Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


«Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ



Pdf көрінісі
бет18/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
Кәсіпкерлік-құпиясы

«Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ

алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын».

Йоганн Вольфганг фон Гѐте.

Себеп-салдар заңдылығы


Бүгінді күнді кеше жасадық, ал болашақты бүгін жасаудамыз

Өмірді толық қабылдап, 100 пайыз жауапкершілікті сезінгеннен

кейінгі екінші қадам – себеп-салдар заңдылығы. Көпшілігіміз басыма

түскен қиыншылықты тағдырдың жазуы деп қабылдаймыз. Рас қой?

Алланың пешенеме жазғаны осы да, қайтеміз енді деп мойынсұнамыз.

Ал шын мəнісінде, логикалық тұрғыдан ойлап қарасақ, бүгінгі күн,

нақтырақ айтар болсақ, біздің бүгінгі материалдық жағдайымыз,

біліміміздің деңгейі, эмоционалды көңіл-күйіміз, бір сөзбен айтқанда,

барымыз бен жоғымыз кешегі күнннің нəтижесі.

Қарапайым ғана тамақты айтайық, тамақтың дəмсіз болып

шығуына аспазшының азық-түлікті жеткілікті мөлшерде қоспағаны

себеп. Сол сияқты Сіздің бүгінгі өміріңіз өзіңізге ұнамаса, онда оны

кешегі еткен еңбектің нəтижесі деп білген жөн. Сондай-ақ, Сіздің бүгін

жасап отырған жұмысыңыз, əрекетіңіз, болашақтың іргетасын қалауда.

Егер Сіздің балаңыз бүгін сабақтан нашар баға алып келсе, оған

кім кінəлі? Əрине, Сіз! Өйткені кеше Сіз оның сабағын

қадағаламадыңыз. Нашар баға – соның нəтижесі. Бірақ оған өкініп,

таусыла берудің қажеті жоқ. Балаңыз ертең жақсы баға алуы үшін

сабағын барынша қадағалап, ертең «5-тік» баға алуына көмектесіңіз.

Сыртқы нəрсе ішкі əлемнің көрінісі екенін, бүгінгі əрекет ертеңгі күннің

жемісі екенін ұғынбасаңыз, шын сезінбесеңіз, онда Сіз дамымайсыз,

өспейсіз!

Болашақ – ашылмаған құпия, өткен шақ – тарих, ал осы шақ –

Сізге берілген үлкен сыйлық. Сондықтан болашағым баянды болсын

десеңіз, осы шақтағы мүмкіндіктерді пайдаланып қалуыңыз керек.

Қазақ – дана халық. Баяғыда ақсақалдарымыз, қарияларымыз




кішкентай бір баланы көрсе: «Əй, осы баладан бірдеңе шығады. Бір

жерді тесіп шығады» деп баға беріп жатады. Кейін қарасаңыз,

шынында да əлгі баланың белгілі бір салада жетістікке жеткенін, өз

ортасында сыйлы, абыройлы азамат болғанын көресіз. Бұдан шығар

қорытынды: адамның болашақта қандай болатыны оның бүгінгі іс-

əрекетіне байланысты. Міне, бұл – себеп-салдар заңдылығы! Осыны

дұрыс қабылдай білу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет