Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Мес қарында газдардың түзілуі



Pdf көрінісі
бет172/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   542
218

Мес қарында газдардың түзілуі. Мес қарындағы ашу процесі 

кезінде газдар да бөлініп, олардың көп мөлшері өңеш арқылы 

кекіру кезінде шығарылады. Азықтанғаннан кейінгі алғашқы 4-6 

сағат ішінде газ бөлу өте қарқынды жүреді. Ірі қара сағатына 25-

30 литрге дейін газ бөледі.

Мес қарын газының құрамы өте күрделі, оның 60-70 пайы-

зы көмір қышқыл газынан, 25-30 пайызы метаннан, ал 5 пайызға 

жуығы азоттан, оттегінен, сутегіден тұрады. Жеңіл қорытылатын 

көмірсулармен азықтандырғанда оттегінің мөлшері 5-7 пайызға 

дейін көтеріледі. 

Көмір қышқыл газы карбоксилсіздеу кезінде сілекей бикар-

бонаттарынан, несепнəрден, түрлі қышқылдардан бөлінеді. Ме-

тан (шалшық газы) көмір қышқыл газы мен сутегінен түзіледі. 

Сутегі газы ферменттік процестер кезінде мол бөлінеді. Оның 

негізгі көзінің бірі - құмырсқа қышқылы. Метан арнаулы метан 

түзгіш бактериялар əрекетінен түзіледі. Көмір қышқыл газы мен 

метанның біраз бөлігі өкпе арқылы шығарылады. Метан түзу сал-

дарынан организм энергия шығындайды (рацион энергиясының 

8 пайызы шамасында). Көмір қышқыл газының аз мөлшері мес 

қарын мен ұлпаларда биосинтез процесінде пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет