27
1-кесте. Мал организміндегі қанның жалпы мөлшері
Жануарлар
Дене салмағына
шаққандағы пайыздық
мөлшері
Ауытқу шегі
Жылқы
Сиыр
Ешкі
Қой
Шошқа
Бұғы
Қоян
Тауық
8,7
5,2
10,0
7,0
7,0
15,0
5,4
6,3
8,9-9,2
3,9-7,4
7,6-12,5
-
6,0-8,0
-
-
-
Организмдегі канның мөлшерін төрт түрлі əдіспен анықтай-
ды. 1) Қан тамырына организмге зиянсыз, капиллярлардан (қыл-
тамырлардан) баяу өтетін коллоидты бояуларды (мысалы, кон-
горот) жіберу арқылы анықтау. Бояу қан тамырларына таралып
үлгергеннен кейін (бірнеше минут аралығында) тамырдан қан
алып, ондағы бояудың концентрациясын өлшейді де, қанның жал-
пы мөлшерін есептеп шығарады. Ол үшін алдын ала гемато крит-
ті (плазма мен қан түйіршіктершінің көлемдік арақатынасын)
анықтап алады. Жұмысты мына төмендегі тəртіппен жүргізеді.
Артерия не вена тамырынан қан алып, оған қанды ұйытпайтын
заттар (антикоагулянт) қосады. Содан соң қанды арнаулы цен-
трифуга пробиркасына құяды да, оны центрифугада 1500 ай-
налымдық жылдамдықпен 30 минут айналдырады. Осының əсе-
рінен қан түйіршіктері пробирканың түбіне тұнады да, жоғары
жағында плазма бөлінеді. Пробирка қабырғасындағы шкала плаз-
ма мен қан түйіршіктерінің көлемдік арақатынасын көрсетеді
(1-сурет). Гематокриттің нақты көрсеткішін анықталған санды
0,96-ға көбейту арқылы табады, себебі эритроцигтер тұнбасында
4 пайыз плазма қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |