Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Дауысты дыбыстардың алмасуы



Pdf көрінісі
бет143/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Дауысты дыбыстардың алмасуы; 
ә/е  .  Әлбәттә  –  әлбетте.  –  Әлбәттә,  әлбәттә.  Жүд-дә  дұрыс!  –  деді  сақал  сауған 
шалдар бас шұлғып (О.Б., 67-б.). 
Кейіпкер  сөйленісіндегі  жүдә  күшейткіш  үстеу  мәнінде  қолданылып,  сөздің 
экспрессиялық қуатын арттырып, кейіпкердің жақсы сезім-күйде отырғандығын байқатты.  
Жүдә (өте), әлбәттә деген оңтүстік сөйленістеріне өзбек тілдері арқылы енген.  
Жазушы  диалектілік  ерекшеліктерді  көбінесе  жергілікті  тұрғындарды  сипаттауда, 
халық  тұрмысын  шынайы  көрсету,  белгілі  бір  аймаққа  тән  материалдық  және  рухани 
мәдениет  ерекшеліктерін  беру,  халықтың  болмысын,  рухын  шынайы  түрде  бейнелеу 
мақсатында қолданады.  
Көркем  мәтіндердегі  жергілікті  сипаттағы  лексикалық  ерекшеліктерді  өз  ішінен 
бірнеше топқа жіктеуге болады: 
− 
нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер; 
− 
семантикалық  ерекшеліктер  –  белгілі  бір  тұрғындардың  тілінде  жалпыхалықтық 


260 
 
қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер; 
− 
этнографиялық  ерекшеліктер  –  белгілі  бір  аймаққа  ғана  тән,  басқа  жерлерде 
қолданылмайтын  немесе  олардан  түбегейлі  ерекшеленетін  заттар  мен  құбылыстардың 
аттары. Мұндай этнографиялық жалпыхалықтық  тілде баламасы болмайтындықтан, оларды 
сипаттама түрінде ғана беруге болады; 
− 
фразеологиялық  ерекшеліктер  –  белгілі  бір  аймақа  ғана  тән,  сол  жерде  ғана 
түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері. 
Жергілікті  еркшеліктер  жалпы  көпшілікке  бірдей  таныс  болмайтындықтан,  олардың 
көркем  әдебиеттегі  қолданылуы  көп  талас  тудырған  мәселелердің  бірі  болып  келді.  Ол,  ең 
алдымен,  шығарманың  тақырыбына,  мазмұнынан,  суреттелетін  оқиғаларға,  автордың 
мақсатына, эстетикалық идеалы мен  шеберлігіне байланысты.  
Жазушы  шығармаларындағы    диалектілік  лексиканы  төмендегідей  тақырыптық 
топтарға бөлдік: 
1.  Үй  құрылысына,  шаруашылығына  байланысты  атаулар:  1.  Қораның  қоршауы. 
(Шымк.,  Арыс.,  Жамб.,  Мер.).  Дуалға  сүйеп  қойған  қаптың  артын,  ошақ  жанындағы 
бүктетіліп  жатқан  алашаның  астын,  тіпті  есік  алдына  шығып  үюлі  отынның  маңын  да 
сипалап  қарап  көрді  (О.Б.,  318-б.).  Ырдуан.  Пар  өгіз  жегетін  жіңішке  үлкен  арба  (Жезқ., 
Ағад.; Көкш.: Қ.ту, Еңб.).  Жүре алмайтын қойдың бәрін салып алу үшін өгіз жегіп ырдуан 
жіберсін,  деді (О.Б., 79-б.). 
 2.  Туыстық  атауға  байланысты:  Әпше//  әпке.  Апа  (Шымк.,  Сарыағ.).  Ол  бәрін 
құшақтап  тұрып,  ұзақ-ұзақ  сүйді.  Әсіресе  шашы  жалбыраған  шынашақтай  қара  қызды 
құшақтағанда,  ол  келіп:  «Әпше,  әпше»,    деп  жылағанда  мұның  кәдімгідей  көңілі  босап, 
даусы шығып кетті (О.Б., 367-б.).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет