Байланысты: Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы
Грамматикалық ерекшеліктер. Тҽжік қазақтары тілінде ерекше кҿзге түсетін грамматикалық
ерекшеліктің бірі -ң, -ың, -ің формалы етістік тұлғасының жиі
қолданылуы. Етістіктің бұл қосымшалары етістікке жалғанғанда
бұйрық мҽнде қолданумен қатар тілек, қалау, сыпайылық
реңдерді де білдіреді. Оңтүстік говорлар тобының кҿп
жерлерінде бұйрық рай формасы -қын, -ғын, -кін, -гін қосымшасы
арқылы берілсе, сҿз болып отырған ҿңірде -ң, -ың, -ің тұлғасында
айтылады. Мысалы: барың (бар),келің (кел), тҧрың (тұр), шығың
(шық).
Ң қосымшалы етістік ҿзінің осылай ешбір бҿгде
морфологиялық форманттардың кҿмегінсіз-ақ ҽрі сыпайылық, ҽрі
жекеше, кҿпше мағыналарда бірдей жұмсала береді. Мысалы: Сіз табыс етің. Сендер ҧйықтай берің. Оларға бермең, т.б.
С.Аманжолов
бұл
құбылысты
оңтүстік
диалектінің
грамматикалық ерекшеліктерінің бірі деп тани отыра, түркі
тілдерінде де сақталып келе жатқан кҿне құбылыстың бірі деп
есептейді .
М.Қашқари сҿздігінде –ң тұлғалы еетістіктің осы мағынада
жұмсалуын ескерсек, С.Аманжолов пікірінің дұрыстығын
қуаттай түсеміз.
Бұл ерекшелік оңтүстік говорлар тобын түгел қамтымай,
Шымкент облысының Ҿзбекстан территориясына жақын, шектес
аудандардағы тұрғындар тілінде жиі ұшырайды. Соңғы кездегі
зерттеулерге қарағанда батыс говорлар тобына кіретін Маңғыстау [6],
Қарақалпақ ССР-і мен Түрікмен ССР-індегі [7, 181] қазақ
141
говорларында жиі қолданылатын, осы үш говорларға ортақ,
батыс говорлар тобындағы ең бір басты құбылыс болып жүр.