44
Осы топ тұтынушыға арналған басты мағынаны ұсынады, осыған
орай бұл топ тұтынушының негізгі талаптарын қанағаттандырады және
осы бұйымдарға көрсетілген көрсеткіштердің
функционалды сипатта-
масын келесі бөлімшелерге бөлуге болады:
– өнімнің сипаттама көрсеткіштері бойынша оның белгілі бір
жіктеулік топқа жататынын көрсетеді (мысалы, қозғалтқыш қуатты-
лығы, габариттері, құралдың нақтылығы, заттағы қоспа құрамы және
т.б.);
– бұйымды тұтынудың және өнімде техникалық шешімнің қар-
қындылығына толы пайдалы әсерді сипаттайтын функционалды және
тиімді қолдану көрсеткіштері (көліктің шығарымдылығы, вагонның
жүк көтергіштігі, электр лампасының жарықтығы және т.б.);
– конструктивті көрсеткіштер, сипаттайтын негізгі жобалау–
конструкторлы шешімдерді, монтаж ыңғайлығын, қондырмадағы
жұмыс істеу, бірыңғайлау деңгейін, құрылымның модулі, жұмысқа
жарамдылықты және т.б
сипаттайтын көрсеткіш;
– құрылымы және құрам көрсеткіштері, олар өнімде химиялық
элементтердің немесе құрылымдық топтардың бар болуын сипаттайды
(мысалы, қорытпадағы заттың құрамы, ерітінді қоспаларының концен-
трациясы, тамақ өнімдерінің құрамы және т.б.).
Өнімнің сенімділік көрсеткіштері – нақтылы объектілерге арнайы
осы қасиеттер әртүрлі мәнді және қолданысты көрсетеді. Сенімділік
көрсеткіштеріне баға беру үшін берілген объектілерді қайта өңдеу және
қайта өңдемеулерге, жөндеуге және жөндеуге келмейтіндей етіп бөлуге
болады.
Қор жинақтау көрсеткіштері – өнімді пайдалану кезінде энер-
гетикалық және материалдық ресурстарды үнемдеуге сапа мен
бәсекелестіктің маңызды көрсеткіші. Бұл көрсеткіштер экономикалық
және экологиялық көрсеткіштермен тығыз байланысты бұйымның
техникалық даралығын көрсетеді.
Тоқтаусыздық көрсеткіштері – объекті қасиеттерінің бірі белгілі
бір уақыт ішінде жұмыс істеу жағдайын сақтау. Істеген жұмыс астын-
да ұзақтық немесе көлемінің ұзақтылығын немесе объект жұмысының
көлемін уақыт бірлігінде өлшеу немесе физикалық бірліктердің
жұмыс істеуіне сипаттама беру (километрлерде жарыс, дайындалған
бөлшектердің саны).
Достарыңызбен бөлісу: