4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде сұрақ белгісі қойыла ма, қойылмай ма ?Қойылу-
қойылмау себебін түсіндіріңіздер.
а) Бір ойдан Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп те ойлады. Сол бала
ажарын жақтырмағаннан ба, болмаса Оспан мінезіне таң қалды ма, əйтеуір,
Абай осының алдында жаңа ғана саятшылыққа жас баладай тамашалап,
қызыққан қалпынан тез суынды. (М.Ə.) Адам қашанда өзінің ерік-жігерінің
əміршісі, ар-ожданының құлы болу керек емес пе . (Н.К.) Абай тамақ іше
алмайды. Сондықтан ба, болмаса күн көзіне шықпай көп күндер отырып
қалғанннан ба, қазір қара сұр реңнен ақ сұр түске ауысқан. Халқыңа басшы
болар талап соңына түссең, офицер боп жүріп жетесің бе, инженер болып,
адвокат оқуын оқып жетесің бе, бəрібір! Бұл не сонда Адалдық па, əділдік пе
Шыншылдық па, сыншылдық па Көріп тұрсыңдар ма, бар аумағы бір уыс
жылы қуыс, өзі маған туыс қуыс.(З.Қ.)
ə) Мен шыдап тұрайын ба, ызаға булығып, əпкеммен жұлқыса кеттім.
Бұл елден кетерін сезген қыздың қимас көңілінен шыққан жас па, əлде
ағайынның ықыласына деген ризашылық жасы ма, ол жағын аңғара алған
жоқ едім...(Б.М.) Емдеуге бола ма, жоқ, болмай ма, маған ашығын
айтыңызшы. (Т.Ə.) Дастархан үстіндегі мезгілсіз тыныштықты қуалауға
ұйғарды ма əлде көңілсіздікті сезіп, соны сейілту үшін бе, Нұрғайша орнынан
лып етіп тұрып, үстелдің үстіндегі радиоқабылдағышты бұрап қалып еді,
қазақтың əн-би ансамблі қарақалпақтың «Бибігүлін» нақышына келтіре
шырқап ала жөнелді.
Қалам ба деп қайғырмаймын көмусіз,
Кетем бе деп қапаланам өмірсіз.
Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,
өсем бе, өшемін бе құдай білсін.(М.М.)
Жұмсақ төсекте кесілген сүйектер бұралып, майысып кетеді деп қорқа ма,
əлде басқа бір себебі бар ма кім білсін.(Н.К.) Бұл жатырқауы ма, жасқануы
14
ма, жабырқауы ма? Осының өзі өңім бе, түсім бе Қайда Қалай жүреміз Менің
не керегім бар Не дейді Рас па, өтірік пе Шыны ма, ойыны ма (З.Қ)
Достарыңызбен бөлісу: |