Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Ғ.ТОҚАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ



Pdf көрінісі
бет25/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Ғ.ТОҚАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 
 
Аннотация:  мақалада  Ғ.Тоқай  поэзиясындағы  көркемдеу  құралдарының  қолданылу, 
пайдаланылу  шеберлігі  жайында  баяндалады.  Теңеулерді  ақын  шебер  қолданғандығы 
жөнінде  айтылған.  Ғ.Тоқай  поэзиясында  теңеу  –  көркемдік  құралдар  ішінде  үлкен  идея  – 
эстетикалық, поэтикалық маңызға ие екендігі нақты тілдік деректер негізінде дәлелденген. 
  Тірек сөздер: поэзия, ақын, теңеу, көркемдеу құралдары, поэтика. 
 
Ғ.Тоқай  өз  шығармаларында  әр  түрлі  көркемдеу  құралдарын  пайдалану  жағынан 
ерекшеленеді.  Ол  теңеу,  метонимия,  гипербола,  синехдоха  сияқты  көптеген  көркемдеу 
құралдарын еркін ойлайтын, сөзбен сурет салудың шебері. 
Айталық, Ғ.Тоқай «Уа, ғашығым» атты өлеңінде былай толғайды:  
Уа, ғашығым пәруанамын, жаным пида сен үшін! 
Тұтандым ғой, өртендім ғой, берсең еді қол ұшын! 
О, Құдайым, бетіңді бұр, бір жақсылық қимаған! 
Осы арудың жолында мен есін жимас диуана [1, 113]. 
Мұндағы  ақын  көңілі    «есін  жимас  диуанаға»  айналып  кеткен  де,  метафоралық 
символикалық сурет пайда болған. 
Ақынның  «Қайырасың  ба  бетімді»  немесе  «Болмаса»  атты  өлеңдерінде  де  махаббат 
тақырыбы жырланады, бірақ жоғары да айтылғандар тіпті де қайталанбайды. 
О, періштем, нәзік бол, биязы бол, сол – бағың. 
Жанын алар ғашықтың әзірәйілі болмағын! 
Күйіп-жанып жыр жазу – ғашықтардың бір заңы 
Аз ғана сүй, көп сүйме, соған да мен ырзамын! [2, 116] 
немесе:  
Күймесең де, сүймесең де қаның қызу болмаса, 
Көзің түзу көрсетпейді өзің түзу болмасаң! 
Ләйләдайын, айналайын бағалар ма сұлуды? 
Тек сол үшін жаратылған Мәжнүні болмаса?! 
Мен өзіңе сенер ме едім, теңер ме едім Ләйләға, 
Махаббаттың Меккесіне қажылығым болмаса! [3, 118]. 
Көріп отырғанымыздай, осы шумақтағы ой-пікір, идея, эстетикалық әрекет, керемет 
поэтика барлығы теңеу арқылы шешілген. 
Ғ.Тоқай  поэзиясындағы  көркемдеу  құралдарының  қолданылу,  пайдаланылу 
шеберлігіне тоқталсақ, теңеуге көз түседі. Теңеулерді ақын шебер қолданады. 
Ақын  «Ұлтыма»  атты  өлеңінде  өткір,  әсерлі,  теңеу  арқылы  ұлтты  сүю,  Отанды  сүю 
дейтін қастерлі сезімді білдіреді. 
Ертелі-кеш сені ойлаймын, ұлтым менің, сертті күн, 
Сен сау болсаң мен де саумын, ауру болсаң – дерттімін!   
Ұлтым менің, жаным менің тек өзің деп тіл қатсын, 
Бәрінен де асылсың сен, бәрінен де қымбатсың! 
Сен санасаң болды мені бұл өзімнің ұлым деп
Ұлы ақының болмақпын мен, болмақпын мен түбінде 


70 
 
Тұла бойым өртенеді милли десем, ұлт десем, 
Ұлттың ұлы боламын мен, арманда өліп кетпесем! 
Ұлтым жайлы тәтті қиял, ұлтым жайлы тәтті арман, 
Қандай бақыт ұлт алдында,парызыңды атқарған! [4,116]. 
Ғ.Тоқайда татар психологиясын түсіну бар, татар үшін жазғаны байқалып, оқырманды 
өзіне  тартып,  елжіретіп  тұрады.  Осы  пікірдің  растығын,  мысалы  «Өзіме»  атты  өлеңінен 
көруге болады. 
Іштей бақыт тілеймін мен татарға
Татарларым қосылса екен қатарға! 
Татар үшін жан беремін кезінде, 
Мен татармын, шын татармын өзімде! [5, 117]. 
Әсерлі емес пе? Тағы бірде: 
Татар даңқы көтерілсін алты қабат аспанға, 
Құдай өзі бақыт берсін ол ілгері басқанда! 
Қалғудайын қалғыдық біз қарап кейін керіге, 
Енді бізге шығу керек өркениет өріне! 
Бізді түрлі хайуандардың дәптеріне тізбесін, 
Бізді дарын, батырлардың қатарынан іздесін! -дейді. [6, 112] 
Теңеу патриотизмді дәл сіңдіріп тұрған жоқ па? 
Ақын «Шындық пен өтірік» өлеңінде теңеулерді адам психологиясының ішкі сырларын 
беру үшін, антонимдердің көл көсір қарама-қарсы мәні арқылы бергенді жөн көретіндей: 
О баста жер болмай, жатыпты су басып
Жүзіпті Шындық пен Өтірік арбасып. 
Олардың мінгені болыпты бір кеме, 
Бірін-бірі бағыпты отырып іргеде 
Екеуі секілді жабайы, тағы адам, 
Шап беріп, бірін-бірін алыпты жағадан 
Өтірік білетін сан айла, сұмдықты, 
Батырып жіберген тереңге Шындықты [7, 118]. 
Сондай-ақ  антонимдердің  мәні  арқылы халқының  өмірі  ашылған.  Сондай-ақ  «Ауылда 
ауырып жатқанда» атты өлеңінде эстетик, дүниетану берілген. 
Шегіп жатып ауру мен жұмыссыздық азабын, 
Боран және кәдімгі картоп жайлы жазамын. 
Майға бөгіп келеді толы табақ картобын 
Кедейге де, байға да ортақ тамақ картобың [8,120]. 
Осы өлеңінде уақытты дұрыс үнемдеп, қадірлеу жайында былай дейді: 
Енді ауырып жатырмын. Келгем қыста, дауылда 
Ағайынның барлығы демалыста, ауылда 
Олар іссіз, мен іссіз. Есептеймін өткенді, 
Жата-жата ауылда ішім пысып кетті енді [9, 120]. 
Бұл  жерде  де  ақын  теңеулерді  салыстырмалы  қолданып,  өлеңге  салмақты  ой  берген. 
Нағыз халық тұрмысына ден қойғандық, қайнаған өмірдің өзі, оның бүгінгі, әрі кешегі өткені 
бізді қоршаған бүкіл әлем, әр түрлі құбылыстар бәрі – бәрі қаламгерді тартып тұрғандай. 
Ғ.Тоқай өмір жайлы көріністерге толы «Мақсат» атты өлеңінде: 
Қайткенде де, халқымды мен шығарамын ұшпаққа
Деп ойласам, мына тірлік олар мені қыспаққа 
«Басыңды іи, тізеңді бүк, сөзіңді тыңда құп алып, 
Дейді тірлік, сендейлерге салғанбыз біз бұғалық!» 
Бірақ та мен берілмеймін қасіретке, күйікке 
Менің орным жоғарыда, менің ойым биікте! 
Мен елімді ел қылмасам, ел қылмасам кім болам? 
Аспандағы күнің емес, көңілдегі күн болам? [10, 120]. 


71 
 
Міне,  бұлар  ақынның  нағыз  татар  ұлтының  біртуар  перзенті  екендігін  көрсететін 
белгілер деп білеміз. 
Жалпы  ақын  әр  түрлі  көркемдеу  құралдарын  қолданғанда  адам,  қаһарман 
психологиясын  жайып  салады,  сырын  ашады,  терең  лиризм  жасайды.  Сол  үшін  өлеңдері 
сызған  сурет  секілді  әсер  етеді,  ой-пікір,  ішкі  тұтастық  жарыққа  шығады.  Өлең  өлмес 
дүниеге айналады. 
Сонымен,  Ғ.Тоқай  поэзиясында  теңеу  –  көркемдік  құралдары  ішінде  үлкен  идея  – 
эстетикалық, поэтикалық маңызға ие демекпіз. 
 
Пайдаланылған әдебиет: 
1 Р.А.Абузяров, З.И.Туаева «Уральск в судьбе Габдуллы Тукая» Орал:БҚМУ баспа бөлімі, 2002. 
 
ӘОЖ:  821.512.122 
ӘНЕШ АРАЙЛЫМ БОЛСБЕКҚЫЗЫ 
 Шәкәрім атындағы Семей университеті 
Семей, Қазақстан 
Araika.1997@bk.ru
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет