Т. М. Садықова экология ұҒымын философиялық ТҰРҒыдан талдау және оның Қалыптасу жолдары



жүктеу 140.68 Kb.

Дата12.03.2017
өлшемі140.68 Kb.

№ 3 (88) 2012

135


Т.М. САДЫҚОВА 

ЭКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ 

ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ

In the article in vestigate deffenition of egolog

y

  from philosophy’s point of  vien  and develoring of it. And 

ecological problems of modern societ

y

 and the wa

y

s of  thir in deciding.

Адамзаттың ғаламдық ауқымдағы экологиялық өзекжарды мәселелерді  саралауын философиялық-

этикалық  талқылау  ғаламшардағы  күрделі  құбылыстардың  ара  қатынасы  мен  адамзат  ұрпағының 

өзі жасаған әр қадамына, әр шешіміне адамгершілік тұрғысынан жауапкершілігінің нақты көлемін 

айқындайды.  Жалпы  алғанда,  этика  ғылымының  философиялық  ілім  ретінде  әлемге  көзқарас 

тұрғысынан діни және нақты ғылыми ілімдерден ерекшелігі адамзат іс-әрекетін ерекше құндылықтар 

негізінде  қарастыруы  болып  табылады»  [1,5].  Бұл  құндылықтар  өз  кезегінде  саналы  һәм  жеке 

жауапкершілікті  қалып  иеленеді.  Этика  ғылымы  нақты  ғылыми  нысан  ретінде  адамгершілікті 

зерттейді, яғни адамның нақты өмір мен өзін қарым-қатынасқа түсіретін сезімдерді, ой ағымы мен 

іс-әрекеттерді зерттейді. 

ХХ ғасырдың ортасынан бастап дүниежүзілік философия ғылымында «Экологиялық философия» 

атты  ағым  ерекшеленіп,  өз  алдына  бөлініп  шыға  бастады.  Экологиялық  философия  ағымы  қазіргі 

философия  ілімінің  мынадай  бірнеше  бұтақтарын  біріктіретін  тұтас  ілімге  айналды:  табиғат 

философиясының  тарихы,  ауқымды  ғаламшарлық  философия,  биофилософия  және  табиғат  қорғау 

философиясы. Экологиялық философия адамзаттың табиғат және айналадағы қоршаған орта туралы 

түсінігінің  дамуын  тарихи  тұрғыдан  қарастырады,  сонымен  бірге,  экологиялық  білімнің  жалпы 

негіздерінің қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы іргелі теориясын қалыптастырады.

«Экологиялық этиканың ғылыми-көпшілік ортада өз алдына мейлінше кең тараған нұсқасы «адам 

және табиғат» желісі бойынша құрылатын қарым-қатынастарды қарастыратын нұсқа боп саналады. 

Ілімнің бұл нұсқасының шығу тегінің өте ұзақ уақытқа созылған философиялық-этикалық тарихы 

бар» [2,157]. Бұл бағытта толымды еңбектер жазған ойшылдар қатарына, өздерін нақты экологиялық 

этика  ғылымының  өкілдерінен  санамаса  да,  В.И.Вернадскийді,  К.Э.Циолковскийді,  А.Швейцерді, 

Г.Д.Тороны  және  басқа  да  ғалымдарды  жатқызуға  болады.  Ал  «Экологиялық  этика»  ұғымы  өткен 

ғасырдың  70-ші  жылдары  ғылыми  айналысқа  енгізіліп,  пайда  болған  болатын.  Алайда,  бұған 

қарамастан адамзат ұрпағы мен табиғат арасындағы қарым-қатынастар мәселелері жайлы түсініктерді 

ерте заман философтары мен сол ежелгі дәуірлерден бері адам санасын жаулап келген діни түсініктер 

қалыптастырғанын ұмытпауымыз керек. Мәселен, бұл тараптағы ізденістерді саралай келе, батыстың 

кейбір философтары адам мен табиғат арасындағы туындаған даулы кикілжіңнің, түсініспеушіліктің, 

сол  арқылы  ауқымды  мәселелердің  туындауын  христиан  дінінен  көреді.  Олардың  арасында  Пире 

Манон,  Лини  Уайт  және  жабайы  табиғатты  «жырлап  өткен»  Перли  Каскиндерді  атауға  болады. 

Әлбетте, мұндай көзқарас тым үстірт, бір жақты қарастырудан туындайтыны анық. Өйткені, жалпы 

ғаламдық  діндер  уағыздайтындай  христиан  діні  де  адамның  табиғаттан  өктем  екенін  айта  тұрып, 

адамды мейлінше қанағатшылыққа шақыратын аскеттік көзқарастарды да уағыздайтыны белгілі ғой. 

Ал, бұл көзқарас өз кезегінде экологиялық доктриналарға еш қайшылық тудырмайды. Бұған қосымша, 

Р.Кейцар және К.С. Эбрахам Інжілдің қазіргі уақыт тұрғысынан қарағанда, экологиялық көзқарасы 

позитивті екендігін негіздей отырып, бірнеше мақала жариялаған [3,85].  Сондай-ақ, Карл Вьеланд 

және Джонатан Сарфати өздерінің «Экологиялық проблемалар туындауында христиан дінінің кінәсі 

бар ма?» [3,207] атты мақалаларында Інжілден «экологиялық үзінділерді» молынан келтірген.

Ал, кейбір америкалық экофилософтар – мәселен, Ю. Харгроув, Холмс Ролстон ІІІ және басқалары – 

антропогенді келбет алған экологиялық мәселелердің туындауында діннің емес, керісінше, философия 

ғылымының үлесі бар деп санайды. Өзге бір философтар бар кінәні грек философиясынан іздейді. 

Сонымен  бірге,  аталмыш  мәселелердің  туындауында  адамзаттық  мәдениет  пен  өркениеттің  және 

табиғаттың өзара қарым-қатынасынан деп санайтын философтар да баршылық. Олардың арасында 

М.Хайдеггер, К.Ясперс, Л.Мамфорд және басқаларын атауға болады. Ғылыми прогресстің өрістеуі 

мен технологиялық дамудың қарыштауы адамзаттық мәдениеттің болмыста бар болуы мәселесі және 

оның ізін баса, біз «өркениет» деп атайтын, қазіргі қоғамда адамның өмір сүруі мәселесі күн тәртібіне 

қойылуда. 

Ресейдің  философия  ғылымында  экологиялық  мәселелер  бастауы  туралы  нақты  бір  ізді  ілім 

әлі  күнге  дейін  толығымен  қалыптаса  қойған  жоқ.  Мәселен,  С.Д.Дерябо  және  В.И.Ясвин  [4,208] 

антропоцентристік  бағыттың  басты  дүниетанымдық  ұстанымдары  ретінде  «архаикалық  таным», 

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

136


христиан  діні,  картезиандық  ілімдерді  жатқызса,  экоцентристік  бағыттың  басты  ұстанымдары 

«инвайроментальді консерватистік» («инвайроментальді» - ағылшын тілінен аударғанда «қоршаған 

орта» деген мағынаны береді), орыстың ғарыштық таным-түсінігі, ноосфера жайлы ілім, экологизм, 

көп салалы этика және биоцентризм деп санайды. 

Орыстың  белгілі  эколог-ғалымдарының  бірі  Н.Ф.Реймерс  экологиялық  дүниетанымның  барша 

кешенді құрылымы «адам жанының экологиясына» байланысты деп жазады [5,116]. У.А.Раджабов 

ежелгі дәуірлерді «адамның экологиялық жауапкершіліктерін сезінуде өз мүмкіндіктерін жоғалтып 

алған  дәуірі»  деп  атап,  «батыстық  христан-иудейлік  дәстүрді»  «шығыстық  діни-философиялық 

дәстүрмен»  салыстыра  саралайды.  Раджабовтың  көзқарастарын  К.М.Петров  қолдайды.  Ал,  бұл 

тарапта  Үндістан  және  ежелгі  Шығыс  мәдениетінің  іздеушісі  Н.Рерих  ұстанған  ілімнің  сілемдері 

аңғарылып, ғалымдар өз теорияларының бастауын «Агни-Йогадан» алғаны байқалады.

Ресейлік  қазіргі  заманғы  философтар  мен  табиғаттанушы-зерттеушілердің  ізденістерінің  бірі 

ретінде  А.И.Жировтың  өз  монографиясындағы  «ХХ  ғасырдағы  гуманитарлық-экологиялық  ойлар 

мен түсініктердің дамуы және экологияның дамуы» атты бөлімін айтуға болады [6,42]. Бұл еңбекте 

А.М.Гиляров,  В.В.Докучаев,  П.А.Чихачев,  А.И.Воейков,  Г.Ф.Морозов,  Ю.К.Ефремов,  В.Б.Поздеев, 

Д.Н.Кашкарова,  Г.А.Раменский  және  өзге  де  бірнеше  ғалымдардың  есімдері  аталады.  Геоэкология 

маманы бола тұрып, А.И.Жиров өз еңбегінің аталмыш бөлімінде экология ғылымының гуманитарлық 

негіздерін арнайы зерттеу керектігін негіздей жазады. 

Әр дәуірдің ойшылдары ұсынған ғылыми  тұжырымдамаларын алға тарта отырып, әр мәдениеттің 

бағыт-бағдарын саралап қарасақ та, мәдениеттің табиғатқа қарсы бағытта дамитыны дау тудырмайды. 

Көптеген авторлар бір-біріне өзара сілтеме жасамастан-ақ, адамзат ұрпағының ғасырлар бойы жасап 

келе  жатқан  мәдениеті  «табиғаттың  арқасында»  өмір  сүріп  келе  жатқанын  айтады.  Табиғат  пен 

мәдениет  арасындағы  қарама-қайшылықтардың  арқасында  қазіргі  қоғам  осылардың  әрқайсының 

жекелеген элементтерін бойында сақтаса ғана, мәдениеттің адами келбеті сақталып қалады. Табиғат 

пен мәдениеттің қарым-қатынасы тамыры тереңге кеткен тарихи уақытты қамтиды, ал мәдениеттің 

түрі мен оның бастан кешетін тағдыры табиғи дүние мен қолдан жасалған, яғни, екінші табиғаттың 

қарама-қайшылығын шешуден анықталады. Мәдениет дегеніміз (немесе «екінші табиғат») – табиғи 

жаратылыстың феномені, өйткені, оны жасаушы Адам – өз кезегінде биологиялық жаратылыс деп 

саналады.  Адами  мәдениетті  өз  іс-әрекетінің  мейлінше  жаңа,  жан-жақты  өнімдерімен  толықтыру 

үшін адам баласы табиғат қорларын пайдаланады, өзінің табиғи қарым-қабілетінің жаңа жақтарын 

ашуға  талпынады.  Әлбетте,  әу  баста  адамзат  табиғат  белгілеген  шекараларды  бұзып-жарып,  аттап 

өтпесе, тура және ауыспалы мағынасында «мәдениетсіз» болып қалар еді. Бұдан шығатыны, мәдениет 

дегеніміз - табиғатты жеңу, биологиялық шектеулер шеңберінен шығып, ой мен қиялды жүзеге асыру, 

адамды өзге жанды тіршілік иелерінен айыратын дүниелерді жасау болып табылады. 

«Табиғи дүние» мәдениет пайда болмай тұрып, оның түрін, барша мазмұнын анықтаған болатын. 

Ол  сондай-ақ,  адамның  қоршаған  ортаға  бейімделуі  керектігін  көрсеткен  болатын.  Сондықтан  да, 

ежелгі дүниеде табиғат туралы түсініктер оның басты-басты элементтері – От, Жер, Ауа мен Су туралы 

түсініктерден тұрғаны кездейсоқ емес еді. Табиғаттың адам үшін тылсым жұмбақ құбылыстары культ 

ретінде шексіз сенім белгісі болды, адам өзін қоршаған ортаға оның бір бөлігі ретінде табиғат аясына 

толықтай еніп, одан мүлде бөлінбеген еді. Орта ғасырларда адамзат ұрпағы діни наным-сенімдерінің 

арқасында алғаш рет табиғаттан бөлініп шығуға талпыныстар жасап, оған өз билігін жүргізе алатын 

өктем құбылысқа айнала бастады. Өйткені, діни түсініктер бойынша Құдай адамды өзінің қалпымен

өзіне ұқсатып жасаған жалғыз туынды еді. Сол арқылы ол табиғи емес, жаратылған, жасалған дүние 

ретінде қабылданып еді. 

Ал,  Қайта  өрлеу  дәуірінде  адам  табиғат  стихияларының  квинтэссенциясы  сынды,  өзін  бүкіл 

ғаламның бірлігі ретінде, өзінің жеке шағын әлемі бар тұлға болып қалыптасты. Жаңа дәуірде адам 

табиғат аясынан таза бөлініп шықты, машина жасау арқылы адамзат табиғаттан ажырап, оны жекелей 

және толық игеруге маңызды қадамдар жасады. Бұл дәуірдегі адамзат ұрпағының басты мақсаты - 

табиғат туындыларын толық игеріп, оны өзінің жаңалықтары мен игіліктері үшін пайдалану және 

тәжірибелер жүргізу, сол арқылы «табиғаттың иесі» атану боп саналды. Осы бағыттағы ой жүйесі, 

әсіресе,  Ф.Бэконның  ілімінде  анық  көрінеді.  Ф.Бэкон  өз  жазбаларында  табиғат  құбылыстарын 

адамның тәжірибесінде мейлінше тиімді пайдалану туралы баса айтады. Бұл көзқарасқа сол дәуірдегі 

күрделі  технологияларды  игеруге  тың  қадам  жасаған  өнеркәсіп  дамуы  мен  физика  және  өзге  де 

жаратылыстану ғылымдарындағы жемісті жаңалықтар өз әсерін тигізген еді. Ал, ХХ ғасырдың орта 

кезінде адамзат қоғамының ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін өмір сүру ортасын қайыра қалпына келтіру 

керектігі туындаған кезде бұл тарапта методологиялық консенсус табу қажеттігі ерекше байқалады. 

Split by PDF Splitter


№ 3 (88) 2012

137


Осы кезеңнен бері арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғаламшар ойшылдары адамзаттың өмір 

сүруіне ықпалды жағдай жасау үшін ғылым салалары арасында ортақ синтез жолын іздестіріп келеді. 

Бұл  тұрғыдан  қарастырғанда,  экологиялық  проблемаларды  шешудің  мән-мағынасы  айналадағы 

қоршаған ортаның ластану салдарларынан арылуда ғана емес, өркениет жетістіктерінің абсолюттік 

жаулап  алуынан,  табиғи  құндылықтарды  ығыстырып  шығарудан,  адамзат  ұрпағының  тәні 

қоректенетін  жаратылыс  ретінде  ығысытырылып  шығуынан  да  тұратыны  анық  болып  отыр.  Осы 

бағытта экофилософиялық теориялардың орасан көптігіне қарамастан, «алдыңғы қатарлы дамыған 

мемлекеттерде  экологиялық  дағдарыстың  сыртқы  көріністерін  жою  жақсы  жүзеге  асырылып  келе 

жатыр, бірақ, онымен бірге, бұл құбылыстың мәдени-антропологиялық дағдарыстың құрамды бөлігі 

ретінде үдеріске дендей енуі де байқалып отыр» 

Қазіргі  таңдағы  қоршаған  орта  туралы  гуманитарлық  ғылымдарда  тәжірибедегі  «мүмкін» 

және  теория  ұсынатын  «болуы  шарт»,  «міндетті»  делінетін  ағымдардың  өзара  едәуір  алшақтығы 

байқалады. Бұл алшақтықты жақындату үшін экологиялық этикада «практикалық философия» тәрізді 

жүйе құрастыру қажет сынды: мұнда шарт пен міндет ұсынатын императивтермен бірге, жекелеген 

адамдар, топтар, ұйымдар, мемлекеттер және тұтас әлем сынды адамгершіліктік әрекеттер атқаратын 

субъектілердің қарекетін қадағалайтын, нақты бір жүйеге түсіретін принциптер болуы тиіс. Осындай 

экологиялық-этикалық  әмбебап  жүйелерді  құру  үшін  жасалған  қадам  ретінде  Біріккен  ұлттар 

ұйымының қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясы қабылдаған «ХХІ ғасырға 

арналған күн тәртібі», «Тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы» және басқа да құжаттарды атауға 

болады. Бірақ, 2002 жылы өткізілген осынау конференцияға қатысушылар қабылдаған шешімдердің 

нақты орындалуында кедергілер көп екен. Жалпы алғанда, биліктік шешімдер қабылдау тұрғысында 

қоршаған ортаны қорғау ұйымдарында нақты тәжірибелік негіздемелер жоқтың қасы. Онымен қоса, 

кез келген әлеуметтік реформалардың экологиялық тұжырымдамаларын қалыптастыруда экологиялық 

этика  құндылықтары  мен  көзқарастарының  тиянақты  тарихи  зерттелуі  керек  болады.  Себебі, 

экологиялық этика «қоғам және қоршаған орта» жүйесін философиялық принциптермен қарастыруға 

негізделетіні анық. Осы тұрғыдан ала отырып, біз де өз кезегімізде табиғат туралы философиялық 

көзқарастардың  тарихи  кезеңдерде  өзге  де  құбылыстармен,  институттармен  бірге  дамуына,  сол 

арқылы  бүгінгі  жалпыға  ортақ  экологиялық  дүниетанымның  қалыптасуының  заңдылықтарын 

анықтауға талпынамыз.

Табиғаттың адам және қоғам үшін бағасы, жалпы алғанда, мейлінше жан-жақты, көп қырлы және 

табиғат адам нәсілі үшін өтпелі, кезекті құндылық болмауы керек. «Адамзаттың техникалық күш-

қуаты қанша артқанына қарамастан, бұл құндылық ешқашан өз бағасын арзандатпайды». Керісінше, 

технократтық өркениет қарыштап дамыған сайын және табиғи төл нысандардың антропогендік немесе 

табиғи-антропогендік  туындылармен  алмастырылуы  көбейген  сайын  адамзат  өзінің  өмір  тіршілігі 

үшін табиғаттың рухани және материалдық құндылығын анық сезіне бастайды. Айналадағы қоршаған 

ортаның  аксиологиялық  сараптамасы,  оның  құндылықтарын  мынадай  бағыттарда  анықтауға  қол 

жеткізеді:Табиғатта адамзаттың биологиялық түр ретінде өмір сүруі үшін жағдай тудыратын ортасы 

ретінде (биологиялық құндылығы);

Белгілі  бір  шектік  межеге  дейін  ластаған  жағдайда  өз  бойындағы  қайталанбас  күш-қуаты 



арқылы қайтадан қалпына келе алатын әмбебап таза орта ретінде (тұрақты даму құндылығы);

Адам ағзасының қабілет-қарымының мүмкіндіктерін ашу үшін және денсаулығын қалпына 



келтірудің қайнар көзі ретінде (медициналық-қалпына келтіруші құндылығы);

Шаруашылық әрекеттерін жүзеге асыруға қажетті қорлардың жиынтығы ретінде (экономикалық 



құндылық);

Ғылыми  сараптамалар  мен  тәжірибелер  өткізу  және  ғылыми  білімдер  жинақтаудың  нақты 



бастауы ретінде (гносеологиялық құндылық);

Эстетикалық көңіл-күй қалыптастыратын әсер негізі  ретінде (эстетикалық құндылық);



Адамгершілік  және  мораль  құндылықтарының  негізгі  жиынтықтары  ретінде  (этикалық 

құндылық) және басқалары.

Осы  тізімдегі  құндылықтардың  соңғысы  –  этикалық  құндылық  мәселесіне  адамзат  ұрпағы 

салыстырмалы түрде кейінде ғана назар аударды. Оған дейін адамзат қоғам мен қоршаған ортаның 

өзара қарым-қатынасының ерекшеліктерін ұзақ уақыттар бойы тек танымдық тұрғыда ғана зерттеп, 

зерделеп келгені анық.

Қазіргі заманғы экология ілімінің философиялық негіздерінің қалыптасуына тарихи шолу жасау және 

соның жалғасы ретінде адамның «әлемнің бет келбеті» түсінігін таратып талдау біздің тақырыбымыз 

үшін мол мағлұмат ұсына алады. Ғылым мен философия өзінің классикалық тәмәмдалуында (егер 

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

138


бұл шектік кезеңді ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы деп қарастырсақ) нақты объективті 

физикалық  құбылыстарды  (физикалық  денелерді)  зерттейтін  белгілі  бір  ақыл-ой  онтологиясын 

қалыптастырды.  Былайша  айтқанда,  бұл  онтологияның  өзі  «рационалдық»  немесе  «рационалдық 

туралы идея» боп саналады. Ақыл-ой онтологиясының классикалық емес мәселелерінің бастаулары 

ХХ ғасырда пайда болған өзгертулерінен басталады. Бұл өзгерістер әлемнің ғылыми келбетіне саналы 

және тіршілік құбылыстары белгілерін енгізу барысында жасалған болатын. Мұнда «әлем келбеті» 

жан-жақты сапа ретінде қарастырылады. Ол адамзаттың санасында өз тәжірибесінің арқасында әлемді 

игеруінің  барша  қалыптары  мен  деңгейлерінде  қол  жеткізген  білімдері  арқылы  қалыптасқан  әлем 

туралы түсінікті аңғартады. Бұл идея атақты физик М.Планктің мына бір сөздерінде айрықша анық 

айтылған: «Адамның таным жолында физикадан химияға биология арқылы және антропология арқылы 

әлеуметтік ғылымдарға тартылған үздіксіз жүлге бар және ол жүйе-жүлге еш жерде үзілмейді, тек 

кездейсоқтық болмаса» [7,40]. Экологиялық мәселелерді философиялық талқылауда рационалдылық 

терминін қолданудың мол мүмкіндігі бірқатар ғалымдардың еңбектерінде анық байқалады. Мәселен, 

Ресей  ғалымы  И.В.Черникова  «Ғылымның  тарихы  және  философиясы»  еңбегінде  «табиғатты 

рационалды пайдалану» терминінің заңды қалыпта қолданылуы туралы ой қозғайды. 

Сонымен, «әлем келбеті» сапа ретінде онтологиялық нақтылаулар мен жіберілген кемшіліктердің 

жиынтығы қалпында білімнің жүйеленуінің белгілі бір деңгейін аңғартады. Ол ұғым жалпы ғаламның 

жаратылысы мен онтологиялық терең мәнін қалыптастыратын түсініктер мен түсініктер жүйесі ретінде 

әлемнің кез келген қалыптағы әмбебап идеалды белгілерінен тұрады. Ғаламның ғылыми келбетінің 

анықтамасы ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде рационалдық (ой-саналық) түрлерімен тығыз 

байланысты екені де байқалады.

Осы  арада  экологиялық  философияның  пайда  болуының  алғы  шарттары  ретінде  классикалық 

рационалдылықтың қалыптасуы мен ежелгі дәуір адамының әлем келбеті туралы ғылымға дейінгі 

түсінігінің қарым-қатынасын айта кетуге болады. Қазіргі қоғам мен ежелгі дүние қоғамының қоршаған 

ортаға  қарым-қатынасының  аса  ерекше  айырмашылықтары  мына  белгілері  арқылы  білінеді:  біз 

үшін әлем дегеніміз - тысқары дүние, ал ежелгі адам үшін әлем деген - өзі, немесе айналасындағы 

адамдар, себебі, ол дәуірде адамды табиғаттан жеке қарастыру шартты түрде ғана болған. Архаикалық 

ежелгі  дәуір  адамның  табиғат  әлемімен  қарым-қатынасы  сырттан  ұйымдастырылған,  бірақ,  өзі  де 

қатыстырылған    уақыты  болып  табылады.  Алғашқы  қауымдық  құрылыс  адамының  әлем  келбеті 

туралы түсініктерін білдіретін ғасырлар бойы қалыптасқан және қазір де бар аңыздар, мифтер сол 

дәуірлердегі экологиялық сананың ерекшеліктерін көрсетеді. Кейінгі тас дәуірі және мезолит дәуірі 

адамдарының архаикалық түсініктеріне адамның қоршаған ортаға психологиялық қосылуы және өзара 

қарым-қатынастың утилитарлық пішіні тән болған. Антропо-әлеуметтік дамудың алғашқы кезеңіне 

адамның табиғи үдерістерге қосылуы жатады, соған қарамастан адам өзінің табиғаттан бөлек екенін 

сезінген, себебі, ол өзінің оған тәуелділігін білген. Адам тайпаларының биологиялық тұрғыда тіршілік 

етуі белгілі бір дәрежеде олардың табиғатпен қарым-қатынасынан анықталады. «Табиғатты осылай 

қабылдау сол дәуірдің адамының ойлау дәрежесінің ерекшеліктерімен де шартталған. Архаикалық 

сананың қоршаған орта бөліктерін және ғалам құбылыстарын сапалы түрде анықтай алмауы бірқатар 

проблемалар тудырған. Олардың қатарында субъект мен объектіні ажырата алмау, материалды дүние 

мен ой-сана жемісін ажырата алмау, себеп пен салдарды бөліп байқамау және басқалады жатқызуға 

болады.  Осылайша,  алғашқы  қауымдық  құрылыс  адамының  қоршаған  табиғи  ортасы  адамның  өз 

ерекшеліктеріне иелік етті. Жалпы алғанда, алғашқы адамдар үшін табиғат пен адамның арасында 

нақты айырмашылық болған жоқ. Мұнда архаикалық ежелгі дәуірдегі эколгиялық сана-сезімнің және 

бір ерекшелігі жатыр: табиғатты субъективті тұрғыда қабылдау». Бұл кезеңде адам әлі өз үйінде – 

«oikos-та» - мұнда адам үшін бәрі өзімен бір туған және өзінің онтологиялық мәнімен еш ажырамаған 

қалыпта еді.

Социумның  дамуы  мен  табиғаттан  салыстырмалы  түрде  тәуелсіз  қоғамдық  өмір  архаикалық 

антропогендік және табиғи ортаның психологиялық бірлігінің бұзылуына әкеп соқтырады. Қоршаған 

ортадан мұндай бөлектенуді шартты түрде бірнеше кезеңге бөліп тастауға болады. Мәселен, У.Гаджиева 

бірінші кезеңдер ретінде – архаикалық және антикалық кезеңдерді алып, «бірінші кезең бұл дүниеден 

тыс жын-перілер әлемінің пайда болуын, яғни, әлемнің анимистикалық келбетінің пайда болуымен 

ерекшеленеді.  Жын-перілер  әлемі  біртіндеп  Құдайлар  әлемі  ретінде  қайта  құрылады.  Бұл  кезеңде 

құдайлар табиғат пен оның құбылыстарымен тең дәрежелі болады. Табиғаттан бөлінуде айырықша 

роль атқарған құбылыс отырықшы өмір қалпына көшу болды. Бірақ, ғаламның ғылыми келбеті жаңа 

көріністерімен толыға берді, мұнда адам әлі де зерттеушінің табиғи қалпына тәуелді болды. Адамның 

табиғаттан ажырауының екінші кезеңі құдайлар адами келбет иеленген ежелгі дәуір – антика дәуірі 

Split by PDF Splitter


№ 3 (88) 2012

139


боп саналады. Мәселен, гректі көпқұдайлық пантеонында Зевс, Гера, Гефест, Арес және басқалары. 

Антика  дәуірі  өз  алдына  бөгделенудің  тууымен  ерекшеленеді:  мұнда  адам  мен  табиғат  құдайлар 

алдында тең дәрежелі, бірақ, бір-бірінен бөгделенген» [8].

Адам  мен  қоршаған  ортаның  бір-біріне  қарама-қарсы  қойылуы  бұл  кезеңде  адамның  өзінің 

табиғатты  ғылыми  тануының  бастауы  болды.  Ғаламның  ғылыми  келбеті  бақылаушы-зерттеушіден 

жеке-дара, тәуелсіз, сол арқылы классикалық рационалдылықтың тууын аңғартатын қалыпта болды. 

Табиғат  зерттеу  нысаны  бола  тұрып,  ежелгі  дәуір  мифологиясы  мен  натурфилософияда  көрініс 

тапқан  антропоморфтық,  ғарыш  кеңістігінің  жан  іліміне  қатысы  болуын  тудырған  еді.  Бүкіл  әлем 

жанды дүние ретінде қабылданды: микрокосм макрокосммен  бірге дамып отырды. Адам Протагор 

жазбаларына  сәйкес,  «барша  заттардың  өлшемі»  болды.  Бірақ,  Демокрит  жазбаларында  табиғат 

заңдары мен адамдар орнатқан заңдарды ажырату нышандары байқалады. Ежелгі дәуір зерттеушілері 

Платон  жазбаларынан  Демиургтың  жаратуы  салдарынан  көзге  көрінбейтін  материалдан  көрінетін 

дене қалпын алған адамның тәні туралы таба алады. 

Жалпы  алғанда,  антикалық  дәуірге  ғылыми-логикалық  ойлау  мен  бірге  табиғатты  қабылдауда 

мифтер арқылы түсіну де тән болып табылады. Бұл кезеңде қоршаған ортада адам өзінің күнделікті 

тірлігінде қол жеткізуге құштар идеалды тұлғаны иеленген. Антикалық дәуірде адамның табиғаттан 

бөлініп  шығуын  анықтайтын  классикалық  рационалдылық  пен  әлемнің  бейнесінің  негіздері 

қалыптастырылды. Адам өзінің «үйімен» бірінші рет келіспеушіліктерге келді.

Адамның табиғат аясынан бөлініп шығуының үшінші кезеңі діни дамуда бірқұдайлық (монотеизм) 

сенімдердің  таралуымен  анықталады.  Батыс  мәдениетіне  христиан  дінінің  дендей  енуі  мұнда 

ортағасырлық ойлау жүйесінің тұтас мыңжылдықтан астам уақыт салтанат құруына әкеп соқтырды. 

Құдай  жан  сыйлаған  адамның  басты  мақсаты,  ол  жаратқан  табиғатқа  емес,  Жаратушының  өзіне 

құлшылық  етуі  боп  табылды.  Жалпы  алғанда,  орта  ғасырларда  «жаратылыстану  ғылымдарына 

немқұрайлы  қарау,  адам  мен  қоғам  туралы  білімнің  барша  бастауларын  діни  ұстанымдардан  алып 

шығу,  өткен  ғасырларда  қол  жеткізілген  бірқатар  ғылыми  жетістіктерді  догмаға  айналдыру  мен 

жаратылыстану ғылымдарының толық тоқырауына әкеп соқтырды». 

Алайда,  діни  ойшылдар  өз  әлдерінше  белгілі  бір  дәрежеде  әлемнің  экологиялық  бейнесін 

қалыптастырмаққа  талпынды:  «Діни  бағыт  философы  Ф.Аквинский  барша  өсімдіктер  мен  жан-

жануарлар  өздері  үшін  емес,  адамзат  үшін  жаратылған,  жануарлар  мен  өсімдіктер  санасыз 

болғандықтан, оларға жанашырлық таныту аса қажет емес деп санаған. Оның таза антропоцентристік 

ұстанымдарына  тек  ХХ  ғасырдың  басында  ғана  күмәнмен  қарай  бастады»  [9,6].  Осы  тәріздес 

ұстанымдар Жер шарында ғаламдық экологиялық мәселелер туындауына діннің тікелей  әсері бар деп 

біз жоғарыда келтірген көзқарасты тудыруы әбден мүмкін. Бірақ, бұл әрине, өте қарапайым түсінік 

болар еді.

Қоғамның  табиғаттан  бөлінуінің  келесі  кезеңі  Жаңа  заман  философиясының  рационалистік 

оқытуларының және ғылымның дамуының арқасында, яғни, классикалық рационалистік идеялардың 

дамуына тікелей байланысты болды. Адам өз кезегінде тек зерттеуші, танушы болып қана қоймайды, 

ол өзінің сұраныстарына орай әлемді өзгертуге қабілетті ғалымға айнала бастайды. 

Адам өзінің «үйін» толық өзгертуге құқым бар деп санап, түрлі реформалар, тәжірибелер жүргізе 

бастайды. 1983 жылы Мәскеуде шыққан «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» [10,840 б.] бұл 

тараптағы  жиынтық  пікірлер  келтірілген:  «Р

,

Декарт,  Б.Спиноза,  Г.Лейбниц  бастаған  классикалық 



рационализм  ортағасырлық  философияға  және  діни  догматизмге  қарсы  табиғи  тәртіп  идеясын 

насихаттады».  Жаңа  заман  рационализмінің  өкілдері  таным  іс-әрекеттері  арқылы  жиынтықталған 

білімнің объективтілігі туралы гносеологиялық мәселелерді шешуге едәуір талпыныс жасады. Адам 

саналы әрекет ете алатын жеке тіршілік иесі ретінде табиғатты көріп-біліп, ондағы заңдылықтарды 

бақылауына байланысты ой түйіндейді. Бұл заманның көптеген философтары табиғатты Құдайдың 

адамға өзгерту үшін, пайдалану үшін, зерттеу үшін берген объектісі деп қана қабылдаған. Мәселен, 

Декарт «табиғат» пен «жан» субстанцияларын бір-біріне қарама-қарсы қойып, табиғатты таным мен 

тұтыну нысаны деп санаған. Онда да дүниелік әлемнің заттары «сезіммен, қиял күшімен танылмайды, 

оны тек интеллект арқылы ғана білуге болады» [11,57] деп жазады. Философ бүкіл әлемді әр бөлшегінің 

белгілі бір арналымы бар механизм деп қабылдайды: адам саналы тірлік иесі ретінде – ғалым, табиғат 

болса,  ғылыми  ізденістер  жасайтын  орта  ретінде  болмақ.  Адамның  осындай  ерекше  мәртебесіне 

қарамастан, Декарт оның табиғатты танудағы қабілеті шектеулі деп түсіндіреді, себебі, адам өмірі 

жекелеген  реттерде  қателіктерге  толы  болады  деп  жазады  ол.  Декарттың  ойынша,  тек  Құдай  ғана 

шексіз, адам құдайды тану арқылы ғана ақиқатқа жете алады деген.

Жаңа дәуірдің тағы бір белді ойшылы Лейбниц болмыстың алғашқы бастау элементтері – монадалар 

Split by PDF Splitter



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

140


туралы ілім қалыптастырды. Ол ілім бойынша, табиғатқа мүлде залалды әрекеттер жасау мүмкін емес. 

Құдай  табиғаттың  бастапқы  қозғаушы  күштері  –  монадалар  арасында  көзге  көрінбес  гармониялы 

бірлік жасап шығарған, ал оны адамның күшімен бұзу мүмкін емес. Декарт пен Лейбництің табиғат 

туралы  түсінігі  екі  түрлі  гносеологиялық  мағынаға  ие.  П.П.Гайденконың  [12,465]  тұжырымдары 

бойынша, Декарт үшін тартылыс күші – табиғат түрлерінде құбылған алғашқы ұғым болса, Лейбниц 

үшін тартылыс күші – табиғатты тануда алғашқы бастау бола алмайтын, жасалған ұғым. Бірақ, өзара 

келіспеушіліктеріне қарамастан, Лейбниц те, Декарт та табиғатты түбегейлі түсіну үшін математика 

ғылымдарын жете меңгеру керек деп санаған.

Спиноза  объективті  әлемді  ұғынуды  математикалық  тұрғыда,  әсіресе,  геометриялық  ұстанымда 

қарастырған, ол табиғат аясындағы жекелеген заттарды бір ғана субстанцияның модустары түрлі қалыпта 

құбылуы деп түсіндіреді. Спинозаны көптеген философия тарихын зерттеушілер натурфилософтар 

қатарына жатқызады. Себебі, ол адамды табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарастырып, адамның жаны 

мен  тәні  өзара  онтологиялық  тәуелсіз  субстанциялардың  нышандары  болғандықтан  өзара  тәуелсіз 

деп санаған. Спиноза этиканың негізгі ұғымы ретінде іс-әрекеті тек қана санамен басқарылатын «азат 

адам» түсінігін алға тартады. Әлбетте, қазіргі синергетикалық парадигмалар шеңберінде бұл түсінік 

күмән тудыратыны анық.

Ал, Гоббстың көзқарасы бойынша, табиғат әлемін Құдай жаратқан. Сондықтан да, адам табиғаттағы 

барша  құбылыстардың  мәнін  жеке  өз  бетімен  тани  алмайды.  Табиғат  туралы  ғылымды  философ 

таза ғылымдар қатарына жатқызбайды. Ол геометрия тәрізді математикалық ғылымдарды ғана таза 

ғылымдар қатарына жатқызады, тек физика, астрономия, музыка тәрізді математикалық ғылымдарды 

ғана табиғат туралы қолданбалы ғылымдар деп түсіндіреді. Бұл ғылымдар табиғат құбылыстарының 

себептерін ой түйіндеулері арқылы анықтайды, сондықтан да ол болжаулар болуы мүмкін дейді.

Бірқатар зерттеушілер Жаңа дәуір философтарының бірегейі – неміс ойшылы И.Кант еңбектеріне 

дейін «этика ғылымы ғылымдар идеалынан мүлде алыс болған деуге толық негіз бар» [13,44] деп 

жазған  болатын.  Кант  ақыл-ойға  тек  жаратылыстану  ғылымдарында  ғана  емес,  оған  «адамның 

табиғат заңдарынан тәуелсіздігі туралы ғылым – этикада да сенуге болады» [13,198] деп жазды. Оның 

үстіне, жаратылыстану ғылымы «ешқашан да бізге заттардың ішкі мазмұнын ашып көрсетпейді, яғни, 

ол құбылыс болмаса да, құбылыстарды түсіндіру үшін басты негіз болуы мүмкін нәрселерді ашып 

көрсете алмайды» [14,254] дейді Кант. Кант ілімі бойынша, заң дегеніміз – сананың жемісі, өйткені, 

ол тәжірибеден тәуелсіз. Адамгершілік заңдылығы мұнда адамгершіліктің өзінің жоғарғы анықтауыш 

критерийі болады. Ғалым өзінің этикалық ілімін теориялық сананы сынға алу нәтижелерінің негізінде 

құрастырды. Оның басты заңдылығы – шартты ішкі бұйрық, яғни, нақты императив болды. Болжаулы 

императивте кез келген әрекетті істей білудің алғы шарты ғана болады, ол белгілі бір мақсат үшін 

жасалатын  әрекетті  жақсы  деп  санайды.  Ал,  нақты  императив  болжаулы  императивке  қарағанда, 

әрекетті мақсат үшін емес, онсыз да қажет деп санаумен ерекшеленеді. Кант парыз жауапкершілігін 

сезінуді  адамгершілік  заңдарын  жүзеге  асырудағы  эмпирикалық,  сезімдік  басымдықтардан  бөліп 

алғысы келді: кез келген іс әрекет тек адамгершілік заңдарын сыйлаудан туатын болса ғана, моральды 

болады.


Жаңа дәуірде рационалистік ой-сана өзінің шыңына шықты, бірақ, ол әлсіз антроптық бастауларға 

иек  артты.  Ол  бастаулар  адамның  тіршілік  етуіне  ғаламда  жағдай  жасалған  дегенге  сайды.  Біздің 

ғаламдағы  жағдайымыз  өзге  тіршілік  иелеріне  қарағанда  жақсартылғандығы  біздің  құбылыстарды 

саралаушы, танушы ретіндегі тірлігімізге сайма-сай болуымен анықталады.

Табиғат аясынан таза бөлініп шығудың соңғы кезеңі қоршаған ортаның қоғамдық даму үшін ғылыми 

тәжірибелер нысаны боп табылғандығымен анықталады. Бүгін біз толық сенімділікпен Жаңа дәуір 

ойшылдарының қоршаған ортаны еш жанашыр ойсыз, шексіз пайдалануға үндеуі жалпы ғаламдық 

экологиялық мәселелер туындауының бір себебі болды деп айта аламыз. Оның үстіне, сол Жаңа заман 

дәуірі  қоғам  мен  табиғат  арасындағы  бұрын-соңды  болмаған  қарама-қайшылықтың  туындауында 

қозғаушы  нүкте  болды,  себебі,  одан  бұрын  адам  өзі  бір  органикалық  бөлігі  болып  саналатын 

табиғатқа - өз «үйінің» тіршілік ету ортасына анық түрде қарсы қойылған жоқ. Батыс мәдениетімен 

салыстырғанда, шығыстық өркениет өздерінің түбегейлі өзгеше дүниетанымы арқылы бұл процесске 

қатысқан жоқ. Қазіргі таңдағы Жапония және Қытай мемлекетінде адам санының осы мемлекеттер 

жұртшылығы  өмір  сүретін  аумақтың  географиялық  жағдаймен  салыстырғанда  соншалықты  көп 

болуына қарамастан, өмір сүру деңгейінің алдыңғы қатарлы батыс елдерінен анағұрлым артықтығы, 

өркениет дамуының, діни дүниетанымдарының табиғатпен тығыз байланыстылығының, ерекшелігінің 

әсерінен  болуы  әбден  мүмкін.  Ал,  Қазақстан  және  өзге  де  Азиялық  мемлекеттердегі  табиғат  пен 

қоғам қатынастарының ерекшеліктері, экологиялық мәселелер кеңестік саясат пен қолдан жасалған 

Split by PDF Splitter


№ 3 (88) 2012

141


идеологиялық  ұстанымдар  салдарынан  бұл  мәселеге  басқаша  қарауға  жетелейді.  Жалпы,  қазір 

ғаламшардағы техникалық жетістіктері аса дамымаған және тым шалғай шекті өлкелерде орналасқан 

елдер биосфераға антропогендік жүк арқалатпаған елдер қатарына жатады.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында рациноализмнің классикалық емес идеалдары пайда болуымен 

анықталады.  Бұл  дәуірде  зерттеушілер  таным  процестеріне  дендей  түскендігімен  ерекшеленеді. 

Б.Картердің  «аса  қуатты  антроптық  принцип»  ұстанымын  талдауына  орай,  «Ғаламда  болатын 

эволюциялық дамудың кейбір кезеңдерінде зерттеушілердің болуы мүмкін» деген ұстанымы осыған 

сай түсіндіріледі. Мұны басқаша сөзбен айтқанда, Ғаламның дамуы белгілі бір кезеңде қозғалыстың 

әлеуметтік формасын тудырады. Жоғарыда айтқан принцип аясындағы қоғамның құбылыстары Ғалам 

дамуының заңды белестеріне адам араласуының табиғи түрі деуге болады. Адам өзінің нақты мәні 

тұрғысынан табиғатқа қарсы тұрмауы керек. Алайда, ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басындағы құбылыстар 

бұл түсінікті жоққа шығарды емес пе? Шынтуайтында, Ғалам өзінің қирап, құлдырауының негізін 

адам арқылы жүзеге асыруы мүмкін бе?! Ал, адам шынымен өзінің болашақ балаларына еш мұра 

қалдырмай, тіршілік көздерін ластап, өз ортасын қиратуға қабілетті ме? Қазіргі заман философиясы 

осы тәрізді үлкен ауқымды сауалдарға жауаптар іздестіруде.

Өзінің  үш  бірдей  жекелеген  қалпы  арқылы  антроптық  принцип  философияның  жаратылыстану 

ғылымдарымен  етене  араласуына  әкеледі.  Аса  қуатты  антроптық  принцип  тұрғысынан  қарайтын 

коэволюциялық  ілімді  ұстанушылар  әрдайым  дамып  тұратын  табиғи  орта  мен  социумның  өзара 

ықпалдасып, тіл табыса тіршілік түзеуін де ескере отырып, осылай талдайды. Аталмыш принциптің 

бірқатар өзгеріске ұшыраған қалпын ауқымды эволюционистік ілім ұстанушылары да қайталайды. 

Ғалам  эволюцияның  үздіксіз  үдерісінде  бола  тұрып,  белгілі  бір  кезеңінде  әлеуметтік  қалыптағы 

қозғалыстарға әкеледі. Сонымен бірге, квазиантропологиялық бағыт ұстанушылар да негіздемелерін 

философиядан алады. Осылайша, қазіргі заманғы қоғам мен қоршаған ортаның экологиялық қарым-

қатынастарын философиялық қалыптау қуатты антроптық ұстаным арқылы жүзеге асырылуда.

Бұған  қосымша,  кейбір  ғалымдар  (Г.В.Гивишвили,  С.Хокинг)  аталмыш  терминге  «аса  қуатты», 

«шешуші», «аса қуатты ақтық шешуші» (Ф.Типлер) антроптық принцип деген сөз тіркесін қосуды 

ұсынып  отыр.  Бұл  сөз  тіркестерін  алға  тарту  себептерін  Ғаламның  адамзат  болмысының  бөлшегі 

ретінде таза онтологиялық тәуелді екендігін аңғартады. Бұл жайды Г.В.Гивишвили былай жазады: 

«Ғалам өзінің нақты қалпында, себебі, адам оның болмысының керекті бөлшегі боп табылады». Бұл 

пікірді В.И.Вернадскийдің «ноосфера» ұғымымен шендестіруге болатын тәрізді: адамзаттың дамуы 

мен іс-әрекетін геологиялық күшпен салыстыруға болады. Адам тек қоршаған ортаны ғана емес, өз 

кезегінде  адамзаттың  ғана  емес,  тұтас  Ғаламның  тағдырын  анықтайтын  бірікен  адам  ақыл-ойын, 

санасын  қалыптастырады.  Аса  қуатты  антроптық  принцип,  бұларға  қосымша,  адам  мен  қоршаған 

ортаның  қарама-қайшылығын  түсіндіруге  әсер  ете  алады.  Бұл  арқылы  экологиялық  мәселелердің 

туындауын  дүние  жаратылысының  өзі  қалыптастырған  құбылыс  деп  түсіндіруге  болатын  тәрізді. 

Мысалы, Ф.И.Гиреноктың пікірінше, ауқымды ғаламшарлық мәселелерді Жер бетінде тіршілік пайда 

болған уақыттың барша кезеңінде бар болған құбылыс деп қабылдауға да болатындай.

Антроптық  принцип  қозғалыстың  әлеуметтік  қалыптарының  пайда  болу  заңдылықтарын 

түсіндіре отырып, бізге тек экологиялық қана емес, сонымен бірге, онымен байланысты өркениеттік 

дағдарысты да ұғындыра алады. Осыған байланысты өтіп жатқан үдерістер мен мәдени әлеуметтік 

кезеңдер  алмасуы  және  өркениеттік  дамудың  өзара  ара  қатынасын  түсіндіретін  ілімдер  пайда 

болады.  Мәселен,  И.В.Черникованың  пікірінше,  барша    халықтың  ортақ  қоғамдық  ой-санасында 

өркениет дағдарысы туралы әлі белгілі болмаған ХХ ғасырдың бас кезінде, «адамзаттың озық ойлы 

ойшылдары  батысевропалық  мәдениеттің  аксиологиялық  қабілетінің  түгесілгендігі,  технократтық 

өркениеттің басталатыны туралы айта бастаған болатын». Бұл тақырыпта Черникова қазіргі заманғы 

синергетикалық  парадигмалар  астарында  мәдениет  дамуының  барша  кезеңі,  оның  дағдарысы  мен 

құлдырауын  қоса-қабат  алғанда,  абсолютті  заңдылықтарға  негізделген  деп  жалғастырады.  Осы 

ретпен әлеуметтік жүйе өзінің дамуының циклын аяқтағанда жаңа цикл басталуы үшін мүмкіндіктер 

жасалына бастайды. Осы мағынада, «мәдениет туралы айтар болсақ, өзінің шектік нүктесін басып өте 

келе, ол өзін-өзі құрастыруға негіз және жаңа құндылықтар нысаналарын жасай бастайды». Ал, мәдени 

әлеуметтік және табиғи үдерістердің өзара ара қатынасын, бір-біріне байланыстылығын жекелеген 

реттерде  антроптық  және  синергетикалық  принцип  тұрғысынан  зерттеу  табиғат  философиясының 

тақырыбы болмақ.

Ф.Хёсленің атап көрсеткеніндей, табиғат философиясының қазіргі заманда ой-сананың жеке өмірі 

мен  табиғатты  шендестіруде  керектігі  орасан  зор[15,7].  Бұдан  шығатын  қорытынды,  экологиялық 

дағдарыс  философиясын  қалыптастыруға  барша  дерлік  философиялық  ілімдер  көмектесуі  керек, 

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

142


олар:  метафизика,  табиғат  философиясы,  антропология,  философия  тарихы,  этика,  шаруашылық 

философиясы,  саяси  философия,  философия  тарихы.  Осынау  мәселені  шешудегі  аса  көп  жақты 

ұмтылыс ғылыми таным үдерісінде едәуір күрделілік тудырады.

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. История этических учений. Учебник/ Под ред. А.А. Гусейнова, - Москва: Гардарики, 2003. – С.5.

2.  Бакштановский  В.И.,  Согомонов  Ю.В.  Прикладная  этика.  Опыт  университетского  словаря.  Учебное 

пособие. – Тюмень: НИИ прикладной этики ТюмГНГУ, 2001. – 157 с.

3. Кейцар Р. Творение и восстановление, Эбрахам К.С. Богословие и экологический кризис // Экотеология. 

Голоса Севера и Юга. Сб. статей / Под ред. Дэвида Г. Холмана. Пер. с англ. – Москва: Белые альвы, 1997. – 85 с.

4. Дерябо С.Д., Ясвин В.А. Экологическая педагогика и психология. – Ростов-на Дону: Изд-во «Феникс», 

1996.  – 208 с.

5. Реймерс Н.Ф. Экология теории, законы, правила, принципы, гипотезы). – Москва: Наука, 1994. – 116 с.

6. Скурту Н.П. Искусство и картина мира. – Кишинев, 1990. – 42с.

7. Гаджиева У.Б. Психология экологического сознания. – Махачкала: ПГЛУ, 1999. -40 с. 

8.  Богуславская  С.М.  Этическая  основа  взаимодействия  человека  с  биосферой  и  совершенствование 

философского образования [Электронный ресурс], - он-лайн журнал «Кредо нью» (№2, 2001).

9. Борейко В.Е. Прорыв по экологическую этику. – Киев: Киевский эколого-культурный центр, 1999. -6 с.

10.  Философский  энциклопедический  словарь  /  Гл.  Редакция:  Л.Ф.Ильичев,  П.Н.Федосеев,  С.М.Ковалев, 

В.Г.Панов. –Москва: Сов.Энциклопедия, 1983. – 840 с.

11. Декарт Р. Размышления о Первоначальной Фиолософии. Санкт-Петербург: «Абрис-книга», 1995. -57 с. 

12. Гайденко П.П. История Новоевропейской философии в ее связи с наукой. -Москва: ПЕР СЭ; Санкт-Пе-

тербург: Университетская книге, 2000.  – 456 с.

13. Канке В.А. Этика ответственности. Теория морали будущего. – Москва: Логос, 2003. -44 с.

14. Кант И. Пролегомены. -М.Л.: ОГИЗ. Государственное социально-экономическое издательство. – 254 с.

15. Хёсле В. Философия и экология. – Москва: Издательская фирма «АМІ», 1994. -7 с.



Редакцияға 22.12.2012 қабылданды.

У.М. САНДЫБАЕВА, Д.Т. ТОЛГАМБАЕВА

НАЦИОНАЛЬНЫЕ ИНТЕРЕСЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН И НЕТРАДИЦИОННЫЕ 

КОНФЕССИИ В АСПЕКТЕ ГУМАНИТАРНОГО ИЗМЕРЕНИЯ

National interests of the Republic of Kazakhstan and non-traditional religions in the aspect of human 

dimension. In this article the national interests of the Republic of Kazakhstan in conditions of transforma-

tion of religion   and the new challenges of globalization are discussed.

В  законе  «О  национальной  безопасности  Республики  Казахстан»  национальные  интересы 

определяются как «совокупность политических, экономических, социальных и других потребностей 

Республики  Казахстан,  от  реализации  которых  зависит  способность  государства  обеспечивать 

защиту  конституционных  прав  человека  и  гражданина,  ценностей  казахстанского  общества, 

основополагающих государственных институтов» [1]. Национальный интерес возникает не из про-

стого накопления разнонаправленных интересов, а из их сложного взаимодействия. Поэтому к этому 

концепту следует подходить диалектически с учетом конкретно-исторического контекста, современных 

вызовов, потребностей личности, общества, государства. Можно полагать, что национальный интерес 

является  объективно-субъективной  категорией,  поскольку  его  параметры  определяются  целостной 

политической  картиной  мира  и  ценностной  системой,  господствующей  в  данном  обществе.  Итак, 

национальный  интерес  выступает  как  выражение  наиболее  актуальных  потребностей  жизни  и 

личности, и общества, и государства, это интегративное выражение их интересов.

Казахстан  является  мультиконфессиональным  и  многонациональным  государством,  что  также 

находит  отражение  в  национальных  интересах.  Важным  инструментом  реализации  национальной 

политики  является  Ассамблея  народа  Казахстана.  В  выступлении  на  ХV  сессии  Ассамблеи 

Н.А.Назарбаев  отметил,  что  Доктрина  национального  единства  должна  ответить  на  три  главных 

вопроса: что мы понимаем под «национальным единством»; почему нам важно укреплять национальное  

единство; что является основой национального единства.  Президент отметил, что единство  народа 

держится на трех главных столпах. Это общая история, общие ценности и общее будущее, поэтому 



Split by PDF Splitter




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал