260
қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;
−
этнографиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде
қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың
аттары. Мұндай этнографиялық жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды
сипаттама түрінде ғана беруге болады;
−
фразеологиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймақа ғана тән, сол жерде ғана
түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері.
Жергілікті еркшеліктер жалпы көпшілікке бірдей таныс болмайтындықтан, олардың
көркем әдебиеттегі қолданылуы көп талас тудырған мәселелердің бірі болып келді. Ол, ең
алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнынан, суреттелетін оқиғаларға, автордың
мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты.
Жазушы шығармаларындағы диалектілік лексиканы төмендегідей тақырыптық
топтарға бөлдік:
1. Үй құрылысына, шаруашылығына байланысты атаулар: 1. Қораның қоршауы.
(Шымк., Арыс., Жамб., Мер.).
Дуалға сүйеп қойған қаптың артын, ошақ жанындағы
бүктетіліп жатқан алашаның астын, тіпті есік алдына шығып үюлі отынның маңын да
сипалап қарап көрді (О.Б., 318-б.).
Ырдуан. Пар өгіз жегетін жіңішке үлкен арба (Жезқ.,
Ағад.; Көкш.: Қ.ту, Еңб.).
Жүре алмайтын қойдың бәрін салып алу үшін өгіз жегіп ырдуан
жіберсін, –
деді (О.Б., 79-б.).
2. Туыстық атауға байланысты:
Әпше// әпке. Апа (Шымк., Сарыағ.).
Ол бәрін
құшақтап тұрып, ұзақ-ұзақ сүйді. Әсіресе шашы жалбыраған шынашақтай қара қызды
құшақтағанда, ол келіп: «Әпше, әпше», –
деп жылағанда мұның кәдімгідей көңілі босап,
даусы шығып кетті (О.Б., 367-б.).
Достарыңызбен бөлісу: