Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет271/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   542
127-сурет. Гипоталаму-гипофиз жү-

йе сінің  сызбасы: 

1 - аденогипофиз

2 - нейрогипофиз, 3 - аралық гипофиз, 

4 - супраоптикалық ядро, 5 - пара вен три-

ку лярлық ядро, 6 - туберальдық ядролар, 

7 - маммилярлық ядролар, 8 - гипофиз ар-

териялары, 9 - капиллярлар тобы, 10 - қақ-

палық веналар, 11 - аде ногипофизде қайта 

түзілген капиллярлар торы, 12 - əкетуші 

веналар, 13 - көру нервінің қиылысы.

 

ке талшықтары бойымен, ал алдыңғы бөлігіне - гипофиздің қақ-



палық жүйесі деп аталатын арнаулы қан тамырлары арқылы та-

сымалданады.

Гипоталамустың супраоптикалық жəне паравентрикулярлық 

ядроларының ірі торшаларында вазопрессин (антидиурездік 

гормон) жəне окситоцин түзіледі. Олар гипоталамус-гипофиз-

дік жолды құрайтын, капиллярлармен тығыз жанасатын нейро-

се 

крециялық торшалар аксоны бойымен ірі полипептид - 



нейро физиннің құрамында түйіршіктер түрінде нейрогипофиз 

ка 


пил 

лярларына тасымалданады. Нейросекрециялық торша-

лар қозған кезде осы түйіршіктер бұзылып, гормондар боса-

нып шығады. Бұл процесс медиаторлардың бөлінуі сияқты ат-

қарылады. 

Гипоталамустың ұсақ торшалардан құралған аймағында ре-



лизинг гормондар (релизинг - ағылшын тілінде босату, шығару 

деген мағына береді) деп аталатын нейрогормондар түзіледі. 

Олар гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының түзілуін 

не күшейтіп, не əлсіретіп, отырады. Гормондардың түзілуін 

күшейтетін нейросекреттерді либериндер, ал əлсірететінде-

рін - статиндер деп атайды. Табиғаты жағынан олар 3–15 амин 

қышқылдық қалдықтардан тұратын қысқа пептидтерге жатады.

Қазіргі кезде жеті либерин жəне үш статин белгілі болып 

отыр. Гипоталамустың релизинг-гормондары жүйке жүйесі ар-

қылы келген тітіркеністерге немесе қан құрамындағы əртүрлі 

химиялық заттар (гормондар) əсерлеріне жауап ретінде бөлінеді 

де, гипоталамус-гипофиздік қақпалық жүйе арқылы аденогипо-

физге өтеді. Релизинг-гормондардың əсерімен аденогипофизде 

тропты гормондардың түзіліп, бөлінуі не күшейіп, не тежеліп 

отырады. Мысалы, тиролиберин тиреотропин гормонының 



350

(ТТГ), кортиколиберин – адренокортикотропиннің (АКТГ), фол-



либерин - фоликуланы жандандырғыш гормонның (ФЖГ), лю-

либерин - лютеиндеуші (сары дененің түзілуін шапшаңдататын 

гормонның-ЛГ),  соматолиберин - соматотропиннің (СТГ), про-



лактолиберин - пролактиннің (ПРЛ), меланолиберин - меланоцитті 

жандандырғыш гормонның (МЖГ) бөлінуін күшейтеді. Ал, со-



матостатин - соматотропин мен тиреотропиннің, меланоста-

тин - меланоцит жандандырғыш, пролактостатин - пролактин 

гормондарының бөлінуін тежейді. Соматостатин басқа ағзалар 

торшаларында, мəселен, ұйқы безінде де түзіледі.

Гипоталамус пен гипофизде морфин тəрізді əсері бар пептид-

тер - энкефалиндер мен эндорфиндер де түзіледі. Олар мидағы 

арнаулы рецепторларға əсер етіп, ауырсыну түйсігін əлсіретеді. 

Бұл заттар организмде жиналмайды, зиянды əсер көрсетпейді. 

Атал ған пептидтер жануарлардың мінезіне ықпал етіп, вегета-

тив тік функцияларды үйлестіруде де маңызды рөл атқарады де-

ген болжамдар бар.



Энкефалиндер ауырсынту тітіркенісін өткізетін нейрондардың 

белсенділігін төмендетіп, оны қабылдайтын жұлын нейрондарын 

тежейді. Олар негізгі эндогендік опиатты пептидтер.

Эндорфиндер морфин əрекетті ірі пептидтер. Олар аль-

фа, бета жəне гамма - эндорфиндер болып бөлінеді. Бета-



эндорфиннің əсері морфинмен салыстырганда 25–100 есе күшті, 

альфа-эндорфиннің əсері қысқа əрі əлсіз келеді, ал гамма-

эндорфиннің мұндай қасиеті болмайды. Бетта-эндорфиннің ау-

ырсынуды жоятын қасиеті оның молекулаларының протеолиздік 

ферменттер əрекетінен жақсы қорғалуымен байланысты. Оны 

ми қарыншасына ексе тыныс ауырлап, малдың қимыл-əрекеті 

əлсірейді, мінезі өзгеріп, температурасы төмендейді.

Эндорфиндер өз əсерін опиаттық рецепторлар (ми тор-

шалары мембранасының наркоздық заттарға өте сезімтал ар-

наулы құрылымдары) арқылы тигізеді. Бұл рецепторлар мидың 

мінезді, эмоцияны, есті басқаратын бөлігі - лимбикалық жүйеде 

көптеп кездеседі. Адам мен жануарлар организмінде опиаттық 

рецепторлардың бірнеше түрі кездеседі. Олар мю-, каппа-, сигма-, 

дельта-рецепторлар болып бөлінеді. Рецепторлардың əрбір типі 

əртүрлі пептидтер əсерін қабылдайды. Мысалы, мю-рецепторлар 

ауырсыну түйсігін жойып, қозуды түйсіну, қайраттану, рақаттану 

сезімдерін таратады. Дельта-рецепторлар эмоцияларды, тыны-

сты реттеуге қатысады. Каппа-рецепторлар қозса, мал тыныш-

талады, ал сигма-рецепторлар əртүрлі елестерді, агрессиялық 

мінездерді тудырады.



351

Опиаттық əсері бар пептидтер азық құрамынан да бөлінген. 

Оларды  экзорфиндер деп атайды. Осындай зат бидайдың глю-

теиндік фракциясынан, сүт белогының бета-казеин фракциясы-

нан бөлінген.

Релизинг-гормондар аденогипофиз торшаларына олардың 

мем бранасының қызметін өзгерту арқылы əсер етеді. Либерин-

дер əсерінен торша мембранасы үйексізденеді (мембраналық по-

тенциалын жоғалтады). Осының салдарынан торша ішіне каль-

ций иондарының өтуі күшейеді де, аденогипофиз торшаларынан 

тиісті гормонның бөлінуі үдейді. Арнаулы тəжірибелер малға 

гипоталамустың ортаңғы бөлігінің сығындысын еккенде 30 се-

кундтан соң торшалар мембранасында үйексіздену басталып, ол 

ұзақ уақытқа (1-2 мин) созылатынын көрсеткен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет