Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ұлттық болмыс

Шешен сөйлеуге дайындық

Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса.

Жол бастау қиын емес,

Соңыңа ерген елің болса.

Бәрінен де сөз бастау қиын

Тауып айтсаң, мереке қылады,

Таппай айтсаң, келеке қылады.

  

 

 

 

Досбол шешен

Көпшілік  алдында  сөйлеуге  дайындықтағы  басты  талаптардың  бірі  – 

өз-өзіне сенімділік қалыптастыру. Себебі, сөйлер алдында шешен көп жағ-

дайда қатты толқиды, тіпті тыңдаушылармен кездесуден қорқады, өзіне-өзі 

сенімсіздік білдіреді.

Неміс  зерттеушісі  Отто  Эрнсттің  «Сізге  сөз  берілді»  деген  еңбегінде 

көпшілік  алдындағы  қорқыныштың  себептерін  көрсетіп,  одан  құтылудың 

жолдарын ұсынады.

Оның  пікірінше,  қорқыныштың  себебі  –  шектен  тыс  ойлап  қайғыру. 

Мұндай жағдайда сөздің мазмұнына көңіл аударып, іс жайында ғана ойлау-

ды  ұсынады.  Көпшілік  жағдайда  шешен  өзінің  мүмкіндіктеріне  сенбейді, 

сондықтан шешен сөйлеуге жақсы дайындалғанын, тыңдаушыларға маңыз-

ды және пайдалы нәрселер айтатынына өзін өзі сендіру керек дейді. Тәжіри-

бесі жоқтықтан қорқатындарға мүмкіндік туған сәттердің бәрінде сөз сұрап, 

сөйлеп жаттығу керектігін айтады [17].

Бір  сөзбен  айтқанда,  шешенге  психологиялық  дайындық  керек.  Сөй-

леуші өзінің көңіл-күйі мен сезімін билей алуы қажет.

Шешендікке қойылатын талаптардың бірі – тіл тазалығы, тіл анықтығы. 

Тіл тазалығы тілді терең және саналы оқып үйрену барысында жетіліп шың-

далады. Бұған ана тілін құрметтейтін қоғам мен отбасы мүшелері, сондай-ақ 

бұрынғы өткен шешендер мен ақындардың шығармашылықтары үлкен ық-

пал ететіні сөзсіз. Шешен болу үшін ұлттық әдебиеттің қазынасын егжей-

тегжейлі білу – басты шарт.

Орыстың әйгілі ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765 жж.) «Шешендік 

дегеніміз ғылым» атты еңбегінде шешендіктің рухани қабілетпен, ғылым-

мен, авторларға еліктеумен, шығармашылыққа бейімделумен, басқа ғылым-

дарды меңгерумен және айқын, күшті дауыс, мықты рух, кең кеуде тәрізді 

табиғи ерекшеліктермен біртұтас екендігін баяндайды [18].

Шешеннің сөзі тыңдаушылардың сезіміне әсер дарытуы қажет. Сондық-

тан, шешеннің аузынан жиі қайталанатын сөздер кездеспегені жөн. Лирика-

ны аз-кем пайдаланғаны дұрыс. Тыңдаушылардың назарын аудару үшін: 1) 

қысқалық, 2) ширақ сөйлеу, 3) көңілді сергітетін қысқа қайырым-шегіністер 




27

болса, нұр үстіне нұр. Сөз сөйлеушінің түйдекті ойлары бір-бірінен туын-

дап, өрбіп, дамып отыруы жарасымды құбылыс. Баяндаманың түйіндемесі 

– барлық айтқандарыңның қорытындысы. Бұдан кейін бірдеңе айту мүмкін 

еместей болу керек [19].

Шешеннің басты парызы – тыңдаушыларды ортақ пікірге ұйыту, ортақ 

келісімге келтіру.

Шешен қандай күрделі жағдайда болмасын (оқыстан қойылған сауалдар-

ға, репликаларға) іштей қобалжығанымен, тапқырлық, ұтқырлық, икемділік 

танытып, қиындықтан қиялап шығып кетуі тиіс. Ой-пікірін сәтті сабақтас-

тыруға шебер, аудиторияның ерік-жігеріне, ішкі серпілісіне (реакциясына) 

шапшаң, жанды жауап беруге төселу қажет.

Сонымен, шешен тыңдаушыларға әр түрлі 

жолмен әсер ете алады. Кейбір шешендер тың-

даушыларын дауыс күшімен, айқындылықпен, 

ойдың  тереңдігімен,  дәлелдеу  шеберлігімен, 

ойлау логикасымен баурайды, кейбіреулер өз-

геде жоқ эмоционалдылық, экспрессивтік қа-

сиеттермен, образды, көркем сөйлеуімен ерек-

шеленеді.

Әйтсе  де  әрбір  сөйлеу  әрі  логикалы,  әрі 

эмоционалды  болуы  қажет.  Егер  шешен  қы-

зықсыз,  ойсыз  әңгімені  жоғары  эмоциямен, 

көтеріңкі  пафоспен  сөйлесе,  тыңдаушылар-

дың  ашуын  туғызады.  Әуелгі  кезде  тыңдау-

шыларының  назарын  өзіне  аударуы  мүмкін, 

кейін  тыңдаушылары  мазмұнында  іліп  алар-

лық ешнәрсе болмағандықтан теріс айналады.

Керісінше, шешен мазмұнды, логикалы сөзді ешбір қызығушылықсыз, 

эмоциясыз, бірдей үнмен баяндаса, тыңдаушыларын жалықтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет