Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Төлдеу жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет317/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   542
12.12. Төлдеу жəне оның реттелуі

Төлдеу немесе туу, деп іштөл мен оның жолдасының аналық 

жыныс ағзаларынан қуылып шығуын қамтамасыз ететін күрделі 

физиологиялық процесті айтады. Қалыпты туу процесі іштөл 

толық жетіліп, сыртқы орта жағдайларында тіршілік етуге дайын 

болған кезде басталады.

Туу процесі кенеттен бастала салмайды, организм оған ал-

дын ала дайындалады. Туар алдында жатыр мойнын қоршап 

тұр 


ған ұлпалар, қынап, жыныстық ернеулер ісіне бастайды, 

мал желіндейді, желінде уыз түзіледі - мал уызданады. Жыныс 

жол дарының байлам аппараттары босаңсып, құйымшақ түбінде 

ойыс тар пайда болады. Байлам аппараттардың босаңсуы буаздық 

соңында сары денеден бөлінетін релаксин гормонының əсерімен 

жүреді.


Сары дене мен жолдастан бөлінген прогестерон гормо-

ны буаздық кезінде жатыр еттерінің қозғыштығын төмендетіп, 

төлдің өсуімен байланысты оның керіліп, үлкейіп отыруына 

мүмкіндік тудырады. Буаздық соңында бұл гормонның бөлінуі 

тоқтайды. Жолдастың эндокриндік қызметі толастап, аналық 

бездің қызметі жанданады да, ол бөлген эстрогендердің əсерімен 

жатыр еттерінің ацетилхолинге, окситоцинге сезімталдығы арта-

ды. Прогестеронның тежеуші ықпалының жойылуы жəне ацетил-

холин мен окситоциннің қоздырғыш əсерінің күшеюі салдарынан 

жатыр туу процесіне дайындала бастайды. Организмде гормондар 

балансының өзгеруі салдарынан туу процесін қамтамасыз ететін 

жатыр қимылдары туындап, толғақ басталады. Өсіп-жетілген төл 

қимылдарының жатыр интерорецепторларына қоздырушы əсері 

бұл процесті күшейте түседі. 

Туу процесін: жыныс жолының ашылуы, төлді шығару, шудың 

бөлінуі деп үш кезеңге бөледі.



Бірінші кезеңде бірнеше сағат бойына мал толғатады да, жа-

тыр мойыны ашылып, жатыр ішіндегі қысымның жоғарылауына 

байланысты одан шыққан қағанақ жыныс жолдарын кеңейтеді. 

Қағанақ жарылған кезде одан бөлінген сұйық жыныс жолда-

рын шайып, оны тегістейді, оған жылпылдақтық қасиет береді. 

Бұл кезде жолдас пен жатыр байланысы үзілмейді де, төл кіндік 

арқылы оттегімен жəне қоректік заттармен қамтамасыз етіледі.

27–888



418

Туудың екінші - төлді қуу кезеңі, əлдеқайда қысқа келеді. 

Сиырда ол 20 минуттан 1-2 сағатқа, биеде 5-20 минутқа, қой-

ешкіде 2 сағатқа, шошқада 4-5 сағатқа созылады. Жатыр мой-

нынан өткен төл жатыр мен құрсақ еттерінің үйлесімді жиыры-

луы нəтижесінде қынап арқылы аналық жыныс жолынан сыртқа 

шығады да, кіндікбау үзіліп, жолдас жатырда қалады. Осы кезден 

бастап төлдің аналық организмімен байланысы тиылып, ол дара 

даму сатысына көшеді.

Үшінші - шудың бөліну кезеңі, мал туғаннан соң 10-25 ми-

нуттан кейін басталады. Жатырдың топтасқан жиырылуларының 

салдарынан жатыр қуысынан төл жолдасы, қағанақ пен кіндікбау 

қалдықтары  (шу) бөлінеді. Сиырда шу төлдегеннен соң 8-10 

сағаттан кейін, қой мен ешкіде одан ертерек, биеде 0,5-1 сагаттан 

кейін түседі. Мегежін шуды əр торай туылған соң бөліп отырады.

Мал көбінесе, түнде төлдейді. Айқай-шу, тым күшті жарық 

туу процесін тежейді.

Мал төлдегеннен соң жатырда инволюция (кері даму) процесі 

жүреді де, жатыр еттерінің серпімділік қасиетінің арқасында 

бірнеше сағат ішінде жатырдың мөлшері айтарлықтай кішірейеді. 

Мысалы, бұзаулаған кезде сиыр жатырының массасы орта есеп-

пен 6-9 кг құраса, толық инволюциядан кейін ол бар болғаны 

0,5-1 кг шамасында болады. Дегенмен, жатыр бастапқы қалпына 

төлдегеннен соң бірнеше күннен кейін ғана келеді. Сиыр-

да ол 21-30, қой мен ешкіде 20-25, шошқада 14-21, биеде 8-15 

күнге тең. Инволюция процесін окситоцин гормонының бөлінуі 

шапшаңдатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет