Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет66/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

   
Мағжан Жұмабаев  поэзиясы, прозасы, көлемді  поэмалары  – қайсысы болмасын  өз 
алдына  бөлек  дүние. Мысалға «Жаралы жан» өлеңіне тоқталып көрелік.  
Ақынның    «Жаралы  жан»  өлеңінде  –  сар  далада    қансырап  жатқан  жан  –  яғни  бүкіл 
қазақ халқының бейнесін алады. Мағжан  Жұмабаев аталмыш өлеңде  туған жер мен  оның 
перзенті адамды  параллель қояды.  Ақын  туған жері мен  атамекенін қалай сүйсе, халқын да 
соншалықты  сүйеді. Ақын поэзиясындағы  халық отарлаудың қатты қыспағында болса да, 
өр, ер рухы  биік, ат құлағында  
Белгілі бір нақты  суреттерге сүйене  отырып, мүлде  бөлек, тосын ортаны әспеттеу  сол  
қалыптының   неғұрлым  әсерлі  бейнелеуін  негіздейді.  Мәселен,  осы    өлеңдегі  рең,    ажарды 
білдіретін сөздерді өзара салыстырсақ, солардың өзінде  біріндегі түске екіншісі не үйлесіп 
дамытылып,    не  қарсы    қойылуы  нәтижесінде  белгілі  бір  әсерлілік  өріс  алады.    Мәселен, 
алғашқы тармақты «сұлап жатқан» өлікке баланған даланың сарылығын, оның бетін жапқан 
селеулердің ақтығын алайық. Көп ретте  көріктілік үлгісі  боп алынатын   сары, ақ та белгілі 
бір   көріністі нақыштауға қызмет етумен қатар,  біртүрлі шырайсыздық шарпуына бөленгені 
анық. Себебі, өлікке ұқсағандықтан да,  даланың  сарылығы, кебінге сай алынғандықтан да, 


164 
 
селеудің  ақтығы  біртүрлі  шырайсыздық  шарпуына  бөленгені  анық.      Шығармада  одан  әрі 
өлім алдында жанталасқан  жаралы жан сөзін естиміз: 
Соқпа, сорлы жүрегім, 
Шірігенді, ақ білегім! 
Мұндағы  «ақ»  сөзі  білекті  ажарлау,  сол  арқылы  лирикалық    бейнені  өлімге  қимау 
сезімін  арттыруға  септігін  тигізуде.  Себебі,  әйтеуір  бір  көзге  көрінбейтін  бұлдыр  тұлғаны 
емес,    сымбат  салтанаты    ақ  білекті    көргесін  де,    біз  оны  жоғалтқымыз  келмейді.  Демек,  
алдыңғы  шумақта    «кебіндей  ақ  селеулер»  тіркесінде  біртүрлі  солып    семген  «ақ»  сөзі  бұл 
арада  керісінше зейнеттілік дәлелі ретінде әшекейлене түскен. Сол тәрізді лирикалық бейне 
толғанысы арқылы берілген: 
Сауықшыл есіл елім-ай! 
Сарыарқа сайран жерім-ай! 
Күмістей таза суы бар 
Айдын шалқар көлім-ай! 
Жолдарындағы    «күмістей»  сөзі  де  судың  рең  әдемілігін  ашумен  шектелмеген.  Бұл 
сөздің  сонымен    қатар  соншалық  әсем  судан  лирикалық  бейненің  қол  үзу  мүмкіндігіне 
аяныш  сезімін оятуға, демек, тағы да жаралыны өлімге қимауды дамытуға бастайтыны анық. 
Сондай-ақ осы сезімге жалғастырыла өрнектелген: 
Қара шаш қайран жарым-ай, 
Қарашығым, жаным-ай! 
Құлағыма келеді 
Алыстан ащы зарың-ай! – 
Тармақтарындағы  «қара»  сөзіне  көңіл  бөлсек,  тағы  да  дағдылы  өлшем  жетегінде 
кетпей, керісінше әсер туғызып тұрғанын аңғаруымыз керек. Мәселен, көбіне «ақ»  дегенде 
әдемілік,  «қара»  дегенде,  керісінше  көріксіздік    ұғымын  кезіктіріп  келсек,  мына  үзіндіге 
«қара»  сөзі  әсемдік  белгісі  ретінде    алынғанын    көреміз.  Бұл  әсемдік,  шаштың  қара  болуы  
арқылы  нақты  көрінуі,  сондай  перизатынан  айырылуы  мүмкін  лирикалық  бейне  қасіретін 
аша түсуге  жетектейді. Белгілі бір сөздің белгілі бір сурет жасау арқылы мағынасы кеңеюін  
«қан» сөзін қолдануынан да байқауға болады.  Оған мысал,   
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ, 
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан. 
Батқан  күннің    сәуле  емес,    қан  шашуы.    Күннің  әдетте    тек  сәуле    шашатынын 
ескерсек,    осынша  биіктен  қан  шашуының    өзі-ақ  –  соншалық  үрейлі  көрініс.    Бастапқыда  
күннің қан шашуы  нақты сурет дегеннен гөрі де шартты   әсірелеуге жақын. Ал одан кейін  
лирикалық бейненің ауыр жағдайын бейнелеу кезіндегі  
   
Қызыл қан сорлы адамның  шыбын жаны, 
   
Шапшып тұр жүрегінен ыстық қаны. 
 Шапшыған  ыстық  қанның    нақты    көрініс  екені  белгілі.  «Шапшу»  сөзі  қанның 
соншалық  көп  мөлшерде  кетіп  жатқанын,  демек,  жаралының  көз  жұмар  сәті  жақындай 
түскенін білдіреді. Шығармада  одан әрі қиналған жаралы сөзінен де қан ағуы тоқтамағаны 
көрінеді:  
   
Қуат кеміп барады,  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет