Лексикалық ерекшеліктер.
Тҽжік тұрғындарының этникалық құрамы Кіші жүз
қазақтары болғанмен, тіл ерекшелігі жағынан батыс говорлар
тобында айтылатын біраз сҿздер сақталғанмен, олардың ауызекі
тілінде негізінен оңтүстік говорлар тобына тҽн сҿздердің басым
екенін аңғаруға болады. Мұнда оңтүстік ҿңірге тҽн бастырма
(лапас), там (дуалдан, лайдан жасалған үй), сыбау (сылау),
жай(үй), ауқат (тамақ), ашымық (ашымал), пәтір (ашытпай
илеп пісірген нан), зуала (қамыр), тандыр (нан жапқыш пеш),
ҧстақан (кесектей берілген ет), тоқаш (күлше), пиала (шай кесе),
керней (самаурын трубасы), шарық (шикі теріден істелген аяқ
киім), сарпой (киіт, шапан), кҥлшін (мҽсінің сірісі), мойынтҧрық
(мойын ағаш), оп айдау (егін бастыру), жап (арық), кӛтек арба
(екі дҿңгелекті арба), т.б. сҿздер жиі қолданылады.
Дегенмен осындағы тұрғындар тілінде батыс говорлар
тобында ұшырайтын, сол ҿңірдің ерекшеліктерін сипаттайтын
кҥзе (ыдыс), самар (шұңқыр, кенерелі табақ), чиша(бҿтелке),
созан (ине), кеуіш (кебіс), ілгек (түйме), бел (күрек), дігіршік
(дҿңгелек), тегірмеш (дҿңгелек), кегей (дҿңгелек шабағы), кӛшер
(күпшек), шҥлдік (ойын аты) тҽрізді біраз сҿздер де кездеседі.
Бірақ олардың саны оңтүстікке тҽн сҿздерден ҽлдеқайда аз.
Тҽжікстан
қазақтары
тілінің
ҿзіндік
лексикалық
ерекшеліктерінің жеке дара ҿзгешеленіп тұруына жиі қарым-
қатынас жасап отырған тҽжік, ҿзбек тілдерінің ҽсері себеп болды.
Қайсыбір атауларды алсақ та, ондай ҽсерлер анық байқалып
тұрады. Осы тілдер ҽсері-ау деген мына тҿмендегі сҿздерді
мысалға келтіруге болады: мәстава (ет, күріш, майдан жасалған
сұйық тамақ), кәлләк қант (бас қант), ніс кесе (үлкен кесе),
шәйдош (аққұман тҽрізді мыс ыдыс), ләлә (жайпақ табақ), мағыз
(кҿрпенің жиегі), мӛкі (бҽтеңке тҽрізді ҿкшесіз аяқ киім), пар (құс
жүні), чығана (бау таситын шана тҽрізді құрал), сҧтым
(шығананың табан ағашы), тоға (шығананың табанын оқ ағашқа
жалғастыратын жер),чәпер (бұталы ағаштан жасалған егін
бастыратын құрал), кекпір кетпен (кішкене кетпен), амбыр
(плоскогубцы), ләлімі (сусыз жер егіні), обы (суармалы егін),
аскеді (асқабақ түрі), палаукеді (манты асқабақ), наскеді (насыбай
шақша жасайтын қабақ), сукеді (ыдыс жасайтын қабақ), чақ (арық
түрі), жарма чақ (чақтан тараған арықша), ағет (мақта жүйегі),
142
сәрвәнт (судың кҿмейі), яхаб су (сорлау жерге берілетін қысқы
су), һәуіз 1) су тұнытатын шұқыр; 2) су сақтап қоятын шұқыр,
абышкен (су бұзып кеткен жер); машқы(қағазды үшкірлеп
жасаған ойыншық), тоғыр кепе (қамыс кепе), кәл там (тоқал там,
үй), кәл ешкі (тоқал ешкі), шӛптара (итарқа етіп қамыс, қияқпен
жапқан үй), реу (мҽтке), кәм (аз), әсте-секін (ақырын ақырын),
кәпсен (кеусен), ынтызам (тҽртіп), чӛрек (бауырсақ тҽрізді нан),
каллама (ашытпай май жағып илеп, қаттап пісірген нан),
жҧма(сиыр), кәлтә (қысқа), шақа (айыр), жҥлсә (ер астынан
салатын шашақты жабу), ашала (сиыршы ақысы), зият (артық),
шора (алабота), сағыра (жетім). Тҽжік қазақтары тілінде
айтылып, қазақ тілінің басқа говорларында кездесе бермейтін
мына тҿмендегі сҿздерді келтіруге болады. Олар: ыдыс
атауларына байланысты: қара шәйнек (шҽугім), ақ шәйнек
(аққұман), нас тҥкіргіш (түкіргіш ыдыс); киім-кешек, кілем, мата
сҽндік бұйым түрлеріне байланысты: тҥймешік (сырға
сылдырмағы), қҧс мҧрын сақина (үсті дҿңестеу келген сақина
түрі), қоңырау білезік (екі ұшын бір-біріне айқастыратын
білезік),қақпа алаша (ҿрнексіз алаша), қақпа кілем (ҿрнегі екі
жағына бірдей түсетін кілем), шымырауын ши (ҿрнектеп жасаған
ши), қаптама (пододеяльник), ақсан (қалың мата), тік (жол-жол
мата), ғыжым (плющ); құрал-жабдық түріне байланысты: тепкі
(күрек сабына кигізілетін аяқ ауырмас үшін жасалған тепкішек),
от шаттауық (қысқаш), темір шаттауық (атауыз), оп ағаш
(арбаның тҿрт жағындағы қазығы); егінге, ирригацияға, бау-
бақша түрлеріне байланысты: боз жер (тың жер), бидай пая
(бидай егілген жер), дҥмбіл (дҽнді дақылдардың сүттенген кезі),
бәрік (жүгерінің ең басындағы сота шығаратын жапырақ), бес
тҧқым тарбыз (ішінде бес-ақ дҽні бар қарбыз түрі), ақ зәрметін
(ҿте тҽтті торлама қауын), бәрікәллә (сырты сап-сары, іші қып-
қызыл болып пісетін қауын), кәріқыз (жол-жол, ұзынша қауын),
тҥрікпен қауын (қысқа сақтайтын қара қауын), бір салқын су
(жарты күндік су), екі салқын су (бір күн бойы берілетін су), бір
бел су (арық қазғанда бір кісіге берілетін су); ҽдет-ғұрып, ойын-
сауық түрлеріне байланысты: тоғыз сарпой // тоғыз киіт (келген
кісі санына қарамай берілетін ерлер үшін тоғыз, ҽйелдер үшін
тоғыз киіт), қҧдаша киіт (тоғыз киіт үстіне қосымша қыздар үшін
берілетін киіт), ҧл той (сүндет той), маслихат той (той жасар
алдындағы кеңесу үшін ҿткізілетін кеш), жыртыс (қызға кҿрпе-
тҿсек деп күйеу жағынан берілетін кездеме), қатын қҧран (той
143
алдында мал сойылып оқылатын құран), дҥре соқпай (белбеу
тастамақ), тақия тәртіп (тақия теппек ойыны). Бұл ҿңірде
Қазақстанның басқа жерлерінде кездесе бермейтін тҿмендегі
ҿсімдік атаулары қолданылады. Олар мыналар: қалымсҥгір
(таулы жер ҿсімдігі. Ортасын жарса, тарамыс-тарамыс болып
кетеді), қаттықара (бойы аласа, сексеуіл тҽрізді ағаш), ғҧмай
(жапырақ-жапырақ дҽн байлайтын ҿсімдік), салаумаликум (бойы
10-15 см егінге зиянды ҿсімдік), арнамиядан (басында дҽні бар
биіктігі 10-15 см жапырақты тарамдалып ҿсетін ҿсімдік), кеурек
(сабағы биік іші қуыс ҿсімдік), зерең (ырғай тҽрізді ҿсімдік), шора
(түптеп, отау үйдей болып ҿсетін ҿсімдік), жантақ сораң
(алабота тҽрізді ҿсімдік), таупияз (жуа), ара қияқ (қамыс қияғы),
қызыл қияқ (қалың болып ҿсетін ұсақ қияқ). Тҽжік қазақтары
тілінде басқа ҿңірдегі тұрғындар тілінен ажыратып тұратын сҿз
тіркестері де жоқ емес. Бұлар да қазақ тілінің говорларында
ұшырай бермейтін, осы жерге тҽн құбылыстар болып саналады.
Олар мыналар: арқада қалу (артта қалу), дәп бермеу (дес бермеу),
тәкіліп қылу (ұсыныс жасау), федер нәлет! (атаңа нҽлет!), қара
пҧшта болу(жердің суға қанып ылғалдануы), барабар тақсым
қылу (суды бірдей етіп бҿлу), нам болып қалу (ылғалданып қалу),
асылға кіру (қауын-дарбыз жемісінің ҿсуі), дәрбішәна қылу
(арыққа су жіберерде мал сойып садақа беру), тәмін қылу
(қамтамасыз ету), биқатар ағу (тоқтаусыз ағу), қан талап қылу
(аяқ астынан ауырған малды тез сойып тарату), қабатында болу
(қарауында болу), ағза қылып алу (қабылдап алу), тәшкір қылу
(құру, ұйымдастыру), авад қылу (игеру, гүлдендіру), пәтия қылу
(бата қылу), таңқит қылу(сынау), нас шегу (насыбай ату),
жағдайын алу (мазасын алу), зың болып қалу (зерігіп қалу). Ісің
болмасын (жұмысың болмасын!), ҧйқысы ҧшып кету (ұйқысы
қашып кету), қайыл болу (риза болу). Бұл келтірілген тіркестердің
жасалуында кейбір компоненттердің басқа тілден енген сҿздер
арқылы түзілгені кҿрініп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |