138
13-модуль
Танымдық блок
Қазақстаннан тысқары, туыстас республикаларда
тҧратын қазақтардың тіліндегі ерекшеліктер
Тәжікстандағы қазақтардың тіл ерекшелігі
Тҽжікстанның Қорғантҿбе облысының Вахш алқабын мекен
етіп отырған қазақтардың осы ҿңірге келіп қоныстанғанына алды
бір ғасырдан артық уақыт болған. Кҿпшілігі негізінен ҿткен
ғасырдың орта шенінде барса, біразының орнығуы отызыншы
жылдар. Ҽлемнің 40 шақты елінде тарыдай шашыраған
қазақтардың 20 мыңы Тҽжікстан жерінде мекен етеді. Қазір
олардың біразы ҿз Отанына, ата жұртына қайтып кҿшіп келіп,
Қазақстанның оңтүстік аудандарына қоныс тебуде. Этникалық
жағынан мұнда Кіші жүз құрамына кіретін адай, ҽлім жҽне алаша
руларының ұрпақтары. Олар алғаш келгенде Молдаман, Қаратау,
Сарыкемер, Теректі тауларындағы Дарбаза бұлақ, Қошқар бұлақ,
Найман бұлақ, Үш бұлақ, Ҿлең бұлақ, Қара бұлақ деген жерлерді
иемденген екен. Содан бері жергілікті тҽжік, ҿзбек халықтарымен
тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Мұндағы тұрған қазақтар
ҿзбек мектептерінде оқиды. Ҿз ана тілімен бірге ҿзбек, тҽжік
тілдерін де жақсы біледі. Аталған халықтармен тығыз байланысы
осындағы тұрған қазақтардың тіліне де едҽуір ҽсерін тигізгені
байқалып тұрады. Бұл ҿңірдегі тұрғындар тілін зерттеу
1974 жылдан басталады. Осы жылы профессор С.Омарбеков
Қорғантҿбе облысына барып, материал жиып қайтады. Келесі
жылы 1975 жылы профессор О.Нақысбеков пен кіші ғылыми
қызметкер Ф.Сағындықовалар барып, аталған облыстың Вахш,
Колхозабад аудандары тұрғындар тілінен материал жияды.
1976 жылы Ҽ.Османова, Ф.Сағындықова жҽне Ж.Бейсенбаевалар
барып, зерттеу жұмысын жүргізеді. Осы ізденудің нҽтижесінде
мақалалар мен еңбектер жарық кҿре бастады. Қазір Қ.А.Яссауи
атындағы
Қазақ-түрік
университетінің
аға
оқытушысы
М.Абдулханова осы ҿңірдегі тұрғындар тілін зерттеп еңбек
жазуда.
Тҽжікстанда тұратын қазақтар тілі этникалық құрамы кіші
жүз қазақтары болғанмен тілдік ерекшеліктері жағынан оңтүстік
сҿйленістер тобына жататын ҿзбек,ҽсіресе, тҽжік тілімен ортақ
сҿздері мол жеке сҿйленіс. Тілдегі фонетикалық, грамматикалық,
лексикалық ерекшеліктердің біразын мысал ретінде келтірдік.
140
қазақтары тілінде
һ қосылып (
һәуіз, һәшәр // һашар, һәр) болып
айтылады.
Тағы да бір кҿңіл аударарлық құбылыстың бірі
ә (а) мен
е
дауыстыларының алмасуы. Ҽдеби тілде жҽне қазақ тілінің басқа
говорларында
е қолданылатын жерде тҽжік қазақтары тілінде ҽ
дауыстысы жұмсалады. Мысалы:
әсәл (ҽсел),
дәреу (дереу),
кҥләә-
кҥләә (күле-күле),
бір мәртә (бір мҽрте),
кәу-кәулеп (кеу-кеулеп).
Ал кейбір сҿздерде
е орнына
а дауыстысы айтылады. Мысалы:
кәсал (кесел),
дерәу (дереу),
тиірман (диірмен),
дҥниа (дүние),
мәкам (бекем),
бекар (бекер),
гҥнәкар (күнҽкҽр),
жҥннан
(жүннен). Тҽжік қазақтары тіліндегі қысаң
е орнына ашық
а, е
дауыстыларының жұмсалуы да ҿзбек тілінің материалдарымен
сай келіп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: