Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет25/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Сапа жүйесінің қажетті элементтеріне нелер жатады?
2. Техникалық реттеу дегеніміз не?
3. Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты. 
4. Сіз қандай сапа параметрлерін білесіз?
5. А. Маслоудың қажеттілік иерархиясының теориясы деген не?
6. Өнім қандай 4 санат бойынша жіктеледі? 
7. Өнімнің бәсекеге қабілеттігі дегеніміз не?
8. Сапаға қойылатын талаптарға сипаттама беріңіз.


42
2-ТАРАУ. 
САПАНЫң МАңЫЗдЫЛЫҒЫ 
ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛдАРЫ
2.1 Сапа туралы түсінік
 
Сапа  –  бұл  өнімнің  тұтынушылықты  ойдағыдай  қамтамасыз 
ететін  қасиеттер  жиынтығы.  Сапа  дегеніміз  өзіндік  сипатамасы 
жиынтығымен тұтынушының талабын орындау және ИСО халықара-
лық стандартындағы мағына бойынша, жиынтық сипаттамасы болып 
белгіленеді.  Жалпы  сапа  –  сәйкес  сипаттамалардың  қосындысының 
тұтынушы талаптарына сай келу дәрежесі.
Өнім  сапалығы  оның  жобалануы  мен  өндіріліп,  пайдалануға 
тұрақтылығы  нәтижесінде  қалыптасады.  Өнімнің  сапа  деңгейі 
шикізат  пен  материал  сапалығынан,  жұмысшылардың  топта-
луы  мен  мамандандырылғанынан,  олардың  еңбегінің  техникалық 
жабдықталғандығынан, өлшем тиімділігінен тұрады. Сондықтан өнім 
сапасын үнемі басқару керек. 
Өнім сапасы – өнімнің қолдану міндетіне байланысты жарамдылы-
ғын белгілі қасиеттермен және көрсеткіштер арқылы анықтау.
Ең мақсатты сапа жолы – оны берілген өлшемде және белгілі уақыт-
та  басқару.  Ол  үшін  сапа  қасиеттерін  дәл  біліп,  бағалау  керек.  Сапа 
жайында толық жеткілікті және сенімді ақпарат болу керек. Әлемнің 
барлық индустриялы дамыған мемлекеттерінде сапаны кешенді бағалау 
кең қолдану табуда. 
Дайын өнімнің сапасы 2 фактормен анықталады: 1) Жасау сапасы-
мен (өнім шығарылатын жобалау бойынша); 2) өнімді құру сапасымен 
(техникалық операцияларға, нормаларға, техникалық шарттарға сәйкес 
орындалған).  Бірақ  бұл  екі  факторды  бірдей  етіп  санауға  болмайды. 
Жұмыс сапасына, өнім жасауға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінеді.
Еңбек сапасын жоғарылату – ол ақаулы өнім шығарумен пайда бола-
тын қосымша шығындарды азайтуды білдіреді. Бұл шығындар өлшемі 
АҚШ бағасы бойынша жылына 5% шамасын құрайды, жаппай сыртқы 
өнім  (40  млрд.  доллар).  Осыған  орай  АҚШ-та  сапаны  басқарудың 
тұжырымдамасы пайда болған кезеңнін ең басынан-ақ (1942 ж.) Шу-
харт операцияларға арналған статистикалық бақылау картасын алғаш 
рет қолданды. Квалиметрия аумағында ғылыми зерттеулер дамуынан 
кейін ғана жобалау сапасын және жұмыс сапасын нақты басқару пайда 
бола бастады. 
Өнімнің сапасына баға беру әдістемелерін, теориялық негіздерін да-
ярлайтын тәжірибелік және ғылыми аймақ квалиметрия деп аталады. 
Жұмыс сапасының жоғары болуына жобалау сапасын бағалаудың 
да үлкен маңызы бар. Сондықтан, жаппай өнім сапасы, технологиялық 


43
жобалар жасаудың сапа деңгейіне тәуелді болады. Қазіргі уақытта «өнім 
сапасы» термині үш бағытта қолданылады:
1) өнімнің бір негізгі қасиетін шартты түрде сапалау;
2)  сапаны  сызбаларға,  техникалық  шарттарға  және  стандарттарға 
сай деп қарастыру;
3)  өнімнің  пайдалылығы  көзқарасынан,  тұтынушылық  бағасы, 
өндіріске кеткен шығындар және эксплуатациялығын сипаттайды.
Өнімді  жалпы  басқаруға  мыналар  кіреді:  сападағы  ұйымдарды 
басқару міндеті және мақсаты, саясаты:
1) сапаны басқару және жоспарлау;
2) сапаны қамтамасыз ету және оны дамыту.
Сапаны  жалпы  басқару  міндеті  барлық  деңгей  администрацияла-
рында, ал оларды жоғарғы басшылық басқаруы керек. Ұйымның басқа 
қалған мүшелері сапаны жалпы басқаруға араласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет