Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң –
Бірінші еткен құрметің.
«Түсіңіз», – деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң –
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң –
Үшінші еткен құрметің.
Мейман риза болмағы
Құрметпен үйге қонғаны.
Кешіктірмей шай берсең,
Ұмыт болар тоңғаны...
Ірікпесең барыңды,
Қонақжайлық сол-дағы.
Қазақта дастархан кәдесі деген ұғымды, оның жөнін, мән-жайын біл-
мейтін адам жоқ деуге болады. Табақ тартудың, табақ жасаудың өз жолы бо-
лады. Дастарханға қойылған тағамдардың өзінің ретімен, бір-біріне үйлесіп,
жарасымды тұруының өзі өте маңызды. Құрмет дәрежесіне қарай, сыйлы
қонаққа өз деңгейіне сай кәдесі ұсынылмаса, қазаққа үлкен сын болған.
Бас, жамбас, бел омыртқа, ортан жілік, асықты жілік, қабырға (сүбемен
қосып) – құдаларға, үлкен зиялыларға.
Құйрық-бауыр – құдаласқанда болады.
Төс ет – күйеу балаға тартылады, құйымшақ – алыстағы қыз келгенде
беріледі.
Келген қонақты дұрыс қарсы алып, дұрыс шығарып салудың өзі үй
иесінің кеңпейілдігін, қонақжайлылығын, жомарттығын аңғартып отырған,
қазір де солай. Бұрынғы кезбен әрине біраз дүниелер салыстыруға келме-
генімен қазіргі күнде де қазақтан асқан қонақжай халық бар деуге болмас.
Келген қонағын өзі кетем демегенше асты-үстіне түсіп күтіп, шығарып салу-
дың өзі қазақ халқына тән әдеп десек те артық болмас. Қонақ күту, қонақтың
сый табағына қандай мүшелер тарту – үлкен өнер дедік. Енді осы тұрғыда
Майқы бидің айтқан нақыл сөздерін келтіре кетелік:
ығысып орын береді. Қонақ шөлдеп келсе, оған ең әуелі қымыз ұсынылады,
сосын барып шәй, ас береді. Бойжеткендер шыны аяқты салдырлатпай өте
әдептілікпен шай құйып береді, қонақтардың әңгімесіне араласпайды, олар-
ға тіктеп қарамайды, орынсыз күлмейді. Мұның бәрі – ежелгі заманнан бері
қонақ шақырып күткенде бұлжытпай орындалатын әдептер. Қазақтар ұл-
қыздарына қонақ күту әдебін жас кезінен бастап үйреткен. Оны жырға қосып
үнемі айтып отыратындықтан, қонақжайлылық балаларының жас кезінен-ақ
сана-сезіміне сіңіп, жүрегінен орын алған. Қазақтың осы қонақжайлылығы,
қонаққа құрмет көрсетуі хақында мынандай жыр шумақтары бар:
18
Ексең балам, ағаш ек,
Жеті жасар бала асырамайды,
Жеті жылғы ағаш асырайды...
Қонаққа аспа жауырын,
Таңдап бергей тәуірін.
Бипаз сөйле кеткенде,
Сипап жібер сауырын.
Жілік жесең біреуден,
Сақта оған жамбасты.
Басыңа іс түскенде,
Жамбастан ол танбасты
Болмаса егер албасты [27, 7-8].
Қонаққа қандай мүше, қандай сыбаға тартуға мән беріп қана қоймай,
қазақ халқы қонақты қарсы алу әдебін де жоғары қойған. Үйге келген қонақ-
ты сыртта күттіріп қою әдепсіздік саналған. Діндегі ұстазымыз Мұхаммед
с.ғ.с бір хадисінде: «Үш нәрсені кешіктіруге болмайды: азан шақырылған
соң намазды кешіктіруге болмайды, бойға жеткен қызды тұрмысқа беруді
кешіктіруге болмайды және үйге келген қонақты қарсы алуды кешіктіруге
болмайды» дейді. Ал қонақ күту әдебінің осы алтын қағидасы жыраулар
поэзиясында ойып орын алған екен.
Қонақа келсе есікке,
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң қонақты,
Кесір болар несіпке.
Не деген терең ой, әдемі сөз, астарлы тұспал. Қаза әу бастан қонақты
құт, береке әкеледі деп санаған. Қонақ келген үйіне 99 несібе алып келіп,
біреуін ғана жеп кетеді деген де сөз бар.
Тойға барсаң тойып бар.
Қазақ: тойға барсаң тойып бар, бар шаруаны қойып бар деп мақалдайды.
Өзің тойға бара жатсаң, аста-төк тамақ алдыңнан шығатын болса тойға то-
йып барудың қандай қажеті бер деп ойлайсың кейде. Сөйтсек бұл сөзде бір
үлкен сыр бар екен. Бұл сөз қонаққа келген адамның абыройын, ар-намы-
сын, қадір-қасиетін сақтап қалу үшін айтылған екен. Оның себебі адамның
үш жауы бар: ұйқы, күлкі, тамақ. Бұл жайлы халық даналығы:
Жыртық үйге тамшы жау,
Шабан атқа қамшы жау,
Ұйқтамасаң қабақ жау,
Ішпей жүрсең тамақ жау, -
19
деп тұжырымдайды. Сондықтанда қонаққа тойып бару керек, әйтпейінше
сенің жауың (тамақ), үш арсыздың (күлкі, тамақ, ұйқы) біріне кіретін тамақ
сені абыройдан жұрдай қылады. Егер тойға аш келсең, аштық сені алды-ар-
тыңа қаратпай, бүкіш ынты-шынтың тамақта болып айналаңдағы адамдар-
мен еш жұмысың болмайды. Ал тойда жылдап көріспеген сыйлы да құрметті
кісілер болуы мүмкін. Ал сенің олармен әдеп, ізетпен сәлемдеспек түгілі,
көруге де шамаң келмейді. Міне, ата-бабаларымыз адамның психо-физио-
логиясын өте терең білгендіктен де осындай қағидаларды дүниеге әкелген.
Келгенше қонақ ұялады.
Дана халқымыз «келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады»
дейді. Қонаққа бару оңай шаруа емес, оның да өзінің парыз-қарыздары бар.
Мысалы, қазақта «құр қол бармау» деген қағидат бар. егер адамның тарту-
таралғысы, сыйлығы мол болса, ондай қонақ ұялмай, қысылып-қымтырыл-
май-ақ келеді. Ел керсінше болған жағдайда қаражаты тапшы, қалтасы бос
қонақ келгенше ұялып бітеді. Ал бірақ келгеннен кейін, үйдің табалдыры-
ғын аттаған сәттен бастап бүкіл салмақ үй иесіне түседі. «Қонақ аз отырып,
көп сынайды» дегендей, қонақ егер оған лайықты сый-құрмет көрсетілмесе,
үй иесін жамандап, тіпті өкпелеп кетуі әбден мүмкін. Бұл енді жағдайдың
ең сорақысы. Қазақ ең алдымен осыдан, яғни «күле кіріп, күңірене шыққан-
нан» қорқады. Ондай жағдайды болдырмауға тырысады.
Қонақ қойдан жуас
Майқы бабамыз:
Қонақ қойдан жуас-ты,
Май берсең де жей берер.
Жекжатыңнан тай сұра,
Ең болмаса қой берер, -
деген сыпатта артында сөз қалдырыпты [27, 8]. Бұл енді қонақтың өзінің
жеке бастының әдебі. Қонақта өзін-өзі ұстай білу өнері. Абай айтпақшы
«Кісі үйінде күй таңдап, / Өз үйінде қипаңдайтын» да жамандар бар. Ал
шын жақсы, «ұлық болсаң, кішік бол!» қағидатымен өмір сүреді.
Келмек – сүннет, кетпек – парыз.
Қазақ: «Шақырған жерден қалма, шықырмаған жерге барма! Шақырған-
да келмесең, шақырғанға зар боласың» дейді. Сондықтан шақырған жер-
ге бару – сүннет, ал шақырылған жерден, яғни қонақтан, дер кезінде қайту
– бұл парыз. Ал парыздың сүннеттен үлкен екенін мұсылмандықтан хаба-
ры бар әркім білсе керек. Өйткені «тас түскен жеріне ауыр» дегендей, үй
иелерінің риясыз көңілін, шексіз көңілін, аппақ ниеті мен пейілін артығы-
нан асырып пайдалана беруге болмайды. Қанша дегенмен қонақ күту оңай
шаруа емес. «Бір күнгі қонақ –құт, екінші күнгі қонақ – жұт, үшінші күнгі
қонақ – зыт!» дейді данышпан қазақ халқы. Ал шақырылмаған жерге бару,
20
- бұл әдепсіздікті төресі. Бұл оспадардықтың қаншалықты ауыр, жойдасыз
сүйкімсіз екенін білдіру үшін жұртымыз: «Шақырылмаған жерге барғанша,
қазулы тұрған көрге бар» дейді.
Үйге келгенге үйдей бәлеңді айтпа.
Қазақ дүниетанымында «қонақ» ұғымы өте қастерлі ұғым. Қонақ үй
иесінің табалдырығынан аттасымен оның ары, абыройы, жеке басының
қауіпсіздігі, тіпті киіп келген киімі мен мініп келген атына дейін үй иесінің
мойынына өтеді. Сондықтан қазақта қонаққа қатысты табу (тыйым) бар:
біріншіден, сенің үйіңе келген қонақта қанша жерден ақың, өкпе-ренішін,
ала алмай жүрген алашағың болса да оларды айтуға, сұрауға, құн даулауға
хақың жоқ; екіншіден, қонақтың жеке басына сөз келтіруге, оның намысына
тиюге тыйым салынады; үшіншіден, қонақтың киімін киюге, атын мінуге
болмайды.
|