Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А.Қанатқызы  —  Қазтұтынуодағы  Қарағанды  экономикалық  университетінің  3-курс



Pdf көрінісі
бет95/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   216
А.Қанатқызы  —  Қазтұтынуодағы  Қарағанды  экономикалық  университетінің  3-курс 
студенті;   
       Ғылыми  жетекшісі  —  Қазтұтынуодағы  Қарағанды  экономикалық  университетінің 
қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы Н.А. Минжанов 
ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН  ӘЛЕУМЕТТІК–ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС 
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, 
яғни  олардың  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  жағдайы  көпшілікті  толғандыруда.  Бұл 
мәселе  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан-2050»  даму  стартегиясына  сай  «жетім  балалар 
үйіндегі  тәрбиелініп  жатқан  әрбір  ұрпақтың  жеке  адам  ретінде  қалыптасуының  шешуші 
факторы — ұлттық тәрбие» деп көрсетілген
1
.  


191 
Жетім  балалар  тәрбиесіне  ұлттық  тәрбие  тұрғысынан  да  көңіл  бөліп,  оларды  тұлғалық 
қалыптастыру мәселесі — бүгінгі күн талабы. Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлға-
сының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар.  
Тәрбиені  бала  тұлғасының  әлеуметтенуінің  психологиялық-педагогикалық  құрамдас  бөлігі 
ретінде  санау  тұжырымдамасы  (О.С.Гребенюк,  А.В.Мудрик,  М.И.Рожков),  әлеуметтік  ортаны 
баланың тұлғалық қалыптасуындағы өте маңызды детерминант ретінде қабылдауға бағытталған 
педагогикадағы әлеуметтік-рөлдік тұжырымдама (Н.М.Таланчук, В.П.Созонов), жетім балалар-
ды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастырудың бас-
ты  психологиялық  жағдайларының  әдістемелік  негіздерінде  әзірленген  әлеуметтік-психология-
лық  қолдау  мен  жәрдем  теориясы  (Л.И.Аксенова,  А.В.Мудрик,  Х.Т.Шерьязданова,  Ю.Н.Гала-
гузова,  Б.А.Расчетина,  А.А.Тынышбаева),  интегративті  тұлғалық  құрылым  ретінде  көрінетін 
әлеуметтік-психологиялық  жұмысқа  ұстаздардың  кәсіби  жеке  дайындығы  тұжырымдамасы 
(Г.Ж.Меңлібекова)  мазмұндап  отыр.  Жұмыс  аясында  зерттеу  мәселелері  бойынша  психоло-
гиялық әдебиеттерді талдау, тұлғалық бағыттаушы сипатты технологиялық үлгіні қолдана оты-
рып, балалар үйіндегі әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастыру жүйесінің тәжірибесін 
оқып-үйрену,  балалар  үйінде  тәрбиеленушілердің  әлеуметтенуін  әлеуметтік-психологиялық 
қолдау бағдарламаларын жобалау, әлеуметтік- психологиялық диагностика (сауалнама, бақылау, 
тестілеу, әңгімелесу), психологиялық тәжірибелік эксперимент әдістері қолданылды
2
. 
Оның  іс-әрекеті  толығымен  тәртіпке  салынып  қадағаланылады,  бұл  бала  дамуында  артта 
қалушылықты,  масылдықты,  еркін  ұйымдастырудың  төменгі  деңгейін  туындатады.  Сонымен 
қатар,  әлеуметтендіруге  байланысты  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  әлеуметтендіру 
деңгейлері  мен  факторлары  және  «әлеуметтендіру»,  «бейімдеу»  ұғымдары  бөліп  қарастыры-
лады.  Жетім  балаларды  әлеуметтендіру  мәселесін  шетелдік,  отандық  ғалымдардың  зерттеуле-
ріне,  тәжірибелерге  сүйене  отырып,  теориялық,  практикалық  тұрғыда  сипаттау  қазіргі  педаго-
гика  іліміндегі  мұндай  өзекті  мәселені  шешуге  себеп  болады.  Көптеген  теориялық  деректерді 
талдау барысында қазіргі жағдайда біздің тарапымыздан жетім балаларға көмек көрсету жүйе-
сінде  жетім  балалар  тәрбиеленетін  мекемелер  қызметінің  бірнеше  жұмыс  бағыттары  айқын-
далды.  
Ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала жетім болып та-
былады.  Ата-ана  құқықтарының  шектелуiне  немесе  олардан  айырылуына,  ата-анасы  хабар-
ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi 
шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өте-
уiне,  ата-анасының  баласын  тәрбиелеуден  немесе  оның  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғаудан 
жалтаруына, оның iшiнде, ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алу-
дан бас тартуына байланысты, сондай-ақ, ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда 
жалғызбасты  ата-анасының  немесе  екеуiнiң  де  қамқорлығынсыз  қалған  бала  да  жетім  болып 
есептеледі.  
Жетімдік баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді.  Ата-анадан айырылған және ин-
тернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-
бағыттауы  бұзылады,  көңіл  күйі  жабырқау  болады.  Балалардың  басым  көпшілігінің  өмірге 
құштарлығы жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоцио-
налдық-танымдық  талпынысы  төмендейді  де,  интеллектуалдық  дамуы  тежеледі.  Жетім  атауы-
ның  өзі  соғыс,  қиын-қыстау,  ашаршылық  заманда  ата-аналары  қайтыс  болып,  бала  қараусыз 
қалып  отырған  кезеңдерде  пайда  болған  болатын.  Оның  өзінде  Тәуке  ханның  «Жеті  Жарғы», 
Есім ханның «Ескі жолы» сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға 
беру әрекеттері қарастырылған.  
Х-XX  ғасыр  аралығындағы  «жетім»  ұғымының  анықтамасы  —  «толық  жанұялық  тәрбие 
көрмеген».  Оларға  тән  қасиеттер:  агрессия,  алаңдаушылық,  мінездегі  жат  қылықтар.  Кейінгі 
жылдары  әлеуметтік-экономикалық  себептерге  байланысты  және  әртүрлі  себептер  тұрғысынан 
әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім 
беру,  тәрбиелеу  үдерісі,  сонымен  қатар,  психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан  қамтамасыз 
ету  мәселелері  тек  арнайы  педагогикада  ғана  емес  жалпы  педагогика,  психология,  әлеуметтік 
педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл 
жағдайда  аталмыш  балалар  тобы  психологтар  мен  педагогтардың,  дәрігерлердің  зерттеу  ныса-
нына айналуда. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушы-


192 
лық-тәрбиелеушілік.  Мұндағы  тәрбиеленушілердің  қоғамдық  ортаға  бейімделуі  баланың  әлеу-
меттік  мәртебесіне  сай  емес,  медициналық  тұрғыдан  бұл  типтегі  балалар  тұқым  қуалаушылық 
тұрғысынан  дертке  шалдыққан  немесе  жүйке  жүйкелері  тозуы  салдарынан  ашушаң,  ызақор 
болып  келеді.  Мұның  барлығы  айналып  келгенде  олардың  әлеуметтенуіне  кедергі  келтіріп, 
әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді, яғни балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды 
қоғамдық  өмірге  даярлауда  өздерімен  қатар  бірге  алып  жүретін  адамдардың  қажеттігі 
туындайды. 
 Олар  ең  алдымен  әлеуметтік  педагогтар,  содан  кейін  психологтар,  жалпы  педагогтар. 
Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік 
бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеумет-
тік  құндылықтарының  қалыптасуы  бойынша  төмендегідей  тұжырым  жасап,  әлеуметтік 
педагогтар  –  тәрбиеші  –  педагог  –  қоғам  жүйесі  арқылы  іске  асырылуы  тиіс.  Демек,  жетім 
балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар 
алып жүру әлеуметтік педагогтардың, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің 
жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке 
қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағыт-
талған  педагогикалық  алғы  шарттардың  жасалуы  және  теориялық  тұрғыдан  жүйеге  келтірілуі, 
оларды  әдістемелік  тұрғыдан  нақты  қарастыру,  кезек  күттірмейтін  мәселе  деп  айтуға  болады. 
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байла-
ныстардың  тұйық  жүйесінде  өмір  сүреді.  Отбасын,  білім  беру  жүйесін  әлеуметтендіру  әсері 
барынша  кемиді,  достарымен,  құрдастарымен  қарым-қатынас  шеңбері  тарылады.  Қоғам  меке-
медегі  баланы  шеттетіп,  оны  өзінен  және  өзге  де  мәдени  құндылықтар  мен  заңдылықтардан 
алшақтатады.  Балаға  қоғамнан  алшақтату  жағдайында  әлеуметтік  мәдени  тәжірибені  жеткізу 
қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады. 
Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар 
міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталайтын болса, болашақта олардың саны екі есе көп 
болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер 
сыйлаймыз.   
Баланың  өзін  қоршаған  объективті  нақтылықта өзін-өзі  танытуы үшін тек  отбасылық орта 
ғана мүмкіндік бере алады. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасау қажет. Бұл 
—  өте  өзекті  мәселе.  Басқа  балалар  қалай  отбасында  тұрса,  жетім,  тастанды  балаларымыз  да 
отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар, өздерінің отбасы махаббатын сезіне 
алмаған  жетім  балаларымызға  сол  ыстық  отбасы  махаббатын  сезіндіру  біздер  үшін  парыз  деп 
есептейміз.
                                                 
1
   «Қазақстан  жолы  —  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ».  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  Астана  қ.,  2014  жылғы  17  қаңтар.  //  Егемен  Қазақстан.  2014 
18.01. № 11 (28235). 
2
   Технология  социальной  работы  /  Под  ред.  И.Г.  Зайнышева.  –  М.,  2002;  Технологии  социальной  работы  /  Под 
ред. Е.И.Холостовой. – М., 2001; Социальная работа: Учебное пособие для вузов (под ред. Курбатова В.И.) Изд. 
3-е, перераб., доп. — Высшее образование. 2003. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет