Wiley жаңартылатын энергия


Биоотынның әртүрлі түрлері және оларды жақсарту саласындағы мәселелер



Pdf көрінісі
бет97/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   289
Байланысты:
85ed3add3d2c01aa56fd50434f088231 original.4943233

5.3 Биоотынның әртүрлі түрлері және оларды жақсарту саласындағы мәселелер 
  
Екінші  буын  биоотыны  көміртегі  шикізатын  қажетті  көмірсутек  отынына  түрлендіру  үшін 
микроағзаларды пайдалануға негізделген. Отын молекулалары мен отынның негізін қалаушылардың 
бірқатарын  өндіре  алатын  микроағзалар  анықталды,  алайда  микробтық  отын  синтезінің  табиғи 
жылдамдығы әдетте өндірісті өнеркәсіптік ауқымда қолдау үшін тым төмен. Микробтық ферменттеу 
жолымен  лигноцеллюлозаның  биоконверсиясы  әдетте  целлюлозаның  ферменттік  гидролизін 
жеңілдетуге  арналған  қышқылды  термохимиялық  алдын  ала  өңдеу  сатысынан  бұрын  болады. 
Лигноцеллюлоза шикізатын алдын ала өңдеу кезінде түзілетін заттар ферменттік гидролизді, сондай-
ақ  микробтарды  ферменттеу  сатыларын  тежейді. Ескі  технологиялар  бойынша  өндірілетін  биоотын 
көлемінің өнеркәсіптік және ұзақ мерзімді пайдалану үшін аз және жеткіліксіз болуына байланысты. 
Бұл өндіріс шығындарының өсуіне әкеледі және биоотын өндірудегі негізгі мәселе болып табылады. 
Жаңа  әдістемелер  мен  әзірлемелер  болашақ  биоотынды  жақсарту  үшін  қажет.  Метаболизмдік 
инженерия  микробтардың  көмегімен,  не  жоғары  отын  синтезін  ынталандыру  үшін  табиғи 
микроағзаның  ішінде  метоболизмдік  жолдарды  жасау  арқылы  немесе  оңтайландыру  үшін  модельді 
ағзаға  отын  өндіру  жолдарын  беру  арқылы  отын  өндірісін  жақсарту  үшін  қуатты  құрал  болып 
табылады.  
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет