192
лық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеу-
меттік мәртебесіне сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық
тұрғысынан дертке шалдыққан немесе жүйке жүйкелері тозуы салдарынан ашушаң, ызақор
болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп,
әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді, яғни балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды
қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі
туындайды.
Олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.
Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік
бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеумет-
тік құндылықтарының қалыптасуы бойынша төмендегідей тұжырым жасап, әлеуметтік
педагогтар – тәрбиеші – педагог – қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс. Демек, жетім
балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар
алып жүру әлеуметтік педагогтардың, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің
жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке
қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағыт-
талған педагогикалық алғы шарттардың жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі,
оларды әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байла-
ныстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасын, білім беру жүйесін әлеуметтендіру әсері
барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам меке-
медегі баланы шеттетіп, оны өзінен және өзге де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан
алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу
қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.
Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар
міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталайтын болса, болашақта олардың саны екі есе көп
болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер
сыйлаймыз.
Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта
ғана мүмкіндік бере алады. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасау қажет. Бұл
— өте өзекті мәселе. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымыз да
отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар, өздерінің отбасы махаббатын сезіне
алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махаббатын сезіндіру біздер үшін парыз деп
есептейміз.
1
«Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2014 жылғы 17 қаңтар. // Егемен Қазақстан. 2014
18.01. № 11 (28235).
2
Технология социальной работы / Под ред. И.Г. Зайнышева. – М., 2002; Технологии социальной работы / Под
ред. Е.И.Холостовой. – М., 2001; Социальная работа: Учебное пособие для вузов (под ред. Курбатова В.И.) Изд.
3-е, перераб., доп. — Высшее образование. 2003.
Достарыңызбен бөлісу: