Шешендікке қойылатын талаптар
Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің ма-
ғынасы алдында шешіліп сөйлейтін түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін
данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ
тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік
деген сөздермен қатар қолданыла береді.
Қазіргі тіл білімінде шешен деген сөз көпмағыналы: 1) шешендік өнер-
мен айналысатын адам; 2) жиналыста т.б. көпшілік алдында сөйлейтін адам;
3) қызыл тілді меңгерген шешен сөйлеуге қабілетті адам [13].
Жалпы, шешен дегеніміз мол білімімен, айшықты, әсем тілімен оқыр-
мандарына әсер ететін, бір нәрсе туралы сендіріп, бір нәрсеге ұмтылдыра-
тын, сөзге тапқыр, ойы терең, білімдар адам.
Кез келген адам шешен бола ала ма? Осы сұрақтың төңірегінде талас-
ты пікірлер бар. Біреулер ол Алланың берген сыйы, таланты, жаратылысы-
нан болады десе, екіншілері шешенге қажетті қасиеттерге дамытумен, тәр-
биемен, көп оқумен жетуге болады дейді. Бұл бүгінгі күннің таласы емес,
шешендік өнер тарихында үнемі туып отырған сұрақ. Көне Римнің мыңда-
ған жылдар бұрынғы әйгілі шешені және теоретигі Марк Туллий Цицерон
айтқан: «Ақын болып туады, шешен болып шығады («Поэтами рождаются,
ораторами делаются»)». Ұлы шешен ақындыққа талантты болып туу керек
екенін, ал шешендікке көп оқып, көп ізденіп, көп сөйлеп жаттығып, күш-
қуат жұмсаудың қажеттігін айтты.
А.Ф. Конидің пікірінше, шешендік пен көпшілік алдында сөйлей алу-
шылық – екі түрлі нәрсе. Шешендік, қызыл тілге жүйріктік адамның табиға-
тынан бар талант болса, ал көпшілікке сөйлей алушылық күнделікті сөйлеу
тәжірибесінен, үздіксіз сөйлеп жаттығудан пайда болады.
Шешендік өнердің тарихына үңілсек, көне грек шешені Демосфеннің
өмірі кімге де болса үлгі. Оның алғашқы сөйлеуі сәтсіз болып жүрді. Демос-
фен сөйлей бастағанда алғашқыда жұрттың бәрі күлді, айқайлап, наразылық
білдірді, шешенді аяғына дейін сөйлеуге жеткізбеді. Демосфен зор күш-қай-
рат жұмсаудың арқасында замандастарының арасында табысқа жетті.
Ертедегі грек тарихшысы Плутарх «Избранные жизнеописания» деген
еңбегінде Демосфеннің өз әлсіздігімен қалай күрескендігі жайында әңгіме-
лейді: Демосфен міңгірлеп, тілін шайнап сөйлейтін кемшілігін жою үшін ау-
зына қиыршық тастарды толтырып салып алып, ақындардан үзінділер оқы-
ған, айқын, түсінікті етіп айтуға тырысқан; жүгіріп бара жатып немесе тауға
шығып бара жатып өлеңдерді немесе ұзақ фразаларды демалмастан айтуға
үйренген. Өзіне кедергі жасайтын табиғи кемшіліктерін жою үшін Демос-
фен жер астындағы бөлмеге қамалып, даусын жетілдіру үшін күндіз-түні
жұмыс істеді. 2-3 айлап сыртқа шықпас үшін басындағы шаштың жартысын
қырқып тастауға дейін барған, жұрт алдына шыққысы келсе де, бұл түрі-
мен шыға алмаған. Мұнымен қоса кез-келген кездесуді, іскерлік әңгімені
25
Демосфен қызыл сөзге жеткізетін жаттығу ретінде санаған. Жалғыз қалып,
болған әңгімені, естіген әңгімені қайталап айтып шығатын болған. Ол өзге
әйгілі шешендерден үйренген: оларды ынтамен тыңдап, солардың сөзіндегі
логикаға мән берген, сөйлеуіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді түртіп жа-
зып отырған. Өзгелер не өзі сәтті қолданған сөздер мен сөйлемдерді есінде
ұстаған да, кейін өз сөзінде қолданып отырған, бір ойды бірнеше нұсқада
айтып жаттығу жасаған, жетілдірген, артығын алып тастаған, сөйтіп ең ар-
тық нұсқасын таңдаған [14]. Осы айтылғандардан Демосфеннің тумысынан
шешен болмағанын, шешендікке еңбекқорлығының, табандылығының, қа-
жырлығының арқасында жеткенін білуге болады.
Плутархтың айтуынша, қайталанбайтын өзгеше білімдар жан-жақты
және әбден төселген майталман шешен Цицерон болған. Ол жасынан талант-
ты болған: философиялық еңбектерді көп оқыған, ақын болған. Бастауыш
мектепті бітірісімен Цицерон шешендігімен римдіктерді таң қалдырған
академик Филонды тыңдаған. Өзінің тума таланты мен еңбекқорлығының
арқасында замандастарының арасында зор беделге ие болған. Цицерон б.ғ.
дейінгі ІІ ғасырда Римде ашылған шешендік өнер мектебінде сабақ берді,
ол мектепке жастар қатты ұмтылды. Бірақ ол мектепке кез келгеннің қолы
жетпеді, себебі ол үшін грек тілін өте жақсы білу керек болды және шешен-
дердің сабағы арзанға түспеді.
Гректердің шешендік мектебіне кейін үкімет басына бара алатын арис-
тократтардың балалары ғана оқи алды, үкімет бұл шешендік мектепке қат-
ты көңіл бөлді. Цицерон осы мектепте болашақ жеткіншектерге ғылымның
барлық түрлерін зор құлшыныспен бойына сіңдірген. Балалардың әкелері
оны өз көзімен көріп, тыңдау үшін сабаққа қатысқан, көшеде оған жол бер-
ген, құрметті орынға отырғызған [15].
Ұлы шешендердің өмірінен байқағанымыздай, шешен аса білімдар, көп
оқыған, әдебиет, тарих, өнер, әр түрлі ғылым және техника салаларынан
жетік білетін адам болуы керек. Сонымен қатар шешеннің жеке басының
ерекшеліктері де маңызды рөл атқарады. «Шешендер туралы» атты еңбегін-
де Цицерон шешеннің үш түрі бар екендігін айтады:
1) айтылмақ ойын қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, «салқынқанды-
лықпен» ұсынатын шешен;
2) аудиторияның сезіміне әсер етуді мақсат етіп, белгілі бір ассоциация-
лар тудыратын көркемдеуіш-бейнелеуші элементтерді көбірек пайдалана-
тын қызуқанды шешен;
3) ретіне қарай жоғарыдағы екі стильдің де элементтерін шебер қолда-
натын шешен [16].
Шешендердің жүйрік ой толғауы тыңдаушылардың талғамына тәуелді.
Ол не айтатынын, қай жерде айтатынын және қалай айтатынын жете түсіну-
ге тиісті.
|