жүйе екенін айтып өттік. Организмнің біртұтастығы оның тор-
ондағы барлық процестердің өзара теңгерілуіне байланысты. Бір
24
органның функциясының өзгеруі əркез басқа органдарға əсерін
тигізеді, олардың қызметін өзгертеді. Организм функциялары
мен əрекеттері гуморальды (сұйық арқалы) немесе жүйкемен
реттелінеді.
Əрекетті реттеудің гуморальды немесе химиялық механизмі,
филогенез тұрғысында ертерек қалыптасқан. Оның негізінде
əртүрлі торшалар мен мүшелерде түзілетін биологиялық белсенді
заттардың (мысалы, медиаторлардың, гормондардың) бүкіл мү-
шелер жүйесі мен организмнің функциясына ықпал жасай ала-
тын мүмкіндігі жатады. Химиялық заттар организм торшаларына
кең ауқымды əсер етеді жəне функцияларды баяу өзгертеді.
Эволюциялық даму кезінде реттеудің гуморальды механизмі
негізінде жаңа - жүйкемен реттеу тетігі қалыптасады. Жүйке
жүйесі əртүрлі торшалар, ұлпалар мен мүшелердің кызметін бі-
ріктіріп, үйлестіріп, реттеп, организм функциясын сыртқы ор-
таның жағдайына бейімдейді. Бұл тетік гуморальды механизм-
мен салыстырғанда, əлдеқайда жақсы жетілген, жіті атқарылады,
сондықтан жүйке жүйесінің əсерімен органдардың қызметі
тезірек өзгеріп, бейімделу процесі жылдамырақ жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: