Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет174/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   542
Алдыңғы қарынның қимылы. Мес қарынның күрделі қи-

мыл дары - организмдегі гомеостазды сақтауға, ас қорыту процес-

терінің дұрыс жүруіне қажетті шарттардың бірі. Қарынның 

қимылдау қызметі аз ғана уақытқа бұзылса, ас қорыту процесі 

нашарлап, малдың өліп те қалуы мүмкін.

Алдыңғы қарын бөлімдері белгілі ретпен ырғақты түрде 

жиы рылып отырады. Қарын бөлімдерінің белгілі кезекпен қай-

таланып отыратын жиырылуын жұмыршақ - қатпаршақ - мес 



қарын қимылының айналымы дейді. Бұл айналым жұмыршақ 

пен өңеш науасының жиырылуымен басталады. Жұмыршақтың 

жиырылуы екі кезеңде өтеді: бірінші кезеңде оның көлемі ша-

мамен 1/3-ге кішірейеді де, ағза босаңсып алып, қайтадан 

пəрменді жиырылады (көлемі бастапқы мөлшерінің 3/4 шама-

сында кішірейеді). Жұмыршақ толық жиырылған кезде жынның 

майдаланған біртекті сұйық бөлегі қатпаршаққа өтеді де, жақсы 

майдаланбаған ірі түйіршіктері мес қарын кіреберісі мен оның 

дорсальдық қапшығына кері айдалады.

Жұмыршақтың жиырылуының екінші кезеңімен бір мезгілде 

мес қарын бөліктері: қарын кіреберісі, дорсальдық қапшық, вен-



222

тральдық қапшық, артқы 

үстіңгі құрыш, артқы ас-

тың ғы 


құ рыш ретімен 

жиы рыла  бастайды  (93-су-



рет). Дорсальдық қап шық 

жиырылған кезінде жын 

кіреберістен жұмыршаққа 

өтеді.


Мес қарында екі түрлі 

қимыл байқалады: дара 

жəне  жұп тал ған.  Бірінші 

жағдайда, дорсальдық жə-

не вентральдық қапшық-

тар  дың  тіркестелген  же ке 

жиырылулары байқала-

ды, ал екінші жағ 

дайда, 


олар   дың 

тіркес 


жи-

рылуы екі мəрте қайталанады (дор 

саль 

 

дық - вентральдық, 



дор  саль дық-вентральдық  қапшықтар).  Дор саль дық  қап шық 

жиы   рыл ғанда  жын  вентральдық  қапшық қа,  ал  вентраль-

дық қапшық жиырылғанда қайтадан дорсальдық қап-

шық 


 

қа жəне кіреберіс пен жұмыршаққа айдалып, жақсы 

ара ла сады. 

 Қарынның жиырылу айналымы қарын құрыштарының ретті 

жиырылуымен аяқталады: алдымен үстіңгі құрыш, соңынан - 

астыңғы құрыш жиырылады. Əрбір жиырылу айналымы 1 ми-

нут 

қа жуық, үзіліс 20-25 секундқа созылады. Жалпы алғанда, 



5 минутта дорсальдық жəне вентральдық қапшықтар 7-12 рет, 

жұмыршақ 5-6 рет жиырылады.

Дорсальдық қапшық жиырыла бастағанда, қатпаршақ көпірі 

де жиырылып, оған шығатын жол жабылады. Ал екі қапшық та 

босаңсыған кезде, қатпаршақ тұлғасы қуатты жиырылады да, үл-

кен күшпен жынның сұйық бөлігін ұлтабар жолына қарай айдап, 

қатпаршақта сору процесі күшейеді. Жұмыршақ жиырыла бас-

тағанда, қатпаршақ жолы ашылып, оның тұлғасы босаңсиды. 

Осыдан кейін қарын жиырылуының жаңа айналымы басталады. 

Дорсальдық қапшықтың жұпталған жиырылуы кезінде жұ-

мыр шақ босаңсып, кардиалық тесік маңында сұйық жын қал-

майды да, жиналған газдың біраз мөлшері (сиырда 0,5–1,5 л) өңеш-

тің төменгі бөлігіне ығысады. Одан əрі газды мал өңеш еттері нің 

кері толқынды жиырылуы арқылы кекіріп, ауызға шығарады. 

Кей жағдайларда (кардиаға газдардың шығуы қиындаса) кекіру 

қа рын құрыштары жиырылуының арқасында да жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет