ПУНКТУАЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Пунктуация термині латынның «punctum»- нүкте деген сөзінен алынған.
Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы,
жазу емлелерімен бірге белгілі мəтінді өз ішінде бір-бірімен айырып түсінуге
мүмкіндік беретін жəне оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу
тілінің негізгі құралы болып саналады; екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс
қою жөніндегі ережелерді; үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны
білдіреді. Пунктуация – жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба.
Сөйлемнің, жалпы мəтінің тыныс белгілерін қою үшін үш белгіге сүйену
керек. Олар:
Грамматикалық
принцип
Мағыналық принцип
Интонациялық
принцип
Тыныс белгілерін сөй-
лемнің
құрылымдық
ерекшеліктеріне сүйеніп
қою принципін грам-
матикалық
принцип
дейміз.
Мысалы:
Мұндайлар-
дың алды осы Жиде-
байға, Абайдың шеше-
сінің үйіне де, келіп
жеткен (М.Əуезов).
Егер осы сөйлемдегі
үтірлер қойылмаса, бір
ғана мекен екі түрлі зат
сияқты болып көрінер
еді.
Сөйлемнің жəне сөйлем
құрамындағы
сөздердің
мағынасын ашып, ерек-
шелеп
тұру
тыныс
белгілерінің мағына ай-
қындаушы қызметі болып
табылады.
Содан
соң
қырмандағыларды тегіс
жинап (балаларды да
қосып)жиналыс өткізеді
( С.Мұратбеков).
Осы сөйлемдегі жақша
ішіндегі
сөздердің
сөйлемнің грамматикалық
құрылысына қатысы жоқ,
сөйлемдегі ойға, автордың
мақсатына қажеті бар,
қыстырмалық мəндегі сөз-
дер. Ол мақсат жақша ар-
қылы көрініп тұр. Егер
жақша емес, үтір қойылса,
мағыналық рең басқа бо-
лумен бірге, жақша ішін-
дегі қыстырманың құры-
лымын да өзгертуді қажет
етер еді.
Белгілі
сөйлемдерді,
сөзді, тұтас мəтінді
оқығанда дауыс ыр-
ғағының құбылуы, ты-
ныс белгілерінің қо-
сымша, көмекші қыз-
меті
интонациялық
принцип деп аталады.
Енді
Жігітектің
бурыл шалы Келден
үнсіз
дағдарыста
қалған топқа бір-ақ
қана байлау айтты:
- Жə, жігіттер, сөз
бен істі таныдық қой.
Мағаш шырақ, барды
көрді ғой көзің? Көрді!
Тек
осыны
түгел
Абайға жеткіз.....
Осы шағын ғана мə-
тінде дауыс ырғағы-
ның неше түрлі құ-
былысы байқалады.
5
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте (.), сұрау белгісі (?),
леп белгісі (!), көп нүкте (...). Бұлар – даралаушы қызмет атқарады. Сонымен
қатар сөйлем соңында тыныс белгілерінің қабаттасып келетіні де болады.
Олар: сұрау жəне леп белгісі, сұрау белгісі мен көп нүкте, леп белгісі мен көп
нүкте.
Нүкте
1. Нүкте тиянақталған ойды
білдіретін хабарлы сөйлемдерден
кейін жəне лепсіз айтылған бұйрық,
тілек мəнді сөйлемдерден кейін
қойылады.
Хабарлы
сөйлемдер
құрылысына қарай толымды, то-
лымсыз, атаулы, жай, құрмалас
болып келе береді.
Көкек айы. Мал төлдеп, құс ұялаған
кез. Əмірқан, Дəулетжан үшеуміз
Керуенкөлге құс атуға бардық
(Ж.Аймауытов).
2. Əрі қарай кең түрде баян-
дауды ескертетін сөйлемдерден кейін
қос нүкте қойылмай, нүкте қойы-
лады. Бұл баяндаудың өзі бірнеше
сөйлемдерден құралады, көбінесе,
жаңа жолдан басталып жазылады.
Мен іркіліп қалдым. Оның себебі
төмендегі еді. Адамқұлды мен
бірінші рет ... көтерілістің алғашқы
күндерінде көрдім. О кезде таныса
қоюға уақыт болған жоқ...
(«Адамқұл дегеніміз осы» дегенге
дейін
бір
бетке
созыла-
ды)(С.Мұқанов).
3. Цифр немесе əріптер арқылы
санамаланып айтылған сөйлемдерден
кейін нүкте, нүктелі үтір, кейде үтір
қойылады. Санамаланып айтылған
бірыңғай сөйлемдердің əрқайсысы-
нан кейін нүкте қойылса, əрқайсысы
бас əріптен басталып жазылады.
Барлық
сілтілердің
төмен-
дегідей ортақ химиялық қасиеті
болады:
1) Олардың концентрациялы
ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер
тканін бұзады.
2) Сілтілер майларды сабынға
айналдырады.
3)Сілтілер
ерітінділерінде
лакмустың жəне фенолфталеиннің
түсі өзгереді («Химия» оқулығынан).
Санамаланып айтылған бірыңғай
құрылымдардың
(конструкциялар-
дың) арасына нүктелі үтір (немесе
үтір) қойылса, олардың əрқайсысы
кіші əріптен басталып жазылады.
4. Қыстырма сөйлемді алу үшін
Ендеше, егер рұқсат етсе,
6
ашылған
жақшаның
алдындағы
сөйлем аяқталып, оған тиісті тыныс
белгісінің бірі қойылған болса,
қыстырма сөйлемнен кейін жақша-
ның ішінен нүкте қойылады.
сонда түсейік. Бүгін ас ішетін
жеріміз де жоқ. Жататын қуыс
болса
болады.(Итбайдың
бұлай
деуіне себеп - қызын көрейін дегендік
еді.)
5. Драмалық шығармаларда əр
сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін
нүкте қойылады. Кейіпкердің атынан
кейін ремарка келсе, ол кіші əріппен
жақша ішіне алынады да, нүкте
жабылған жақшадан кейін қойылады.
Амангелді
(атып
тұрып).
Кешігіп
қалыпсыз,
мыр-
за!(Ғ.Мүсірепов)
6.
Дəйексөздің,
келтірілген
мысалдың қайдан екенін, иесін
көрсететін сөздер жақшаға алынады.
Егер ашылған жақшаның алдында
ешқандай тыныс белгісі болмаса,
жақша
жабылған
жерге
нүкте
қойылады.
Егер ашылған жақшаның нүкте,
сұрау белгісі, леп белгісі не көп нүкте
тұрса, нүкте жақшаның ішіне қо-
йылуы мүмкін.
Қансонарда бүркітші шығады
аңға (Абай).
Егер жау берілмесе, оны құртар
болар! (М.Горький.)
Бұлақты таудан арна ақса, Теңіз
болар аяғы. (Жамбыл).
7. Бас əріптен немесе басқы
буыннан шартты түрде қысқартылып
алынған адам, кітап, газет, журнал,
шығарма, т.б. аттарының сол қыс-
қартылған əрпінен не буынынан соң
нүкте қойылады:
С.Мұқанов, А.Құнанбаев, Шығ.
8 . Драмалық шығармалардағы
жақшаға алынатын ремаркалардың
тыныс белгілерінің орналасу тəртібі
мынадай:
а) ремарка кейіпкердің атынан
кейін қатар келгенде, нүкте жақ-
шаның сыртына қойылады.
ə) ремарка кейіпкердің сөзінің
ішінде екі сөйлемнің арасында
немесе кейіпкер сөзінің аяғында
келсе,
нүкте
жақшаның
ішіне
қойылады;
жақшаның
алдынан
сөйлемге
тиісті
тыныс
белгісі
Баян (аз ойланып). Үш түрлі
шарт қойсам, орындармысың?
Амангелді. Миша! (Жайнаққа.)
Əкет мыналарыңды! (Жайнақ Жа-
парларды айдап əкетеді.)
7
қойылады.
9. Тағысын тағы, тағы сон-
дайлар, тағы басқа деген сөздер қыс-
қартылып қолданылғанда, олардан
кейін нүкте қойылады.
Бұлардан басқа қысқартылып
нүкте қойылатын сөздер:
т.б.,т.с.,т.т.
ж. - жыл; ғ. – ғасыр; сек. –
секунд, мин. - минут; сағ. – сағат
Ескерту: Мынадай қысқарту-
ларға нүкте қойылмайды:
1) Бас əріптерден жəне буындардан
қысқарған сөздердің əріптерінің
немесе буындарының арасына
2) Ұзындық, көлем өлшемдерінің
жəне басқаларының қысқартылып
қолданылатын
шартты
белгілерінен кейін
3) Цифрдан немесе оның орнына
алынған əріптен кейін жарты жақша
(айшық) қойылса, одан кейін нүкте
қойылмайды.
ҚазҰУ, мемтерминком
км, м, см, га, а(ампер), С(
Цельсий)
Достарыңызбен бөлісу: |