163
Жарайды тең болмаса күн мен түнің,
Итиіп қара шекпен келіп қонса,
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің [2,16].
Зар илеген ел ахуалы арқасына аяздай батпаса, ақын мұндай мұңды өлең жазбас еді.
Поэзия жанрын қолға алған тұста Мағжан Жұмабайұлы ұлы Абай дәстүрін байыту,
ұлттың әлеуметтік құрамына байланысты мәселелерді, тұтас ұлттың қамы, ер бірлігі,
берекесі, әйел бостандығын аңсау, әлем кеңістігіне қадам басу тақырыптарын қарастыра
білді.
Бүгінде ұлтшыл, сыршыл ақын шығармашылығы кеңес құрсауынан құтылған
тұстан бері кеңінен зерттелу үстінде. Оған Шериаздан Елеукеновтың «Мағжан Жұмабаев»
зерттеу еңбегі, Дандай Ысқақұлының «Әдебиет алыптары» кітабы, Жамал Боранбаеваның
«Сөз зергері Мағжанның әдемі өрген өрнегі» атты ғылыми диссертациясы, белгілі ғалым
Қуандық Мәшһүр-Жүсіповтың «Мағжан романтизмі» атты зерттеулері айқын дәлел бола
алады.
Әрине, өз кезінде батыс әдебиетінің соны дәстүрін қазақы мақамға сала білген
Мағжан Жұмабаев жаңашылдығын өз замандастары да мойындап талқыға түсірген.
Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» ауқымды мақала жазып
«Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін»
үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын
шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне
тәтті у себеді» [2,198] – деген образды пікір білдіріп, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... Бұдан соң Мағжанды сүйемін.
Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан мәдениеті зор ақын...»[3,294] – деген
лебіз білдірген.
Белгілі сыншы ғалым Айгүл Кемелбаева «Мағжан әлемі» кітабында: «
Мағжанның
ақындық жаратылысын суреттеуге сырлы сөз, байыпты бояу таппай қиналасың. Жұмақ
құсындай құлпырған, махаббат сезіміндей тылсым поэзия. Мағжанның суреткерлік
құбылысын тануға әдемі, салтанатты теңеулердің бәрі тарлық қылып, адыра қалатын тәрізді.
Мағжанның көркемдік көкжиегі Тайбурылдың шабысындай. Оның күн дидарлы нұрлы
өлеңдерінің жалғаны, осалы жоқ, құдды табиғат стихиясындай. Сондықтан ол туралы
табынбай, шабыттанбай сөз айту неғайбыл дүние. Мұхтар мен Жүсіпбек Мағжанның өлеңі
хақында тебіренбей, майдай ерімей сөз айтқан емес. Мағжан феноменін ақ-адал түйсінген
Мұхтар мен Жүсіпбек жүрекжарды лебіздерін ұрпақ санасына құйып кетуді парыз санаған.
Өйткені ол үшеуі шыңдағы ұялардан түлеп ұшқан жас қырандардай әдебиет көгіндегі
заманы бір, тілегі бір, рухы бір алыптар тобынан болды» – осындай керемет сын-пікір ақын
парасат-пайымын айқындай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: