322
шарға жазып, ұшырады. Әр оқушы бір-бір шардан алып, жауапты оқып, ауадағы сұрақты
іздеп табады. Бұл әдіс оқушының ойын шыңдауға, сұрақты жүйелі құрастыруға, жауапты
нақты,
толық жазуға, әр нәрсеге сын тұрғысынан қарауға үйретеді.
«Қосжазба күнделігі» әдісін қазақ әдебиеті пәнінде қолданған өте тиімді. Себебі
мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірін жазады, демек, оның сөздік қоры молаяды,
кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры
молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс
істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады.
Әдебиет сабақтарында
«Лимерик» әдісі арқылы бес тармақты өлең жаздырып,
оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады. Оқушылар оқыған шығармаларының
кейіпкерлерін ой елегінен өткізе отырып, олардың іс-әрекеттеріне баға беріп «Лимерик»
әдісінің алгоритмі бойынша өлең жазу арқылы ой шыңдалады, жазушылық қабілеті артады.
«Лимерик» әдісінің алгоритмі: бірінші тармақ – кейіпкер; екінші тармақ – кейіпкерге
мінездеме; үшінші, төртінші тармақ – қимыл-әрекет, оқиға; бесінші тармақ – оқиғаның
салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы [3, 62].
Мәселен,
Болған екен Мадан хан
Өзі
сондай ерекше жан
Барса Жаман алдына
Болады екен мәз-мәйрам.
Ақылды жан Мадан хан.
«Концептуалдық кестені толтыру» әдісі кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беруде өте
қолайлы.
Кестені толтырар алдында ертегі мазмұнын толық меңгеріп алып, ертегі
кейіпкерлерінің өмірге деген қызығушылығына, адамгершілік қасиеттеріне, іс-әрекетіне
«жоғары», «орташа», «төмен» деген баға бере отырып, берген бағаны дәлелдеу қажет.
Кейіпкерлер
Өмірге
қызығушы-
лығы
Адамгершілік
қасиеттері
Іс-әрекетіне баға
Аяз би (Жаман)
жоғары
(қызға сенгендіктен,
қызға берген
уәдесінде тұрады,
ханға бар
шындықты
тайсалмай атады,
т.б.)
жоғары
(қырық уәзір
өзіне
қанша қастандық
істесе де,
қажет
кезінде оларға үнемі
көмектеседі )
жоғары
(шөптің, құстың
жаманын табуға
көмектеседі, ханның
барлық сынынан
сүрінбей өтеді,
қыздың жұмбағын
шешеді, т.б.)
Уәзірлер
орташа
(жеңіл нәпақа тауып,
қиыншылықсыз өмір
сүруге үйренген,
жағымпаздық жасап
жүретін жандар)
төмен
(көре
алмаушылықтан
жанындағы
адамдарға жамандық
ойлап,
қиянат
жасады)
орташа
(Мадан хан мен Аяз
бидің арасындағы
татулықты,
достықты
көре алмай,
Аяз биге
көп қиянат жасады)
Мадан хан
Достарыңызбен бөлісу: