96
бірнеше сала мен жанрлардан құрала бастады, әрі әлемдік деңгейге дейін көтерілді. Мақтан
етерлік қайраткерлердің есімдері жарыққа шықты. Осы бөлімнің көрнекті өкілдеріне
Ш.Сәтбаева, З.Қабдолов, З.Ахметов, С.Қирабаев, Т.Кәкішұлы, Р.Бердібай, Ш.Елеукенов,
Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Р.Нұрғали, С.Қасқабасов және М.Базарбаев сынды
әдебиеттанушылар жатады.
Алтыншы бөлім Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетке тиесілі. Тәуелсіз жылдарындағы
қазақ әдебиетіне мына тұлғалар мен олардың туындыларын жатқызамыз: Нұрпейiсов
(«Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары
қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»),
Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап
батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри
ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»),
Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-
Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), және т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть,
әңгiмелерi. Әдебиеттің бұл дәуірінде ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге
көтерілді. Барлық уақыттың қабаттарының қамтылуы, лирикалық, поэтикалық,
баяндаушылық, публицистикалық, сыншылдық көңіл-күйдің ұлғаюы ерекше орын алды.
Әдебиеттің ауқымы кеңейді және барлық жағынан өзгерістерге, толықтыруларға ұшырасты
деп айтсақ болады. Қазақ халқының әдебиеті көп қиындықтардан өтті, әрі оларға төтеп бере
алды. Айтқым келгені өз қасиетін жоғлтпады. Қазіргі таңда әдебиетіміз жоғары деңгейде
өзінің орнын берік қалады.
ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғалымдары
және Қазақстан мен ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, Германия,
Болгария, Ресей, Әзірбайжан, Индия, Молдова, Словакия, Румыния, Түркия, Чехия
әдебиеттану мектептерінің мамандары дайындаған «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы әлем
әдебиеті очерктері», «Әдеби-көркем диалог», «Ең жаңа шетел әдебиеті», «Интеграциялық
үдерістер және қазақ әдебиеті» деп аталатын ұжымдық монографиялар сыни талдау
дискурсына негізделген. Әлемдік әдебиеттануда автоинтерпретация мәселелері, қазіргі
әдебиеттанудың өзекті мәселелерін кешенді зерттейтін мәтін құрылысындағы авторлық
элементті анықтау және көркемдік жағынан жүзеге асыру тәсілдері соңғы жылдары назарға
алынып келеді. Әлемдік әдебиеттегі озық үдерістер бүгінгі қазақ әдебиетіне өз әсерін
тигізбей қоймайды. Алайда, әдебиет зерттеушілері және қаламгерлер көркем әдебиеттегі
көркемдік тілдің жоғары болуын әліде қалайды. Осы орайда қазақ әдебиетінде кейіпкерлер іс
-әрекетін, мінез құлқын суреттеуде нақтылыққа ұмтылып отырғанын көруімізге болады.
Жалпы алғанда әлемдік әдебиеттегі озық үдерістерден шет қалуға болмайды. Өйткені,
әлемдік әдебиетте көркемдіктен гөрі айтар ойдың ашық, іс -әрекеттің айқын болуын
қалайды. Бұл оқырмандарда көркемдіктен шет қақпай өту емес, айтар ойдың мөлдірлігін
қамтамасыз етудегі туған ой деп түсінуге болады. Сондықтан да, келер ұрпағымыз шетел
әдебиеті емес, өзіміздің туған әдебиетімізбен мақтанатындай деңгейге жеткізуіміз керек.
Әрине, қазіргі таңда әдебиетіміз бірталай шыңдарды бағындырып үлгерді. Алайда, әлі де
ақсап тұрған тұстары бар. Сол үшін де ұрпақтарымызға сапалы, әрі мақтан етердей
нәрселердің қалуы біздің жауапкершілігімізде. Сол себепті, бар күшімізді жұмылдыруымыз
керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі Қазақ әдебиеті.
–
А., «Білім», 1998;
2 Мүсілім Б Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы.
– А.,1997
3 Қазақ әдебиеттану ғылымы.
– А., 2000
ӘОЖ 800.025/001
ЗИКИРИНА САЯГҮЛ
ДУЛАТХАНҚЫЗЫ
КАЖИБАЕВА
ГУЛЬДЕН КЕНЕСОВНА