2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 20 желтоқсандағы №11 хаттама).
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 11 от 20 декабря 2016 года).
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту
және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі. Әдістемелік
ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
2016. – 39
б.
Модель педагогической поддержки обучения, воспитания, развития и
социальной адаптации детей с особыми образовательными потребностями
(детей – оралманов; детей- мигрантов; детей, оказавшихся в трудной
жизненной ситуации). Методические рекомендации. – Астана: НАО имени И.
Алтынсарина, 2016. – 37 с.
Бұл құралда ЕБҚ бар балалардың әрбір санаты бойынша республика
мектептерінің тәжірибесінде ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдау ерекшеліктері көрсетілген. Құралда ерекше білім беруге
қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қолдау
моделін қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілген.
Әдістемелік ұсынымдар облыстық (қалалық, аудандық) әдістемелік
кабинеттерінің басшылары мен әдіскерлеріне, білім беру ұйымының
басшыларына, педагогтері мен мамандарына арналған.
В данных
методических рекомендациях представлены особенности
психолого-педагогической поддержки обучающихся с особыми потребностями
на опыте школ республики отдельно по каждой категории детей с ООП. В
пособии предложены рекомендации по формированию модели педагогической
поддержки обучения и воспитания обучающихся с особыми образовательными
потребностями.
Методические рекомендации адресованы руководителям и методистам
областных (районных)
методических кабинетов, руководителям организаций
системы образования, учителям.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2016
© Национальная академия
образования им. И. Алтынсарина, 2016
3
Кіріспе
Қазіргі қоғамның заманауи дамуы кезеңінде бір жағынан алып қарағанда
кіріктіруге бағытталған (техникалық және технологиялық жүйелердің,
ақпараттық-коммуникативтік құралдардың дамуы), екінші жағынан қарағанда
адамзаттың дербестікке ұмтылып қоғамнан оқшаулана бастауы анық
байқалатын, жалпы әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылықтарға толы динамизмі
нақты көрініс беріп отыр.
Көптеген күнделікті мәселелер, нақты өмірдің тауқыметі, қоғамның
өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы адамдардан жоғары белсенділікпен
қатар алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен жауапкершілікті талап
етеді.
Сондықтан болар, заманауи әлеуметтік жағдай өмір мен тұрмыстың
бітпейтін мәселелерін, әрбір жаңа буынның, әрбір жеке адамның алдында
тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-тұрмыстық түсініктер мен
шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда қайтадан ой елегінен өткізуді
алдыңғы орындардың біріне шығарып отыр.
Қазіргі қоғамда заманауи әлеуметтік- экономикалық ахуалда өсіп келе
жатырған жас ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала
бастағаны
байқалады.
Әлеуметтендірудің
қалыптасқан
дәстүрлі
формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір
жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі
жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің
заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігі
көптеген маңызды мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл мәселелерге
тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның
талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек.
Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен
әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін
тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық-педагогикалық
тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі. Педагог пен баланың қарым-
қатынасындағы ұстанымдар мен парадигмалар да өзгереді: «оқушы мен
оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастайды.
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе
отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға
деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами
қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз
бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір
сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне
көмектесу болып табылады.
Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау
бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық
және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының
қызметтерін қамтиды.