19
Әр алуан материалдардың жақсы қасиеттері пластмассалардан
байқалады. Сондықтан көптеген техникалық мәселелерді шешуде
олар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материалдар бола алады.
Мысалы, болат өте берік, меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес,
электрден қорғай алмайды. Ағаш – жеңіл, берік емес және
шіритін материал. Ал пластмассалар осындай күрделі
талаптардың барлығын өтей алады. Мысалы, химиялық
төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкелу коэффициенті
өте төмен немесе өте жоғары және т.с.с. материалдар да бар.
Әр
түрлі
қосымша
құрауыштар
қосу
арқылы
пластмассалардың қасиетін өзгертуге болады. Мысалы, өте жеңіл
пластмассалар – пенопластар құрамына газ түзе айырылатын
заттарды қосып қыздыру арқылы алынады. Бөлінген газ
жұмсарған пластмассаны үрлеп кеуектендіреді. Мұндай
пластмассалар болаттан 100 есе жеңіл және жылу мен дыбыс
өткізбейтін тамаша материалдар болып шығады. Олардан суға
батып кетуден сақтандыратын құралдар, жеңіл жиһаздар, дыбыс
пен жылу өткізбейтін материалдар, тұрғын үй қабырғаларын
жасайды, сондай-ақ ұшақ, вагондар жасалады.
Толықтырғыш
ретінде
шыныталшықтар
қолданылған
пластмассалар өте берік болып келеді. Оларды күш түсетін
конструкцияларды
жасау
үшін
пайдаланады.
Мысалы,
автомобильдердің, катерлердің қораптарын, ұшақтар мен
зымырандар жасауда да пайдаланылады.
Қазірде
пластмассалар
медицинада
тіс
протездерін,
сынықтарға протездер жасауда қолданылуда. Олардың тіпті қан
тамырлары мен өңешті алмастыратындары да бар. Хирургиялық
күрделі операцияларда тігу үшін қолданылатын материалдар
ешқандай із қалдырмай организмге тарап, сіңіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: