Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет4/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
пунктуация

 

2 -жаттығу. Жай сөйлемдерді түріне қарай ажыратып, нүкте қойыңыздар. 

 

Түн  аспан  бұлт  жұлдыздар  көрінбейді  поезд  жақындады  станцияның 

басы  олай-былай  жүгірген  адамдарға  толған  поезд  келіп  тоқтады  поездан 

адамдар  түсе  бастады  айқайлар,  дауыстар  естіле  бастады  электр  жарығында 

поездан бір қыз түсті басында бір жақ құлағына қисайта киген қызыл берет 

жүктерін жерге қойып тұрды қайтадан жүріп электр шамының астына келді 

енді бетін анық көруге болады. 

 

3-жаттығу. Нүкте қойылмаған жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің аражігін 



тауып, нүкте қойыңыздар. Келесі сөйлемдерді бас əріптен жазыңыздар. 

 


 

 



Күз  аспаны  бұлтсыз,  ашық,  тіпті  көктемдегідей  көгілдір,  таза  күн  қала 

сыртында  көкжиекке  еңкейіп,  алыс  тау  сілемдерінен  əрі  асып  бара  жатқан-

ды,  көшелерді  көлеңке  жайлап,  қызуы  аз  қызғылт  шұғыла  биік  теректердің 

ұшар басында ғана қалған  

Ол менің оң қанатымда екі-үш адым алда келеді кеуделі, иықты, толық 

кісі мол денесін ауыр қозғап, сəл теңселе басады бетін маған бұрғанда аздап 

ырғалғандай  болады  үстінде  кең  пішілген  көнетоз  сұр  костюм,  ақ  жағада 

көкжолақ  галстук,  əнтек  қысқалау  мойыны  қырынан  қараған  адамға  анық 

байқала  бермейді  жалаңбас  жарқыраған  кең  маңдайы  жалтыр  төбесімен 

тұтасып  кеткен  шала  түткен  түбіттей  көк  мамық  шаш  селдірлеу,  бірақ  екі 

самайда екі уыс боп бұйралана қопсып, ұйлыға үрпиіп, көбейіп көрінеді. 

                                                                             (З.Қ.)  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет