Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ СӘБИТ ЖӘМБЕК  ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет21/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ СӘБИТ ЖӘМБЕК  ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ 
ТҰЛҒАЛАР ЖАЙЛЫ ҒЫЛЫМИ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР 
 
Аннотация:  мақалада  қазіргі  қазақ  әдебиеттану  ғылымына  айрықша  үлес  қосып 
жүрген 
әдебиеттанушы 
ғалым 
С.Н.Жәмбектің 
әдеби-зерттеу 
мақалаларының 
ерекшеліктері  қарастырылды.  Ғалымның  зерттеу  мақалаларындағы  тұлғалар  жөніндегі 
ғылыми  ой-тұжырымдары  зерделенді.  Сонымен  қоса  әдеби-зерттеу  мақалаларының 
ғылыми мәні айқындалды. 
Тірек сөздер: қазақ руханияты, шығармашылық мұра, ғалым тұлғасы, шығармашылық 
портрет. 
 
 
Қазақ  руханиятына  үлес  қосып  жүрген  әдебиеттанушы  ғалым,  филология 
ғылымдарының  кандидаты,  профессор  Сәбит  Нұрмұхамедұлы  Жәмбектің  есімі  әдеби  және 
ғылыми ортаға кеңінен таныс.  Ол – қазақ әдебиетінің тарихын, әдебиет теориясын, әдебиет 
сынын  тыңғылықты  зерттеуде  еңбек  сіңіріп  жүрген  ғалымдардың  бірі.  Ғалымның  ғылыми-
әдеби мұрасын оқып, зерделей отырып, ғалым еңбектерінің өзіндік бір ерекшеліктеріне көз 
жеткізерің  сөзсіз.  Алдымен  ғалымның  шығармашылығын  төрт  топқа  жіктесек:  бірінші    – 
әдеби-зерттеу  және  қоғамдық-саяси  мақалалары,  екіншісі  –  монографиялық  зерттеулері 
(«Бернияз  Күлеевтің  ақындық  мұрасы»  (2002),  «Қазақ  әдебиетінің  тарихилығы»  (2016)), 
үшіншісі  – оқулықтары мен оқу-құралдары («Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының 
әдеби  сынды  бағалану  тарихы»  (2010),  «Әдебиет  теориясы»  (2018)),  төртіншісі  –  көркем 
шығармалары,  яғни  роман-эссе  («Себезгі  сырлар  үзігі»),  хикаят  («Жазмыш»),  әңгімелер 
(«Наган  жыры»,  «Күрмеу»),  драма  («Шоқан  боп  сүйген  жүрек»),  өлеңдері.  Осы  бір 
шығармашылық  жіктелісінен-ақ  ғалым,  қаламгер  мұрасы  арнасының  кеңдігін,  ауқымының 
көлемділігін, мазмұнының тереңдігін пайымдауға болады.  
Ал  біз  мақаламызда  әдебиеттанушы  ғалым  Сәбит  Нұрмұхамедұлының  бай 
шығармашылық  мұрасының  шоғырынан  тұлғалар  жөнінде  талдау  берілген  мақалаларын 
зерделеуді мақсат тұттық. Атап айтар болсақ, «Сұңғыла б 
ілімпаз»,  «Ғұламаның  көркем  аудармасы»,  «Мәлік  Ғабдуллин  –  әдебиет  сыншысы», 
«Е.Ысмайылов  –  әдебиет  зерттеушісі»,  «Серік  Қирабаев  –  сыншы  ғалым»,  «Тұрсынбек 
Кәкішев  және  Сәбиттану  мәселелері»,  «Кемел  талант  иесі»    атты  әдеби-зерттеулеріндегі 
тұлғалар  жайлы  ғылыми  ой-тұжырымдары  ғалым  еңбектерінің  шоқтығын  зорайтып, 
кемелдендендіріп тұр. Бұл мақалаларда ұлт мәдениеті мен өнерінде өлшеусіз еңбек сіңірген 
тұлғалардың шығармашылық портреті жасалуымен ерекшеленеді. 
«Сұңғыла  білімпаз»  мақаласы  қазақтың  тұңғыш  тіл  білімі  профессоры  Құдайберген  
Қуанұлы  Жұбановқа  арналған.  Зерттеуші  С.Н.Жәмбек:  «XX  ғасырдың  алғашқы  ширегінде 
қазақ  қоғамын    мәдени-экономикалық  мешеуліктен  арылтуға  жаңа  қалыптасып,  туып  келе 
жатқан қазақтың жас зиялы топтары өздерінің барша жігерін, күш-қуатын аямай жұмсауға, 
сарқуға  белдерін  бекем  буған  еді.  Осы  маңдайы  жарқыраған  зиялы  топтың  ішінде  жаңа 
тұрпатты  қазақ  мәдениетінің  қалыптасып,  нығайуына  ерекше  ат  салысқан,  соңғы  демі 
біткенше маңдай терін бес төккен  жарқын тұлға – Құдайберген  Қуанұлы Жұбанов болатын. 
Ол  –  қазақ  филологиясының  тұңғыш  профессоры,  айтулы  лингвист,  ғұлама  түрколог, 
оқу-ағарту, мәдениет, қоғам қайраткері, елім деп еңіреп өткен аяулы да абзал азамат еді»  деп 
аса бір құрметпен бағалап, ғұлама ғалымның шығармашылық болмысының жан-жақты, көп 
тарамды, тамыры терең екендігін ыждағатпен даралап береді.  
Мақалада  автор  «Құдайберген  Қуанұлы  Жұбанов  алла  тағала  ерекше  аялаған,  құдай 
табиғи  дарын, талантты  аямай  мол бере салған, тумысынан  алғыр, зерек, сұңғылы білімпаз 


55 
 
болды» деп ойын тұжырымдайды. Ғалымның «сұңғылы білімпаз» деген сөз өрнегі қазақтың 
маңдайалды  ғұлама  ғалымы  Құдайберген  Жұбановтың  шығармашылық  тұлғасын  толық 
ашып  тұр.  Осы  бір  тақырып  атауынан-ақ  зерттеушінің  ой  мен  сөз  дәлдігінің  шебері 
екендігіне көз жеткіземіз. 
«Ғұламаның  көркем  аудармасы»  мақаласында  қазақ  тіл  білімі  мен  әдебиеттану 
ғылымдарының  негізін  салушы  ғалым,  ұлттық  жазудың  реформаторы  Ахмет 
Байтұрсынұлының  ақындық  мұраларының  ішіндегі  шоқтығы  биік  көркем  аудармалары 
зерттелген.  Мақалада  автор  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Қырық  мысал»,    «Маса»  деген 
жинақтарына  енген  көркем  аударма  мысалдарында  ел  мұратын,  халық  мүддесін  ойлап, 
ұлтына  қамқор  болған  биік  азаматтық  тұлғасын  дәріптейді.  Ғалым  «Ахмет 
Байтұрсынұлының  есімі  –  қазақ  мәдениетінің  қалыптасуындағы,  ұлттық  оянуымыздағы 
рухани  көшбасшыларымыздың  қатарынан  орын  алатыны  ақиқат  шындық  екеніне  бүгінде 
ешкім де дау тудырмас. Ахаңның ғұмырына, өнерпаздық жолына зерделей көз жүгіртсек ол 
кісінің көп қырлы талант екеніне көзіміз жете түседі. Көсем сөздің майын тамызған тамаша 
публицист,  ұлттың  рухани  оянуына  түрткі  болып  халықтың  жүрегіне  жол  салған  ақын, 
ұлағатты ұстаз, зерделі ғалым еді» деп ой қорытады. Мақалада көркем аудармаларды талдай 
отырып, Ахмет Байтұрсынұлының аударма саласындағы шығармашылық портретін береді. 
«Мәлік Ғабдуллин  – әдебиет  сыншысы»  мақаласында фольклористика, әдебиет  сыны, 
жоғары  сынып  оқушылары  мен  жоғары  оқу  орындарына  арнап  жазған  ауыз  әдебиетінен 
оқулықтарының мәні көрсетіліп, құндылығы айтылады.  
«Мәлік  Ғабдуллин  есімі  -  Қазақстан  руханиятында  терең  із  қалдырған  жарқын 
тұлғалардың  қатарынан  орын  алатындығын  мақтанышпен  айтқымыз  келеді.  Тағдыр  оған 
барлығын  да сыйлаған еді. Ақыл-көрікті  де, батырлықты да, батылдықты да, терең парасат 
пен  мейірімділікті  де,  күш-қайрат  пен  асқан  жігерлікті  де,  пайымды  ой  мен  ұшқыр 
алғырлықты да-бәрін аялай берген сияқты. 
Өз дәуірінің биік зияткерлік ақыл-ойы мен болмысының нарқасқасы еді. Ғылым немесе 
әдебиет  саласы  бола  ма,  немесе  қоғамдық  өмір  саласы  бола  ма,  қандай  саланы  алмасақ  та, 
өзінің  алғырлығы  мен  ізденгіштілігімен,  іждаһатымен  кез-келген  істе  бетінен  қалқымай 
тереңге  баратын  Мәлік  Ғабдуллин  болмысына  таңқалмасқа  шарамыз  жоқ.  Кез-келген 
таланттың  маңдайына  бұйыра  бермейтін  осындай  сирек  болмыс  оны  әрбір  істің  шебері 
болуға ұмтылдыратын.  
Мәлік Ғабдуллиннің фольклористика саласының ғана білікті де білімдар маманы болып 
қалмай,  әдеби  үдеріс,  әдеби  сын  саласында  да  байсалды  да  тиянақты  ой-пікір,  тұжырым, 
қағидалармен  ерекшеленетін  салауатты  сыншы,  білгір  әдебиетші  екенін  де  танытты»  деген 
С.Жәмбектің  әдебиет  зерттеушісі,  қазақ  жазушысы,  қоғам  қайраткері,  филология 
ғылымдарының  докторы,  Кеңес  Одағының  Батыры  Мәлік  Ғабдуллин  жөніндегі    ғылыми 
пайымдауларының бүгінгі әдебиеттану ғылымында орны зор пікір.  
«Е.Ысмайылов  –  әдебиет  зерттеушісі»  атты  мақаласында  сыншының  эстетикалық 
дүниетанымы  мен  білім-білігін  дәлелдеп,  талдау  жасаған.  Е.Ысмайловтың    Абайтануға 
қосқан  үлесі  сараланып,  толымды  баға  берілген.  Мақаладан  әр  оқырман  Е.Ысмайловтың  
шығрмашылық  өрісі  жөнінде  кең  ғылыми  ақпар  алады.  Мақалада  әдебиеттанушы  ғалым 
С.Жәмбек:  «Е.Ысмайлов  сыншы  ретінде,  ғалым  ретінде  қазақ  әдебиетінің  үлкенді-кішілі 
ақындарының  шығармашылығы  жайында  арнайы  мақала  жазып,  қазақ  әдебиетінің  түйінді, 
күрмеулі мәселелеріне жанашырлықпен қалам тербеп отырды. Оның зерттеу нысанына қазақ 
поэзиясының  асқаралы  биік  шоқтығын  көтерген  Сәкен  Сейфуллин,  Ілияс  Жансүгіровтен 
бастап,  кейінгі  толқын  өкілі  Еркеш  Ибраһимге  дейін  қамтылып,  олар  туралы  жүрек  жарды 
лебізімен,  парасатты  ой-толғам,  сарабдал  сын-пікірлерін  білдіріп  отырды.  Осының 
барлығында  көркемдік  шеберлік  мәселесін  басты  мақсат  етіп  қойған  сыншының  ащы  да 
жанашыр ой-пікірлері жатты» деп ғалымның шығармашылық көздерін айқындап береді.  
Ғалымның «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1940), «Қазақ совет әдебиеті» (1942), 
«Әдебиет теориясының мәселелері» (1941) мен қазақ әдебиетінің хрестоматияларының қазақ 
әдебиеттану  ғылымын  биік  шыңына  шыққан  зерттеулер  екендігін  дәлелдейді.  Және  автор 


56 
 
мақалада  Е.Ысмайылов  революцияға  дейінгі  және  кеңестік  дәуірдегі  қазақ  әдебиетін 
дәуірлеу,  Абай,  Сұлтанмахмұт,  С.Дөнентаев,  С.Көбеев,  М.Сералин,  Жамбыл,  Сәкен 
Сейфуллин, 
Сәбит 
Мұқанов, 
Мұхтар 
Әуезов, 
Қасым 
Аманжолов, 
Асқар 
Тоқмағамбетовтердің  еңбектеріне  алғаш  тұжырымды  ой-пікір,  ғылыми  сипаттама  беруші 
екендігіне назар аудартады. 
Мақалада Е.Ысмайылов ғалымдық, шығармашылық тұлғасына «кемел ойлы, парасатты 
әдебиеттанушы ғалым» деп тұжырым жасайды.  
«Серік Қирабаев – сыншы ғалым» атты мақалада академик С.Қирабаевтың сыншылық 
мұратын,    сыншыға  тән  қасиеттерін  сөз  ете  отырып,  «өнерпаздық  жолында  осындай  азабы 
мол,  дау-дамайды  да  жетіп  артылатын  сыншылық  өнерді  өмірлік  мұраты,  бағдары, 
тұғырнамасы етіп алған. Сыншылық өнерді  көбіміз тек қана сынау  деп жадағай, тар өрісте 
жайдақ  түсінетініміз  бар.  Абайлап  қарасақ,  оның  бұлай  емес  екендігіне  көз  жеткіземіз. 
Сыншы  Серік  Қирабаевтың  ғылыми-шығармашылық  еңбектерін  саралай  қарап  отырсақ, 
әдебиет  әлемінің  үш  саласында  жемісті  қызмет  атқарғанын  байқадық.  Біріншісі  –  қазіргі 
қазақ  әдебитінің  жай-күйі,  замандас  қаламгерлер  шығармашылығы  жайындағы  әдеби-сын 
мақалалары;  екіншісі  –  ұлттық  әдебиетіміздің  қалыптасып,  даму  кезеңдерін,  өзіндік  өсу 
жолдарының  ерекшеліктерін  сипаттайтын  ғылыми  зерттеулері,  үшіншісі  –  әдебиет 
оқулықтары  мен  әдебиетті  оқыту  мәселелерін  қарастыратын  оқу-әдістемелік,  методикалық 
еңбектері» деп ғылыми шығармашылық процесіне толыққанды, дәлелді талдау жасайды. 
Әдебиеттанушы  ғалым  С.Жәмбек  академик  Серік  Қирабаевтың  ғылыми  болмысына 
«әдебиет  сыншысы,  әдебиет  зерттеушісі  деген  қасиеттер  бір-бірінен  ажырамай,  кірігіп, 
тұтасып кеткен» деп әділ баға береді. 
«Тұрсынбек  Кәкішев  және  Сәбиттану  мәселелері»  атты  мақаласында:  «Тұрсынбек 
Кәкішев – қазақ әдебиеттану ғылымында көп іс тындырған, көрнекті тұлға. Ол осы  саланың 
ыстығына  да,  суығына  да  тоңған,  шираған,  көп  талас-тартыстарды  да  басынан  өткерген, 
өзінің ұстазы Есмағамбет Ысмайылов сияқты «Әдебиеттің еңбекторысы» (М.Әуезов) аталған 
бір туар талант. Халық арасында Тұрсекең атанған Тұрсынбек Кәкішев сөздің шын мәніндегі 
еңбекқор  ғалым.  Ғылымға  араласа  бастаған  жас  шағынан  бастап  қазіргі  күнге  дейін  қазақ 
әдебиеті  тарихы  мен  сынында  ақтаңдақ  болған  мәселелерді  түп  негізінен    қарастырып, 
қопарыстыра  зерттеп  жүрген  тынымсыз  жан»  деп  әдебиет  сыншысы,  сәкентанушы, 
сәбиттанушы ғалымның шығармашылық портретін жасайды. Мақалада зерттеуші С.Жәмбек 
Тұрсынбек  Кәкішевтің  Сәбит  Мұқановтың  шығармашылығы  жөнінде  соны  мағлұматтар 
беріп,  талдау  жасап,  шығармашылық  жолына  тұжырымдар,  ғылыми  пайымдаулар, 
түйіндерді жасаудағы ерен еңбегін көрсетеді. 
Ғылыми  көкжиегінің  өресі    кең,  талант  иесі  академик  Тұрсынбек  Кәкішевтің  қазақ 
мәдениетіне,  әдебиетіне,  руханиятына  адал  еңбекқор,  ыждағатты  жан  екендігін  ғылыми 
зерттеулерімен дәлелдеп береді. 
Жоғарыдағы  мақалаларды  сараптай  отырып,  әдебиетанушы  ғалым  Сәбит 
Нұрмұхамедұлы Жәмбектің зерттеушілік, сыншылық болмысының биіктігіне ойлы да мәнді 
еңбектері  арқылы  көзіміз  жетеді.  Мақалаларының  дәйектілігі  мен  дәлдігі,  біліктілігі  мен 
білімділігі,  ерекше  талғампаздықпен  жазылған  көркем  талдаулары  әдебиеттану  ғылымында 
ғалымның болмысын даралап тұрады. Кез келген мақаласы ойдың ұшқырлығымен, пікірінің 
уәжділігімен, дерек-дәйегінің нақтылығымен, тұжырым тиянақтылығымен өзгешеленеді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  ЖәмбекС.Н. Ғұламаның көркем аудармасы //«Көкшетау» газеті, 1998. № 95, 27 қараша.  
2  ЖәмбекС.Н.«Мәлік  Ғабдуллин  –  әдебиет  сыншысы»  //Қазақстан  Республикасының  25  жылдығына 
орай «Мәлік Ғабдуллин тұлғасының танымдық, тағылымдық ерекшеліктері мен өзектілігі» атты республикалық 
онлайн-конференция материалдары. 5-11 б.б. 2016. 
3  Жәмбек С.Н.Е.Ысмайылов – әдебиет зерттеуші //Тіл білімі «Ана тілі аясы» Тіл мен әдебиет теориясы 
және лингводидактика атты республикалық ғылыми-теорияның және әдістемелік конференция, – Астана, 2012 
4  ЖәмбекС.Н.Серік  Қирабаев  –  сыншы  ғалым  //  С.Қирабаев  және  қазіргі  заманғы  филологиялық 
зерттеулердің  ғылыми-теориялық  және  оқу-әдістемелік  өзекті  мәселелері  /  Ғылыми  жинақ/.  –  Алматы:  Абай 
атындағы Қаз ҰПУ-дің «Ұлағат» баспасы, 2017 жыл, –37-377 б.б. 


57 
 
5  Жәмбек  С.Н.Тұрсынбек  Кәкішев  және  Сәбиттану  мәселелері//С.Мұқановтың  115  жылдығына 
арналған  «Сәбит  Мұқанов  –  әлемдік  әдебиет  пен  мәдениеттегі  жарқын  тұлға»  атты  халықаралық  ғылыми-
тәжірибелік конференция материалдары. – Петропавл, 2015 ж. 22-29 б.б. 
 
ӘОЖ 82.0(5Қ) 
БӨКЕН ГҮЛНАЗ САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 
Көкшетау, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет