12.5.3 Азотты алып тастау Азот инертті газ болып табылады және дәнекерлеу газдарында көп мөлшерде кездеседі, бірақ H
2
S
алып тастау үшін ауа түрінде енгізбесе, фермалардан алынған биогазда азот болмайды. Оны алып
тастау өте қиын және қымбат, себебі оны алып тастау үшін қысқа циклды адсорбция (ҚЦА) және
криогендік жүйелер қолданылады. Биогаз ЖЭС немесе қазандықтар үшін қолданылмаған жағдайда
биогазды тазарту үрдісінде азотты енгізуден бас тартуға болады. Оны белгілі бір деңгейге дейін алып
тастауда мембраналық сепарация және белсенді көмірмен адсорбциялаудың жалпы тәсілдері
қолданылады. Оттегі сияқты ол да биогаздың құрамын сұйылту әсерін бере алады және оның
биогаздың құрамында болуы NOx жануының ұлғаюына алып келуі мүмкін. Сол себептен де азотты
биогаздан алып тастаған жөн.