49
Қазіргі таңда стандарттар санын едәуір азайтты.
ИСО 9001: 2000 Сапа менеджменті жүйесі – Талаптар.
ИСО 9004: 2000 Сапа менеджменті жүйесі – жұмысты жақсарту
үшін ұсыныстар. Осы екі стандарт сапа менеджменті жүйесін енгізу
және жетілдіру үшін негізгі болып табылады.
ИСО 9000: 2000 Сапа менеджменті жүйелері – Негізгі жайлары
және сөздік.
ИСО 10011: 2000 Сапа жүйесінің құжаттарының құрылымы. Сапа
менеджменті жүйесінің құжаттамасына кіреді.
Сапа менеджмент жүйесінің құжатнамасына мыналар кіреді:
1. Сапа облысындағы мақсат пен саясат туралы арыз. Өндірістің
сапа аумағындағы қызметі және жалпы бағыттары және ол жоғарыда
негіз ретінде енгізілген.
Ереже бойынша ол келесі аумақтарда қолданылады.
–
жаңа техника мен технология;
– өнімді жаңарту немесе жаңа өнім;
– тұтынушыны қанағаттандыру
және нарықты жаулап алу;
– әлеуметтік сұрақтар және қызметкерлердің канағаттануы;
– жабдықтаушылар, қалдықтарыдың төмендеуі, ресурстардың эко-
номикасы.
Мақсаттар тек қана декларация ғана емес, ол нақты, қол жеткізуге
болатын, тексерілген болуы тиіс. Оның жан-жақты бағыттарын
«Саясатқа» қоса бермеу керек. Жоғарғы басшылықтар приоритеттерін
анықтап, 3-4 мақсат беруге міндетті. Осыған қарай бұл басқа да
бағыттарын қарастырмауға болмайды деген сөз емес, жәй ғана саясатқа
кірмеу. Егер «Саясатқа» кірген жағдайда ол бірінші орында болатыны-
на күмән болмайды. Осыдан кейін жоғары басшылықтар қол қойғаннан
кейін сол «Саясаттың» міндеттерін орындауға мұқтаж болады.
2. Сапа басқармасы.
Барлық сапа жүйелеріне жалпылай мәлімет беру. Құрылымдары
ИСО 9001 стандарт құрылымына сәйкес болу керек.
Сапа басқармасын тағайындаудың маңыздысы оның жүйе құрау-
шыларынан тұрады. Сапа басқармасы – концепті басты құжат, ол ме-
кеме жайлы түсініктеме беретін визит картасы болып табылады. Сапа
басқармасы сапа жүйесін енгізуде әрдайым анықтамалық функция-
сын орындайды, жұмыс күйін қолдайды. Ірі мекемеде сапа басқарма
иерархиясы болуы мүмкін:
–
жалпы сапа басқармасы;
– әртүрлі бөлімдерге сапа басқармасы;
– әртүрлі өндіру үдерісімен, сонымен байланысты жобалау функ-
циялары, материалдық-техникалық жабдықтау сапа басқармалары.
4–8683
50
ИСО 9001 стандартына сай, сапа жүйесі келесі элементтерден тұрып,
әр қайсысы сапа басқармасының (4 пункті) бөлімінде жазылады:
1.
Басқарманың жауаптылығы;
2. Ресурс менеджменті;
3. Өмірлік циклдің үдерісі;
4. Өлшем, анализ, жақсару.
Процедуралар
Процедуралар, бөлімдермен орындалатын, сапа жүйесі доку-
менттерінің 2-деңгейін құрайды. Әрбір процедура құжат болып та-
былып, жалпы процедураны сипаттайды. Мұндай құжат бөлімнің
құрылымдық схема мен функционалдық міндеттері кіреді. Құрылым-
дық бөлімдер бір-бірімен функционалдық байланысы мен міндетті-
лігін көрсететіндіктен, мұндай процедураларды енгізу өте пайдалы.
ИСО 9001 стандарттарының талабына сай мекеме міндетті құжат-
тық
процедураларды тағайындап, жұмыс барысында қолдау керек:
1. Құжаттаманы басқару;
2.
Сапа жазбаларын басқару;
3. Ішкі аудиттерді өткізу;
4. Сәйкес
келмейтін өніммен басқару;
5. Жөнделетін амалдар;
6. Алдын алатын шаралар.
1. Құжаттаманы басқару
Мекемеде құжаттаманың тәртібін басқару қамтамасыз етеді. Олар
анықталған жүйемен жасалынып, бір-біріне төлнұсқау және бір-біріне
қарма-қарсы болмауы керек.
2. Нақты халықаралық стандарттарының талаптарына міндетті
құжаттамалар үдерістер (құжаттама деңгейі, түсініктеме жазбаның
тереңдігі мен нақтылығы) өз мекемесінің айналысатын қызметі
мен көлеміне байланысты анықталады, үдерістің қиындығы және
өзара қызметтері және қызметкерлердің дәрежесіне байланысты).
Құжаттамаларды басқару, сапа жайындағы жазбалар, ішкі тексерулер-
дің өтуіне, өнімнің сәйкестік еместігін, ескерту қызметі және тағы
басқалары үдерістерге енеді.
3. Мекемеге үнемді жоспарлау үшін қамтамасыз ететін құжаттама-
лар, үдерістермен жұмыс істеу және оларды басқару; (бөлімшелер
туралы жағдайлар, қызметкерлердің нұсқаулары, регламенттер,
технологиялық нұсқамалар).
4. Сапа туралы жазбалар, оларды қатаң түрде мекеме талап етеді,
жиналған тәжірибені, яғни мекеме жиналған жинақтарды қандай түрде
сақтайтынын өзі біледі. Кестеде біршама мысалдар келтірілген, яғни
сол жазбалар ИСО 9000 талаптарына сәйкестігін көрсетеді.