Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Бір істі қайткен күнде де істеймін деген адам 1001 түрлі



Pdf көрінісі
бет15/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Байланысты:
Кәсіпкерлік-құпиясы

Бір істі қайткен күнде де істеймін деген адам 1001 түрлі

мүмкіндік таба алады, ал істемеймін деген адамға 1001 түрлі

сылтау табылады. Сондықтан, таңдау өз еркіңізде.

«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса

алмайсың».

Бауыржан Момышұлы.






Өсуің де, өшуің де өз қолыңда!

Француз жазушысы В.Гюго айтқан екен: «Кім болам десе,

сол болу – ұлы адамның ісі де, қолынан келгені болу – əр

адамның ісі», -- деп. Сондықтан өмір мені қай арнаға салса, сонымен

жүре беремін демеу керек. Ұлы адам болығыз келді ме, алдыңызға

ұлы мақсат, жоспар қоя біліңіз.

Мен танитын адамдардың көбі, бүгін бітер істі кейінге қалдыруға

дағдыланған. Ертең де ол істің өнбейтінін өзі біле тұрса да ертеңге

қалдыруға құмар. «Құдай қаласа көктем шықсыншы, мен бəрін

қатырамын!» деп типа «мақсат» қояды. Бірақ олар көктемде де түк

тындырмайды. Тындыратын болса өмірінде қанша көктем өтті емес

пе?!

Біреулер бар: «Ақшам көбейсін, істі сол кезде бастаймын» -- деп



жүре береді. Бірақ бір ренжитінім, сол адам ақши жинайын деп əрекет

етпейді ғой. Əлгі адамға 5 жылдан кейін жолықсаң: «Бірдеңе бастау

керек еді, қаражат болмай тұр. Жиналса көреміз ғой», -- дегенді тағы

айтады. 5 жыл ішінде 5 мың теңге жинамаған адамнан енді не үміт, не

қайыр?! Егер əлгі адам əр айлығының 10 пайызын жинап отырғанда,

өзіне керек миллион теңгені табар еді ғой. Бірақ ол оның орнына,

«ертең, ертең, ертең» деген бұлыңғыр мақсат қойып жүре беруді

таңдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет