Саясаттану



Pdf көрінісі
бет33/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Империяның негізгі белгілері:
-жер көлемінің орасан зор болуы; 
-құрамындағы халықты күшпен бір орталыққа бағындырып отыратын биліктің 
орнығуы;  
-әрдайым өз жерін кеңейтуге бағытталған саясат ұстануы; 
-саяси орталық пен шет аймақтардың өзара шиеленісте болуы;     
-орталық  саяси  биліктің  қоғамдағы  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың  мүдделері 
мен сұраныстарын ескермеуі; 
-мемлекеттің әртүрлі мәдени және этностық құрамнан тұруы.         
           Империялар ерте  заманнан бастап  қалыптасты, ал  қазіргі  уақытта    олар 
таза  күйінде  кездеспейді.  Тарихтан  белгілері:  Рим  империясы,  Қытай,  Латын, 
Осман  империялары,  Араб  халифаты,  Британ,  Ресей  империялары,  КСРО. 
Империялардың  ең  ұзақ  өмір  сүргені  Рим  империясы(б.з.д.27жылдан 
б.з.1453жылға  дейін).  Империялар  тарихын  терең  зерттеген    ойшыл,  ғалым—
Цицерон  болды.  Империя  жөнінде  ол  былай  деген:    «Империяның  ыдырауы 
айқын,    себебі  империя  барлық    уақытта  орталық  билік  пен  бағынышты 
халықтардың арасындағы қайшылыққа негізделеді». Цицеронның осы пікірінің 
ақиқат  екенін  тарих  дәлелдеп  отыр.  Бүгін  әлемде  таза  күйінде  кездесетін 
империя жоқ және адамзаттың интелектуалдық  сана-сезімінің жоғары дамуына 
байланысты ол тарихқа қайта оралмауы тиіс.                  
           Тоталитарлық  тәртіп  дегеніміз  –қоғамның  барлық  саласындағы  әрбір 
адамның  өмірі  мемлекет  тарапынан  толық  бақылауға  алынған  мемлекеттік-
саяси  құрылым  түрі.  Экономика  саласында  жеке  меншікке  шек  қою;  саяси 
салада қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қалыптастыруға тиым салу; бір 
ғана  басқарушы  партияға  мүше  болуға  мәжбүр  ету;  рухани  салада  бір 
идеологияға бейімделу т.с.с.
Тоталитарлық тәртіптің  негізгі белгілері: 
- қоғамдағы саяси-әлеуметтік тәртіптің күшпен орнатылуы; 
- әлеуметтік топтардың бостандығының шектелуі; 
-  мемлекеттік  немесе  жалғыз  басқарушы  партияның  идеологиясының 
жүргізілуі; 
-  бейімделушіліктің  (конформизм)  қалыптасуы:  іштей  келіспесе  де,  билік 
басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет