16 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
алынады. Бұл процесс, яғни шикі каучуктан берік және серпімді
ре-зеңке алу вулканизация (вулкандау) деп аталады.
Полимер тізбектерін «тігу» арқылы олардың беріктігі мен
балқу температурасы жоғарытылады. Мысалы, 110-130
0
С-де
жұмсаратын поли-этиленнің тізбегін радиация көмегімен
«тіккеннен» кейін 150-200
0
С-де ұзақ уақыт электр сымдарын
оқшаулауға пайдалануға жарайтын болады.
Қазіргі кезде бірге полимерлеу, яғни сополимерлеу кеңінен
қолданылады. Ол арқылы химиялық табиғаты әр түрлі
молекулаларды полимерлеуге болады. Мысалы, ацетиленге
хлорсутекті қосу арқылы газ тәріздес хлорвинилді алып, оны
полимерлеу
арқылы
поливинилхлоридке
айналдырады.
Ацетиленге сірке қышқылын қосып, винилацетат алады. Егер
хлорвинил мен винилацетатты қосып полимерлесе, жаңа
сополимер алынады. Мұндай сополимер мөлдір, серпімді және
берік болып келеді. Олар матаны, сымдарды қаптауға
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: