Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫН



Pdf көрінісі
бет179/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

taindik67@mail.ru 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫН 
ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аннотация:  мақалада  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  жайлы  ақпарат  бере 
отырып,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауға 
үйрету  жолдары  көрсетілді.  Сын  ойлауға  үйретуде  қолданылатын бірнеше  әдістерге  (Екі 
жақты  күнделік,  Ауадағы  сұрақтар,  Жуан-жіңішке  сұрақтар,  РАФТ,  Лимерик,  т.б.) 
тоқталып, әдістердің тиімділігі көрсетілді. 
Тірек  сөздер:  сын  тұрғысынан  ойлау,  әдіс-тәсілдер,  сұрақтар  әдісі,  педагогикалық 
технологиялар, сыни ойлау, білім, проблемаларды шешу 
 
Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін, ең алдымен, бізге білім қажет. Себебі, дербес 
мемлекетіміздің  шоқтығын  биікке  көтеретін  ол  –  білім.  Сол  себепті  қазіргі  білім  беру 
жүйесінде жаңа технологияларды қолдану қарқынды дамып келе жатыр. 
Қоршаған ортамыздың бүгінгі дәуірлеу, даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту 
үрдісін  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әр  түрлі  педагогикалық 
технологиялары  жасалып,  мектеп  қабырғасында,  кәсіби  білім  беру  мекемелерінде,  жоғары 
оқу  орындарында  қолданылып  жатыр.  Жаңа  технологияларды  меңгерту  ұстаз  бойындағы 
кәсіптік, ізденушілік, зияткерлік сынды адами құндылықтарды ашуға мүмкіндік береді. Жаңа 
технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. 
Н.Ә.Назарбаев  2030  жылға  арналған  стратегиялық  бағдарламасында:  «Біз  өзіміздің 
болашағымызды, балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап 
алатын уақыт жетті», – деп айтқан болатын [1]. Еліміздегі ұлттық қоғамды гүлдендіру, жаңа 
өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақты  инновациялық  технологиялармен,  рухтық  тәлім  және  білім 
негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. 
Педагогикалық  технологияларды  күн  сайын  сабақ  үрдісінде  пайдалану  үшін,  әр  ұстаз 
шәкірттерінің  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  кәсіби  мақсатына,  мүддесіне  сай,  өзінің 
шеберлігіне  орай  таңдап  алады.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар  –  оқушылардың 
бойындағы  қабілеттерін,  астарлы  ойлау  білуін,  эстетикалық  көзқарастарын  пайымдауын, 
баға  беруін,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  көзделіп  отыр.  Педагогикалық 
технологиялардың бірі – «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы» . 
Сын  тұрғысынан  ойлау  бақылау,  тәжірибе,  толғану  және  пайымдау  нәтижесінде 
алынған  ақпаратты  ұғыну,  бағалау,  талдау  және  синтездеуде  қолданылатын  әдіс  болып 
табылады.  Сын  тұрғысынан  ойлау,  көбінесе,  бір  нәрсені  елестетуге  баламалы  шешімдерді 
қабылдауға,  ойлау  және  іс-әрекеттің  жаңа  немесе  түрлендірілген  тәсілдерін  енгізуге  дайын 
болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын 
тұрғысынан ойлауға баулиды. 
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: 
– тиісті ақпарат жинауды; 
– дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды; 
– кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қортындылар; 
– ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. 
Оқыту  мен  оқудағы  сын  тұрғысынан  ойлау  сияқты  күрделі  міндеттермен  қатар,  бұл 
процесс  анықталмаған  болжамдар  мен  құндылықтарды,  проблемаларды  мойындау  және 
оларды  шешудің  тиімді  құралдарын  табуды,  түрлі  міндеттерді  шешуде  басымдықтарды 
белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды. 
Алайда,  сын  тұрғысынан  ойлаудың  негіздерін  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 
бүлдіршіндермен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің 
ерте  кезеңінен  бастап  дамыту  керек.  Бұл  жолдағы  ең  оңтайлы  тәсіл  –  балаларды  өз 
тәжірбиесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.  


321 
 
Сын  тұрғысынан  ойлау  мәнмәтінді  есепке  ала  отырып,  бақылау  мен  тыңдау  арқылы 
дәлелдер  жинастыру  және  шешім  қабылдау  үшін  талапқа  сай  өлшемдерді  қолдану  сияқты 
дағдыларды  дамытуды  қарастырады.  Сондықтан  оқушыларға  бақылау,  талдау,  қорытынды 
жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, қазақ 
тілі мен әдебиет пәндерін оқытуда оқушыларға: 
–  суреттер,  фотосуреттер,  естелік  жазбалары  сияқты  дәлелдерді  жинақтау  және 
топтастыруға; 
– негізгі дерек көздерді бағалауға және оларға тиіс сұрақ қоюға; 
–  қорытындылар  мен  бастапқы  тұжырым  жасай  отырып,  негізгі  дереккөздерді 
салыстыруға және талқылауға; 
–  анағұрлым  кең  тәжірибие  негізінде  болжамдар  мен  ұсыныстарды  қайта  қарауға 
тапсырма беріледі. 
Жұмысты  талдаудың  соңғы  кезеңдерінде  оқушыларға  мұғалімдермен  пікірталасқа 
қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің 
оқу процесін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану процестерін барынша түсінуге 
көмек көрсеткен дұрыс. 
Авторлар:  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  ұғымы  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып, 
оның  неге  қатысты  екенін  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу, 
салыстыра  алу,  сол  идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап  зерттеу,  оларға 
сеніммен қарау», – деп түсіндіреді.  
Сыни  ойлау  –  адам  өмірінің  бір  саласы.  Себебі,  бұл  философия  адамдарға  көптеген 
жолдар  мен  шешімдер  ішінен  маңызды  әрі  пайдалы  екенін,  тек  қажетті  ақпараттарды  ғана 
жинақтап,  жаңа  білімді  бұрынғыдан  ажырата  алуға  көмектеседі.  Сыни  ойлауды  дамыту 
технологиясының  дәстүрлі  оқытудан  басты  айырмашылығы  –  білімнің  дайын  күйінде 
берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-
бірінің  ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып, 
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама [2]. 
Бұл  технологияны  қазақ  тілі  және  қазақ  әдебиеті  сабағында  қолдану  өте  тиімді. 
Оқушылардың  бойына  ұлттық  құндылықтарды  сіңіруде  өте  маңызды.  Сонымен  қатар 
сабақта  тек  білімділік  мақсаттарды  шешіп  қоймай,  балалардың  жеке  қасиеттерін, 
қабілеттерін  дамытудың  жолдарын  қарастыруғада  болады.  Ұстаз  бұл  жүйемен  жұмыс 
жасағанда, үнемі оқушылардың санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын 
жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан 
ойлау  маңызды  мәселелерді  талқылауды  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды. 
Сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім, білік, дағдысын 
қалыптастыру жолында әдіс-тәсілдерді тиімді қолданған жөн. Мысалы «РАФТ» стратегиясы 
бұл  стратегияны  «кейіпкерге  хат»  деп  алса  да  болады.  Формасын  түрлендіруге  мүмкіндік 
бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын 
мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен 
өткізеді.  РАФТ  оқушылардың  тілін  дамытады,  қиялын  өрбітеді,  өз  ойларын  қағаз  бетіне 
түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет