86
және/немесе ферменттік гидролизге сезімтал болады, себебі целлюлозды микрофибриллалар әсерге
ұшырайды және/немесе гидролиздеу агенттері үшін қол жетімді болады. Алдын ала өңдеу барысында
целлюлозаның аз мөлшері және гемицеллюлозаның көп бөлігі қант мономерлеріне дейін
гидролизденеді, негізінен D-ксилоз және D-арабинозға. Алдын ала өңделген биомассаны одан кейін
сұйықтықтарды (гемицеллюлоза гидролизаты) және қатты заттарды (лигнин + целлюлоза) бөлу үшін
сүзгілейді. Сұйықтық этанол өндіру үшін ксилозды (пентозды) ферменттеу бағанасына жіберіледі.
Қатты заттар гидролизге ұшырайды (гидролиздің екінші сатысы деп аталады). Бұл үдеріс негізінен
целлюлозды қолдану арқылы ферменттік әдістермен жүзеге асырылады. Күкірт және тұз
қышқылдарын пайдалану арқылы жұмсақ қышқыл гидролизі – баламалы үдеріс болып табылады. D-
глюкоза, D-галактоза және D-манноза сияқты гидролизденген қант Saccharomyces cerevisae түрлі
штаммдарын пайдалану арқылы этанолға дейін оңай жойылуы мүмкін. Гемицеллюлоза гидролизден
кейін пентоздар (D-ксилоза және D-арабиноза) saccharomyces штаммдарымен оңай
пайдаланылмайды, сондықтан оларды ферменттеу үшін Pichia stipitis, Zymomonas mobilis
генетикалық түрлендірілген штаммдарын пайдаланады. Candida shehatae пентоздарды, сонымен бірге
гексоздарды этанолға және жоғары шығуларды ала отырып, қосылған құнмен бірге ферменттеуге
қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: