Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Мал өнімталдығын реттеудің жаңа биотехнологиялық



Pdf көрінісі
бет318/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   542
12.13. Мал өнімталдығын реттеудің жаңа биотехнологиялық 

тəсілдері

Эндокринология мен ұрпақтану физиологиясының қазіргі 

кез де қол жеткен жетістіктерін мал өнімталдығын арттыру мақ-

сатында тиімді қолданудың биологиялық жүйесін биотехнология 

деп атайды.

Сыртқы ортаның əртүрлі қолайсыз факторлары, жыныстық 

айналым кезендерінің физиологиялық мəнін дұрыс пайдалан-

бау көп жағдайда малдың қысыр қалуына соқтырып, оның 

өнімталдығын төмендетеді. Малды дер кезінде шағылыстыру, 

оның күтімі мен қоректену жағдайларын жақсарту арқылы 

мұндай жайттарды жойып, тіршілік қабілеті зор төл өсіруге бола-

ды. Мал өнімталдығын арттырудың тиімді тəсілдері физиология

биохимия, эмбриогенетика, биотехнология жетістіктерін пайда-



419

лану негізінде ғана қалыптастырылады. Бұл тұрғыда болашағы 

мол бірнеше бағытты атап өтуге болады.

1. Ұрғашы мал өсімталдығын əртүрлігормондар препаратта-

рын - гонадотропиндерді, прогрестагендерді, простагландиндер 

жəне олардың синтетикалық аналогтарын қолдану негізінде рет-



теу тəсілдерін табу.

Бұл бағытта малды жасанды жолмен күйлету, оның шағылысу 

сəтін реттеу арқылы төлдеу мен ұрықтану кезендерінің арасын 

(сервис-кезең) қысқарту, буаздықты ерте анықтау, төлдеу мерзімін 

реттеу сияқты тəсілдер тиімді пайдаланылу қажет.

Белгілі бір ретпен гормондарды егу арқылы жыныстық қыз-

меттегі ауытқуларды жоюға, жыныс ағзаларының физио логиялық 

күйін бағыттауға, сүттену процесін реттеуге болады. Прогеста-

гендер мен простагландиндерді қолдану арқылы көп малдың 

күйлеу мерзімін үйлестіріп (синхрондап,) оларды бір мезгілде 

ұрықтандыратын мүмкіндік тудыруға болады. Бұл мал өнімін 

өндіру процесін сұранысқа ыңғайлап өзгертіп отыруға мүмкіндік 

береді.


Шағылыстыру жəне ұрықтандыру процестерін қолайлы ке-

зеңдерде ұйымдастыру үшін малдың күйтке келетін мерзімін 

алдын ала болжап отыру қажет. Буаздықты ертерек анықтаудың 

да маңызы зор. Оны қан құрамындағы прогестерон мөлшеріне 

қарап немесе радиоиммунологиялық əдіс арқылы анықтауға бо-

лады. Туу мерзімін реттеу малға дəрігерлік көмекті көрсету ісін 

жоспарлау, дəрігерлік шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін де 

қажет.


2. Малдың, əсіресе қойдың, егіз тууын арттыру арқылы өнім-

талдықты жақсарту. Бұл мақсатта жыныстық айналымның 

фолликулалық сатысында гонадотропиндер (ЛГ+ФЖГ, СЖК) егу 

тəсілі қолданылады. Малдың қоңын жақсарта отырып, бұл препа-

раттарды орынды қолдану арқылы төлді 1,5 есе көп алуға болады. 

Бұл əдісті қазіргі кезде сиырдың етті тұқымдарынан егіз төл алу 

үшін, терісі қымбат аңдардың өнімталдығын арттыру мақсатында 

қолданып жүр. Айта кетер жайт, бұл тəсілді бақылаусыз жəне 

жорықсыз қолдану пайда бермей, керісінше, зиян келтіреді. 

Мұндай жағдайда төл майдаланып, оның тіршілік қабілеті 

төмендейді. Осымен байланысты бұл əдісті асыл тұқымды мал 

өсіретін шаруашылықтарда қолдануға болмайды.

3.  Эмбриондарды аударып қондыру (трансплантация). Бұл 

жағдайда жоғары өнімді бағалы ұрғашы мал ұрықтары құн-

дылығы төмендеу малға арнаулы операция арқылы аударылып 

отырғызылады.



420

Бұл бағыттағы тəжірибелер алғашқы кезде фолликуладан ову-

ляция алдында алынған ұрықтанбаған аналық жыныс торшала-

рын алмастырып отырғызудан басталды. Қазіргі кезде негізінен 

ұрықтанған жұмыртқаларды аударып отырғызады.

Трансплантация екі түрлі: хирургиялық жəне хирургиялық 

емес əдіспен жүргізіледі. Хирургиялық əдісті қолданғанда мал-

дың бүйірін тіліп, ішін жарады да, зиготаны (шарананы) аз ғана 

физологиялық ерітіндімен пипетка немесе арнаулы түтікше кө-

мегімен жұмыртқалық жолға немесе жатыр мүйізіне шайып 

түсіреді. Бластомер сатысындағы ұрықтарды жұмыртқалық 

жол  ға, ал одан кеш даму сатысындағы ұрықты жатыр мүйізіне 

отыр ғызады. Екінші əдісті қолданғанда ұрық арнаулы құрал ар-

қылы еш операциясыз, жыныс жолы арқылы жатырға жібе рі леді. 

Аталған əдіс генетикалық потенциалы жоғары малдан қысқа 

мерзім ішінде көп төл алуға, генетикалық материалдар қорын 

(банкын) құруға, алыс жерлерге мал тасымалдамай, оның ұрығын 

жіберуге мүмкіндік тудырады.

Бұл əдіс Қазақстанда академик Ф. М. Мұхаммедғалиев бас-

шылығымен алғаш рет биология ғылымдарының кандидатта ры 

К. Жаңабеков пен Р. Əбілдинов зерттеулерінде сынақтан өтіп, 

қазіргі кезде профессорлар М. Тойшыбеков, Т. Садыкұлов бас-

шылығымен кеңінен қолданылып келеді. 

Эмбриондарды трансплантациялау əдісінің қолдан ұрық тан-

дырудан айырмасы - ол мал басын генетикалық тұрғыдан аталық 

ізбен емес, аналық ұямен жақсартуға бағытталған. Транспланта-

ция əдісі өте күрделі, бірнеше сатыда жүреді. Ол үшін аналық до-

норларда суперовуляция (мол овуляция) тудырып, оларды қолдан 

немесе табиғи жолмен ұрықтандырады. Содан соң ұрықтанған 

жұмыртқаларды шайып алып, олардың өміршеңдік қабілетін 

жəне эмбрион жынысын анықтағаннан соң, жыныстық айна-

лымы донормен үйлестірілген реципиент жатырына ауыстыры-

лып қондырылады. Бұл əдісті қолданудың физиологиялық негізі 

- ұрықтың біраз мерзім аралығында жатырға жабыспай, еркін 

жүзіп жүруінде. Сондықтан белгілі бір уақыт аралығында (13–

16 күн ішінде) бластоцистаны реципиент жатырына отырғызуға 

болады. Эмбриондарды тоңазыту (криоконсервациялау) арқылы 

бұл əдістің қолдану шеңберін кеңейте түсуге болады.

4. Жыныс торшаларының өзімен, ядроларымен амалдау. Бұл 

жағдайда ооциттер мен грааф көпіршіктерін организмнен тыс, 

жасанды ортада жетілдіреді де, жұмыртқаны ұрықтандырып, эм-

брионды немесе жеке бластомерлерді реципиенттерге қондырады. 



421

Бұл əдіс əзірше зертхана жағдайларында сыналуда. Оны түбегейлі 

іске асыру жыныстық жетілмеген немесе кездейсоқ жағдайда 

өліп кеткен құнды сиырлардан жетілген жұмыртқаларды көп 

мөлшерде алуға мүмкіндік береді.

Жұмыртқаларды  энуклеациялау (ядросыздау) жəне оларға 

тұлға торшалары (хромосомалардың толық жиынтығы бар) ядро-

ларын отырғызу əдісінің де зор болашағы бар. Бұл жағдайда 

жұмыртқалар ұрықтанбай дамып, өсірілетін төлдер сырт белгілері 

мен генетикалық негізі жағынан бірдей болып, генетикалық 



біртекті ұрпақ (клон) өседі.

Аталған əдістерді жетілдіру жəне кеңінен қолдану жануар-

лардың өнімталдық қабілетін толық пайдалануға, көбею про-

цесінің биохимиялық табиғаты мен эндокриндік реттелу құпия-

ларын тереңірек түсініп, тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет