Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕДІҢ ОРТА БУЫНЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ



Pdf көрінісі
бет185/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕДІҢ ОРТА БУЫНЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ 
МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Аннотация:  мақалада  шағын  жинақталған  мектептерге  анықтама  беріле  отырып, 
шағын жинақталған мектептердің орта буынында қазақ тілі мен қазақ әдебиетін  оқыту 
әдістемесі сөз болды.  
Тірек сөздер: Шағын жинақталған мектеп, ауыл мектептері, оқушылар, сабақ, әдістер. 
 
Шағын  жинақталған  мектеп  дегеніміз  –  тұрғындардың  саны  аз  аймақтарда  жұмыс 
істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан 
тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім 
беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп: 
–  біріктірілген  сыныптармен  және  толық  емес  сыныппен  жұмыс  жасайды.  Шағын 
жинақталған мектептер – бұл алыс мекендерде орналасқан қазақ ауылдарында оқушылардың 
жетіспеуінен екі немесе бірнеше сыныптарды бірге қосып оқытатын мектептер. Қазіргі таңда 
еліміздің  түкпір-түкпірінде  орналасқан  шағын  елді-мекендердегі  мектептердің  басым 
көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан 
кейін  жыл  сайын  өсіп  келе  жатқаны  белгілі.  Шағын  жинақталған  мектептер  мынадай 
мақсаттарды алдыға қояды: 
–  шағын  жинақталған  мектеп  оқушыларына  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік 
стандартына сәйкес білім беру; 
– мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру; 
–  ауыл  шаруашылығы  мамандығына  бағытталып,  ауыл  мәдениетін,  экономикасын 
дамытуға үлес қосуы; 
– қабілеттерін дамыту, өмір  бойы үздіксіз білім алуын, өз бетімен білімін жетілдіруін 
қалыптастыру 1. 
Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшеліктерін зерттеп 
білуге жағдай мол. 
Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура 
келеді. Бұл үдерістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау 
жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білу  дағдыларын байыта түсу  мүмкіндіктерін үнемі 
есте  ұстау  керек.  Үй  тапсырмасын  оқушының  білім  дәрежесі  мен  қабілетін  ескере  отырып 
даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн. 
Шағын  жинақты  мектепте  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  деңгейлеп  саралап  оқыту, 
ұжымдық  оқыту,  дидактикалық  біліктілікті  арттыру,  модульдік  оқыту  және  тағы  да  басқа 
технологиялар  қолданылады.  Сонымен  қатар  шағын  жинақталған  мектептердің  орта 


329 
 
буынында  қазаақ  тілі мен  қазақ  әдебиеті  пәнін  оқытуда:  деңгейлеп оқыту,  ұжымдық  оқыту  
технологиялары тиімді болып келеді. 
Деңгейлеп  оқыту  –  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай,  сабаққа  деген  ынта- 
ықыласына, қабілетіне қарай топтастыру. 
Ұжымдық  оқыту  әдісі  динамикалық  жұптар  құра  отырып,  оқушылар  арасында 
танымдық  қарым-қатынасын,  оқушылардың  бірін-бірі  оқытуын  ұйымдастыру  болып 
табылады.  Ұжымдық  оқыту  технологиясы  балалардың  қарым-қатынас  тапшылығын 
азайтуға,  ауылдық  жерлерде  оқушылардың  аздығы  жағдайында  оқушылардың  монологтік 
және  диологтік  сөйлеу  қабілеттерін  дамытуға  жағдай  жасап,  мұғалімнің  жалпы  сыныппен 
жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді. 
Шағын  жинақты  мектеп  жағдайында  ақпараттық-коммунакациялық  технологияны 
қолдану  арқылы  білім  беру,  ғылым  мен  мәдениет  және  т.б  салаларда  ақпараттардың 
халықаралық  дереккөздерін,  электрондық  оқу  материалдарын  пайдаланады.  Жалпы  оқу 
бағдарламасында  оқушыларға  нені  оқыту  керектігін  көрсетеді  және  оқулықтар  жасалады. 
Шағын  жинақталған  мектерде  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытуда  бірнеше  әдістер 
қолданылады. 
1. Оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері 
2. Оқу-таным әрекетіне түрткі жасау, әсер ету әдістері 
3. Оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері 
Бұлардың  әрқайсысына  жекелеген  әдіс  енеді.  Мысалы  I  топқа  көрнекілік  және 
практикалық әдістер. (олар қабылдаумен есте сақтауға негізделеді). Ал II топқа балалардың 
қызығу  мүддесін  туғызу,  зейінін  жинақтау  және  оқуда  борыш,  жауапкершілік  туғызу 
әдістері.  III  топқа  ауызша  тексеру,  жазбаша  тексеру,  лобораториялық-практикалық  тексеру 
және өзін-өзі тексеру әдістері енеді. 
Шағын  жинақталған  мектептердің  орта  буынында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерін 
кіріктіріп  оқытуда  қолданылатын  тиімді  әдістердің  бірі  –  кітаппен  жұмыс  әдісі. 
Оқушыларға берілетін теориялық білім оқулық пен оқу құралдары бойынша жеткізіледі. Бұл 
құралдар  әрбір  сыныптарға  арналған  оқу  бағдарламаларына  негізделіп  жасалады.  Мұғалім 
қазақ тіліне арналған материалдардың  ерекшеліктерімен бірге оларға байланысты берілетін 
анықтамалар  мен  ережелерді  оқытып,  түрлі  жаттығу  жұмыстарын  оқулық  пен  көмекші 
құралдар негізінде іске асырады. Оқулықта берілген көркем шығармаларға сүйеніп мәтіндік 
талдау жасайды 2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет