146
өзара іс-қимыл жиынтығы. Бұл ретте бұл қатынастар мемлекетпен бір мезгілде
туындайды. Мемлекетке дейінгі орын алған тайпааралық қатынастар (жерді
ортақ мекендеу, біріккен аңшылық кәсіп, материалдық құндылықтардың өзара
алмасуы) тұрғысында өзінің және өзге аумақтың егемендігін сақтауды және
қандай да бір саяси ұйымның билік үстемдігін көздеген жоқ. Сондықтан
мемлекеттер арасындағы байланыстар ағылшын философы және заңгері
Д.Бентам (1748-1832) енгізген “халықаралық қатынастар” ұғымымен
сипатталатын болды. Алайда, уақыт өте келе бұл ұғымының мазмұны ұлғайды;
қазіргі кезде мемлекеттік іс-қимылдар, аумақтық құрылымдар шеңберінен
шығатын, мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық,
әскери, мәдени және де өзге байланыстар жиынтығын, халықаралық көлемде
(әлем халықтары арасында) негізгі әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік
қызметті бейнелейтін қоғамдық қатынастардың айрықша түрі деп анықталды.
Халықаралық қатынастар түрлері мынадай:
1) қоғамдық өмір салалары мен қатынастардың мазмұны бойынша – саяси,
экономикалық, әскери-стратегиялық, мәдени, идеологиялық, дипломатиялық;
2) өзара іс-қимылға қатысушылар бойынша – мемлекетаралық, әртүрлі
халықаралық ұйымдардың, трансұлттық корпорациялардың (ТНК) және
басқаларының арасындағы қатынас;
3) қатынастар сипаты бойынша-- құқықтық реттеу сипатынан туындайтын
мемлекетаралық қатынастар, іс жүзіндегі мемлекеттің ішкі құзырына кіретін,
алайда халықаралық-құқықтық реттеу (халықаралық жеке құқық) саласына
жататын мемлекеттік емес сипаттағы мемлекетаралық қатынастар.
4) Халықаралық қатынастар ынталылық дәрежесіне қарай --қалыпты – қалыпты
емес, сенімді – алауыздық, ынтымақтастық – шиеленістік болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: