  жинаушы)  т.б. 
сҿздердің  морфологиялық  құрамын  талдап  қарасақ,  сҿз 


114 
 
тудырушы  жұрнақтар  да,  олар  қосылып  тұрған  сҿздер  де  жеке 
алғанда  ҽдеби  тілде  кездеседі,  яғни  бұлардың  қай-қайсысы 
болсын  жалпыхалықтық  сипатта.  Бірақ  осы  жұрнақтардың 
жоғарыдағы сҿздерге қосылып сҿз тудыруы ҽдеби тілге тҽн емес, 
яғни  бұл  арадағы  туынды  сҿздер  говорлық  сипаттағы  сҿздер. 
Говорларда осындай жолмен жасалған ҽдеби тілде  жоқ кҿптеген 
сҿздерді  кездестіруге  болады.  Бұл  сияқты  құбылыстар, 
біріншіден,  тіліміздегі  жұрнақтардың  сҿз  тудыру  қабілеті  мол 
екендігін,  ҽдеби  тілдің  нормалық  аясымен  ғана  шектелмейтінін 
кҿрсетсе, екіншіден, говорлардың тіл жүйесін, олардың лексика-
грамматикалық  ішкі  құрылысын  терең  зерттеу  қажеттігін 
аңғартады. 
2.  Диалектілік  туынды  сҿздердің  жасалуына  қатысатын 
жұрнақтар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет