оқыту технологиясы.Модульдік оқыту технологиясы – оқушының тұлғалық ерекшеліктері
мен қажеттілігіне орай мазмұн мен оны игерудегі өзіндігіне негізделеді. Модульдік оқыту
барысында мұғалім ақпарат беруші және бақылаушы қызметтеріне қоса кеңескерлік және
үйлестірушілік қызметтерін атқарады. Модульдік оқытудың басты мақсаты- нәтижелі оқыту.
Технологияның басты ерекшелігі – жаңа заман кезіндегі өзгерістер мен жаңашылдыққа тез
бейімделуі. Модульдік принцип біртұтастық пен толық аяқтаушылықты белгілейді. Модуль
бойынша құрастырылған оқу материалын меңгеру барысында оқушы төмендегі қасиеттерді
жүзеге асыра алады:м
Өзін-өзі таниды, жан-жақты ізденеді, анықтайды, көрсетеді, бекітеді, нәтижені
анықтайды, жүзеге асырылады.
Модуль: Дәрігерде
Тақырыбы: Емханада
Грамматикалық тақырып: -нікі, -дікі, -тікі жалғаулары
Мақсаты: оқушыларды сөйлеу мәдениетіне баулу, мамандық таңдауға бағдар беру,
денсаулықтарын күтіп, таза жүруге тәрбиелеу; тақырып бойынша жаңа сөздерді таныстыру,
сөз тіркестерін және сөйлемдер құруды үйрету; -нікі, -дікі, -тікі жалғауларын қолданысы
туралы түсінік беру, жаңа сөздерді өмірде қолдануды үйретіп, оқушылардың сөздік
қорларын байыту.
Көрнекілігі: мамандық иелері туралы суреттер, кесте, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Қолданатын педагогикалық технология: Модульдік оқыту оқыту технологиясы
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру. Топпен
отырғызу.
Жаңа сабақ. Сөздік жұмыстан басталады:
Сөздік жұмыс
Емхана – поликлиника
327
Дәріхана – аптека
Дәрі – лекарство
Тамақ– горло
Сөздерді оқиды, сөз тіркестерін құрастырады. Содан соң жаңа сөзді тіркестерді
қатыстырып, сөйлем құрастырады.
Наша поликлиника, большая аптека, мое лекарство, твое горло;
Тақтаға модульдің сызбасы шығады. Оған қарап балалар бүгін не туралы өтетінімізді
өздері айтады.
Дәптермен жұмыс. Айын, күнін, тақырыбын жазады.
–Бүгін қандай күн? Желтоқсанның 14-і
–Аптаның қай күні? Сәрсенбі
Грамматикалық тақырып: сызбаға қарап, балалар өздері ереже құрайды.
Қазақ тілінде -нікі, -дікі, -тікі жалғаулары сөздің жуан немесе жіңішке айтылуына
қарамай барлық сөздерге жалғана береді. -нікі, -дікі, -тікі жалғаулары жалғанған сөздерге
қандай сұрақ қойылады? Бүгінгі сабағымызда топтар деңгейлік тапсырмаларды орындай
отырып, мәреге жетулері керек.
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгейлік тапсырма.
– Әр оқушы өз атына -нікі, -дікі, -тікі жалғауларын қосып жазады және айтады;
Валера + нікі, Диас + тікі, Коля + нікі, Егор + дікі, Орынбасар+дікі, Никита + нікі
– Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар:
Дәрігер, жұмыс, істейді, емханада.
Жедел жәрдем, шақырды, әжем.
Дәрі, сатады, дәріханада.
Сақтау, денсаулықты, керек.
2-деңгейлік тапсырма.
– Сөз тіркестерін құрастырыңдар;
Көзілдірік мектептікі, кітап інімдікі доп әпкемдікі, парта ағамдікі, қуыршақ сіңлімдікі
– Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар;
3-деңгейлік тапсырма.
– Диалогты оқып, ұқсас диалог құрастырыңдар;
– Сурет бойынша 3-4 сөйлем құрастырыңдар;
Бағалау. Әр топ жұмыс орындау барысында оларға ұпайлар беріліп отырады әрі кері
байланыс жасалады, топтардың жұмыстарына қорытынды жасалады.
Қорыту.Балалар бір-біріне сұрақтар қояды. Дәрігер мамандығы туралы айтады. Өз
денсаулықтарын күту, таза жүру керектігі туралы айтады. Осы сабақта мұғалім тек
бағыттаушы қызметін атқарып, көбінесе, баланы сабақтың негізгі кейіпкері етеді.
Мемлекеттік тілді оқытуды тиімді ұйымдастыру – ұтымды нәтиже. Жаңа
педагогикалық технологиялар жүйесіндегі инновациялық әдістерді қолдана оқытудың
жаңаша сабақ үлгілері: дамыта оқыту сабақтары, телесабақтар, интерактив сабақтар,
мультимедиалық сабақтар, элетрондық сабақтар, интернет сабақтар, жобалау сабақтар т.б.
осындай сабақтардың ұтымды жақтары тәжірбиеде оң нәтиже беруде.
Қорыта келгенде, ұлы неміс педагогі А.А.Дистервег айтқандай: «Жаман мұғалім
ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға
үйретеді» – деген [5]. Шынымен де бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу
әрбір ұстаздың басты міндеті. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сабақ үрдісіне сай етіп әзірлеу көптеген ізденушілікті
талап етеді. Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиялармен сабақ
беріп отырса, оқушылардың терең, әрі тиянақы білім алуына жол ашылыды. Сондықтан да
қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологиялардың алатын орны ерекше.
Жаңа технологияны меңгеру интелектуалдық, рухани жағынан қалыптасуына игі әсерін
тигізетін, өзін-өзі дамытуға көмектесетін құрал.
328
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. – Астана: Ақорда, 2017 жыл, 31 қаңтар.
2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана: Ақорда, 2007 жыл, 27 шілде, № 319
Заңы.
3 Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: Тараз университеті, 2007 жыл.
4 Жоламанова Т. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Қарағанды: Ақнұр баспасы, 2018 жыл.
5 https://bankreferatov.kz
ӘОЖ: 376.6:372.882:943.43
НӘДІРХАН ГҮЛЖАНАТ
ЖАБАГИНОВА МАЙРА ҚАНАПИЯҚЫЗЫ
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі
Көкшетау, Қазақстан
gulzhanat.ndrkhan@bk.ru
Достарыңызбен бөлісу: |